Жер шарындағы сейсмкалық аудандарының картасына сипаттама бере отырып, Қазақстан аймағының сейсмикалық аудандарын анықтау
Автор: Ibragim Ibrashimov • Февраль 22, 2022 • Реферат • 2,175 Слов (9 Страниц) • 399 Просмотры
[pic 1]
[pic 2]Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 3][pic 4]
Факультеті:« География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы:« География,жерге орналастыру»
ЗЕРТХАНАЛЫҚ
ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жер шарындағы сейсмкалық аудандарының картасына сипаттама бере отырып, Қазақстан аймағының сейсмикалық аудандарын анықтау.
Орындаған:Ибрашимов Ибрагим
Тексерген: Дуйсенбаев Салават
АЛМАТЫ
Жер шарындағы сейсмкалық аудандарының картасына сипаттама бере отырып, Қазақстан аймағының сейсмикалық аудандарын анықтау.
[pic 5]1 Жер шарының сейсмикалық картасын талдап, негізгі сейсмикалық қауіпті аудандарын анықтау;
Жер сілкінісі - барлық табиғи апаттардың ішіндегі ең жойқынының бірі. Жерсілкінісін болжау өте қиын, өйткені бұл апаттарға әкелетін оқиғалар жердің тереңінде болады. Тектоникалық плиталардың қозғалысы жер сілкінісінің негізгі себебі болып табылады. Жанартаудың атқылауы жер сілкінісін тудыруы мүмкін, бірақ көбінесе өз кезегінде тектоникалық белсенділіктен болады.Жер шарының кез келген елі жер сілкінісіне бейім емес.
1. Енсіз де , ұзын болып келген Тынық мұхиттын шеткі жағалауын түгел қамтитын белдеуді тынық мұхиттық сейсмикалык белдеу деп атайды . Ол Камчатканың шығыс жағынан басталып , Алеут аралдары арқылы Аляскага созылады . Әрі қарай белдеу Солтүстік Американың батыс жағалауын және Мексиканы бойлай етіп , Орталык Америка жерiне жетедi , сонан кейiн белдеу Тынық мұхиттың шығыс жағынан Оңтүстік Американы барып аяқталады . Белдеудiң екiншi жагы Курил және Жапон аралдарын бойлай бойлай отырып , шығыс және батыс тарауларга белінеді . Батыс тарауы Рю - Кю , Тайвань , Филиппин аралдарын бойлай созылса , шығыс тарауы онтустiктегi Мариан аралдарына қарай сағаланады . Бүкіл жер шарында болатын күштi жер сілкінулердiң төрттен үш бөлiгi немесе барлық жер сілкіністердің 75 % -ы осы белдеуде байкалады . Олардың көпшілігі терең фокусты сілкіністер болып келеді . Халқынын тығыздыгы жағынан өте жоғары мемлекеттердiң бiрi - Жапония осы белдеуде орналасқан , онда орта есеппен жылына 1500 орташа жергiлiктi сiлкiнiстер болып турады. . 2. Еуразия континентiнiн батысындағы Гибралтардан басталып шыгыска қарай Индонезия архипелагына дейін созылган орогендiк белдеу деп аталатын Жерортатеңіздік ( Альпі - Гималай ) сейсмикалык белдеу биік - биік тау жоталар жүйесiмен өтеді . Бұл белдеу атап айтканда , Пиреней түбегiн , Апенин , Альпі , Карпат , Балкан , Қырым , Кавказ , Копетдаг , Иран , Ауғанстан , Гималай , Бирма және т.б. таулы аймақтарды қамтиды . Жалпы жер сілкіністер ошактарынын 21 % -ы осы белдеуде орналасқан . Олардың басым көпшiлiгi тектоникалық жарылымдар бойымен , жер қыртысы блоктарынын жылжу әрекеттерімен тыгыз байланыста болып келеді . 3. Мұхит аралык жоталарды бойлай орналаскан белдеулер . Бiрiншiсi Атлант мұхиты түбiнiң бел ортасында солтүстіктен оңтүстікке карай , ал екiншiсi Тынық мухиттың оңтүстік - батыс бөлiгiнен Үнді мұхитына карай созылып жатыр . Бул белдеулердегi сiлкiнiстер негiзiнен мухитаралык жоталармен байланысты болып келеді . 4. Моңғол - Байкал сейсмикалык белдеуі солтүстігінде Шығыс Саян тауларын , Байкал аумағындағы таулы өлкелердi , оңтүстігінде Моңғол мен Гоби - Алтай тау жоталарын қамтиды .
Сонымен , жер сілкіністердің жер бетiнде бiркелкі болмайтындығы кездейсоқ оқиға емес . Себебі олар жер қыртысының жеке аудандарының геологиялық даму тарихының өзіндік ерекшеліктерімен тығыз байланысты . Жалпылай айтқанда , жер сілкіну әрекеттері қозғалмалы белдеулерде жиі байқалады . Мұндай аймақтардың қатарына ең жас қатпарлы тау жоталарын , орта - мухиттык жоталар мен рифттік белдеулерді , құрлықтар мен мұхиттардың шекарасын қамтитын тектоникалық жарылымдарды жатқызуға болады . Егер жанартау мен жер сілкіну карталарын салыстыратын болсақ , жер сілкіну белдеулері жанартаудың таралуымен , әсіресе сөнбеген жанартау белдеулермен сәйкес келеді . Мұның барлығы тек жай географиялық сәйкестік кана емес . Бұл жердiң iшкi күштер әрекеттерінің , яғни жер сілкінудің , жанартау атқылауының , неотектоникалық әрекеттердің пайда болу себептерінің ортақтығын немесе сәйкестігін және жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан геодинамикалык әрекеттердiн бiр - бiрiмен тығыз байланыстылығын көрсетеді . Сондықтан жер сілкіну мен жанартау жиі тараған белдеулер , әдетте қарқынды неотектоникалық қозғалыстар аймақтарын да ұшырасады .
...