Жер сілкіну құбылысына сипаттама бере отырып, жер қыртысы қозғалысын анықтау
Автор: Жансая Атчыбай • Сентябрь 23, 2022 • Реферат • 2,989 Слов (12 Страниц) • 288 Просмотры
[pic 1] Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 2][pic 3]
Факультеті:« География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы:« География,жерге орналастыру және кадастр»
СӨЖ
Тақырыбы: Жер сілкіну құбылысына сипаттама бере отырып, жер қыртысы қозғалысын анықтау.
Орындаған: Ибрашимов Ибрагим
Тексерген: Дуйсенбаев Салават
Алматы-2021
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Жер сілкінсіне жалпы түсінік
Жер сілкінудың таралуы және оның себептері
Жер сілкінудың күші
Негізгі
Жер сілкіністер ошақтарының географиялық таралуы
Жер шарында болған қауыпты жер сілкіністер
Қазақстанда ең көп таралған сейсмикалық аймақтар
Қорытынды
1) Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады. Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, ажыраулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады. Жер сілкінісінің басты себептері ретінде жер қыртысы платформаларының қозғалысы мен қимылдауын айтуға болады. Мұндай қозғалыстар орын алған аймақ жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Ал жер сілкінісі ошағының жер бетіндегі нүктесі эпицентрі болып саналады. 1-сурет
[pic 4]
1-сурет жер сілкінісінің көзі мен эпицентрі Интернет ресурсы
1)Жер сілкінудың түрлері.
1. Тектоникалық - таулардың пайда болуына байланысты . Бұл өте ұзақ және катты болатын жер сілкініс . Көбінесе жас таулы аймақтарда көп кездеседі . Тектоникалык сiлкiнiсте тау жыныстарының қаттылығы серпiндi күштердің әсеріне төтеп бере алмайдыдағы , соның салдарынан жер бетінде сiлкiнiс пайда болады , кейде Ол вулкандык немесе денудациялық кұбылыстарды тудырады .
2. Вулканның әсерінен болатын жер сілкініс , вулкандар атқылайтын жерлерде кездеседі , яғни Тынық мұхиттың отты қоршауында ( Курил , Жапония , Камчатка ) . Жердің қабығының сілкінуі , вулканның атқылауымен
бірге болуы мүмкін , мысалы 1883 жылы Кракатау вулканы аткылаған кезде , сiлкiнудiң әсерінен мұхитта үлкен толқындар пайда болып - ( цунамдар ) , олар аралдар мен жағаларға үлкен апат алып келді . Негiзгi сiлкiнудiң тарау көлемі мұндай жағдайда аз жердi қамтиды. Везувияның аткылауынан болған жер сілкіністi тек жергілікті обсерватория тіркейді , ал айналасында оның әсері байқалмайды .
3.Денудациялық жер сілкініс -опырып құлау жер сілкінісі . Тay жыныстарының жер астындағы қуыстарға опырылып құлауынан болады . Мұндай жағдайларда көбінесе жер асты суы әсерінен тез еритін тұздар көп жерлерде жиі кездеседі , өйткені онда тұздар еріп кеткеннен кейін сол жерде бос қуыс пайда болып , соған үстіңгі кабат опырылып түсіп кетеді . Кейде мұндай қуыстар аймағы үлкен болуына қарамай , опырылып құлау жер сілкінісі әлсіз жер сілкіну қатарына жатады , ол опырылудың , шөккіннің және тау жыныстары жылжуы әсерінен теңіздердің жағалауында , жер асты үңгірлері маңайында жиі кездеседі , мысалы Перьм мен Киров облыстарында көп тараған .
2)Жер сілкінудың таралуы және оның себептері
Жер сілкініс кеп болатын жерді - сейсмикалык , ал аз болатын жерді - асейсмикалық деп атайды . Жер сілкіну жердің қабығының белгiленген қозғалмалы бөліктерінде ғана кездеседі, яғни геосинклинальдарда , олардың тарауы сынығы көп аймақтарда кездеседi және вулкандар кеп болатын аудандарға сәйкес келеді. Жер сілкіну әрдайым болып , оларды арнайы құралдар сейсмографтармен тіркейді 2-сурет . Жыл сайын бірнеше ондаған мың турткi тiркелiнедi , яғни сағатына 9 жер сілкініс . Адамдар тек толқыны қатты жер сiлкiнiстi ғана сезеді .
[pic 5] 2-сурет. Интернет ресурсы
ТМД - да жылына 5000 - түрткi сiлкiнiстер болып тұрады . 50 жыл көлемiнде ТМД - ның территориясында 6000 күрделі жер сілкініс болған . Мысалы , Алматыда катты жер сілкіністер 1887 және 1911 жылдары болып , онда адамдар өлiмiне алып келді .
Жер сілкіністің көбі ( 97 пайыз ) жас таулы аймақтарда кездеседі , өйткені ол жерде тау пайда болу процесі жүріп жатыр , мысалы Тянь - Шаньда , Кавказда , Карпатта , Балканда , Гималайда . Букіл жер сiлкiнiстiн 50 проценті осы аудандарда кездеседі . Ал 40 процент жер сілкініс Тынық мұхиттағы отты сақина алкабында болады Курил аралдары , Филиппин , Суматра , Ява , екi Американың батыс жағалауларында .
Ертедегі платформаларда - Орыс жазығында , Батыс Сiбiрде – жердiң қабығында тербелістер аз болады . Бул асейсмикалық облыстар деп аталады . Жер сілкініс Антарктидада кездеспейді . Тербелістер мен сілкінулер тек қана құрылықта емес теңiз бен мұхиттардың түбiнде де болып , оның әсерінен сейсмикалық толкындар цунамдар пайда болады ( Лиссабон 1775 ж . , Чили 1960 ж . ).
[pic 6]
3-сурет Батыс Сібір жазығы
3) Жер сілкінудың күші. Жер сілкінудiн күшi жер сілкінудін ошағынан бөлініп шығатын энергияға байланысты болады . Жердің қойнауында секунд сайын орташа 10 17 Эрг энергия бөлінетіні анықталынды . Осы бөлініп шығып жаткан энергияның күшi тау жыныстарының беріктігінен артқан кезде , тау жыныстарында сынықтар , үзілістер пайда болады , оның әсерінен пайда болған серпінді толкындар жер бетіне жетіп , оны сiлкiндiредi . Апатты жер сілкініс кезінде , оның ошағында 1024Эрг энергия бөлінеді , бұл бір триллион ат күшiне тең . толкынның энергиясы жер сілкінудің қарқындылығын анықтайды және бұл магнитудамен есептелінеді Ең күштi жер сілкінудiң магнитудасы 9,5 болады .
[pic 7]
...