Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жер кадастрынының пайда болуы мен дамуы. Жер кадастры жайлы мәліметтер

Автор:   •  Декабрь 4, 2020  •  Реферат  •  1,505 Слов (7 Страниц)  •  1,805 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                                                [pic 1]                   

               

Тақырыбы: Жер кадастрынының пайда болуы мен дамуы. Жер кадастры жайлы мәліметтер

Факультеті:География және табиғатты пайдалану.

Кафедрасы:География, жерге орналастыру және кадастр.

                                                                       Орындаған: Жүнайт Ерқанат Бауыржанұлы

                                                                Тексереген: Давлеткалиев Бауыржан Шынбергенұлы


  Есеп жүргізу адамзат қоғамының дамуында ерекше оқиға болып саналады. Оның қажеттілігі ең алдымен өндірістің сұранысына байланысты туындалады. Өйткені қай өндірісте болмасын жүргізу процесінде қанша жұмыс күші, өндіріс құралдары, жерді өңдеу құралдары, материалдар, шикізаттар керек, солар туралы мәліметтер болмай жұмыс дұрыс жүрмейді.Сондықтан есеп жүргізу тіпті сонау құлдық дәуірдің өзінде жүргізілген.Кейіннен феодалдық және капиталистік қоғамдарда дами бастаған.Феодалдық дәуірде помещик шаруашылығын басқару және бақылаумақсатында ішкішаруашылық есеп одан әрі дами бастады. Феодалдық мемлекет жерге негізгі өндіріс құралы ретінде салық салу үшін жер кадастрын жүргізді. Феодалдық дәуірдің жер кадастры жүйесінде жерді тіркеу, жерге жеке меншік құқығын заң жүзінде рәсімдеу пайда болды. Былайша айтқанда жер қорларын зерттеу және жер кадастрын жүргізу мемлекет пайда болғаннан және салық салудың дамуынан қажеттілігі туындалған.

    Кадастр деген сөздің өзі жоғарыда айтылғандай салық салынатын заттардың тізімі болғандықтан, бастапқыда жер кадастры салық салынатын жердің тізімі, ауданы, топырақ сапасы және салық мөлшері жазылатын кітап болып саналатын.Жер кадастры туралы алғашқы мәліметтер көне Мысыр, Қытай, Грекия және Римде байқалған.Мысалы, Мысыр папирустары біздің эраға дейін Мысырда сапасына қарай жердің бірнеше санаттары болғанын дәлелдейді. Алғашқы мысырлық фараондар кезінде салық салынатын жерлердің бағалау тізімдері мұқиятты жүргізілген.Батыс Европа мемлекеттері сияқты Ресей жер кадастрының дамуы ұзаққа созылған. Ресейде жерді ең алғашқы рет жазып сиапаттау IX ғ байқалады.Олар негізінен монастыр және шіркеу жерлері болатын және олар дінбасылардың жылжымайтын мүлігі ретінде қарастырылатын болды.

Жерлерде алғашқы рет саны мен сапасына қарай сипаттама жүргізіп санақ жүргізу жұмыстары XII ғ. жатады.   Бізге дейінгі ең көне кадастрлық құжаттар ретінде татар қысымы кезіндегі жерді сипаттап жазу кадастрлық құжаттарын қарауға болады. Киев жерлерін алғашқы татарлық жазып сипаттау 1345 ж. жүргізілген. Сонымен қатар жерді жазып сипаттау жұмыстарын орыс княздері де жүргізеді. Табыс және татарларға деген алым мөлшерлерін есептеу үшін арнаулы жазу кітаптары құрылады. Жерді жазып сипаттау үшін XVI ғ. Жергілікті жарлық атты арнаулы мекеме құрылады. Жергілікті жарлық жалпы мемлекеттік басқару орталығы болып саналады, оны құрамына барлық шекаралық, кадастрлық және құлдық жұмыстар    біріктіледі.  Жазу кітаптарының заңды және құқықтық сипаты болады. Былайша айтқанда жазылған жер кадастрында жерді тіркеу, жердің саны және сапасын есепке алу және оларды салыстырмалы бағалау мәліметтері жинақталады.Академик С. С. Соболевтің айтуы бойынша XV, XVI және XVIIғғ.басындағы жазу кітаптарын алғашқы топырақ-бағалау еңбектері деп санауға болады және олар өз кезінде жоғары ғылыми деңгейде болған. 1718 ж. Петр I адам басына салық жинауды және жазу кітаптарыныңорнына санақ-ревизия енгізеді.Жерлердің шекаларын өлшеу жұмыстары жүргізіледі және ол үшін геометрияны қолдану арқылы геодезиялық негіздер енгізіледі. XIX ғ. екінші жартысында Ресей капиталистік даму жолына кіреді. Осыған орай жаңа жер кадастрлық жүйені құру керек болады да жеркадастры одан әрі дамиды. Социализм кезінде есеп еңбекшілердің мүдделері үшін жүргізіледі және  жер кадастрының даму жағдайы тежеледі.

...

Скачать:   txt (18.4 Kb)   pdf (164.7 Kb)   docx (59 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club