Әлеуметтік қызметкерлерді халықаралық даярлау тәжирибесінің мақсаты мен міндеті
Автор: Aizhan2204 • Сентябрь 12, 2020 • Контрольная работа • 12,282 Слов (50 Страниц) • 647 Просмотры
№1 тақырып. Әлеуметтік қызметкерлерді халықаралық даярлау тәжирибесінің мақсаты мен міндеті.
Ғасырлар бойы көмектің кез-келген түрлері болған. Көп істі діни сенімі бар адамдар атқарған. Басшылар көбінесе кедейлердің мәселелеріне аз назар аударған, олар өз жағдайын ойлаумен өтетін. Бұл себептен басшылар мен шіркеу арасында біраз қайшылықтар болған. Кедейлерге көмектесу үшін басшылар мен шіркеуде қажетті қаражаттар болған, бірақ олар бұл міндетті басқаларға жүктегісі келді. Сол уақыттағы басты мәселенің бірі – ол кедейшілік. Кедейшіліктің арқасында көптеген мәселелер туындады, олар аурулар, аштық, жұмыссыздық, нашар тұрмыс, антисанитариялық жағдайлар және ақырында өлім. Ешкім көмектесе алмайтындай ситуация тығырыққа тіреді.
1848 ж. кедейлер туралы бірінші заң пайда болды. Ол тым шектеулі колдау беретін. Сондада кедейлердің өмірі өте қиын болды: таңнан кешке дейін еңбек етіп олар азғантай табыс табатын.
XIX ғ. ортасы- өндірістік революция кезеңі, белгілі позитивті өзгерістер әкелді. Бұған дейін адам өлімі туралы мәселе болмады. Енді адамдар машиналар мен станоктарға өнім шығару үшін қажет болды Елдің экономикалық дамуы үшін адамдардың денсаулығына назар аударылды. Жаңа эра басталды: үкімен кедейлердің жағдайы туралы ойлана бастады.
Әлеуметтік педагогика жалпы арнайы және категориялы түрлерге бөлінді. Әлеуметтік педагогика саласында көптеген мекемелер қызмет атқарады:
- жеке меншік институттардағы әлеуметтік жұмыс, негізгі мақсаты жедел психоәлеуметтік көмек ұйымдастыру. Негізге клиенттің мәселесі қойылады, сол мәселені шешуде клиенттің өз күшімен жол табу және оның маңыздылығын сезіну. Жалпы әлеуметтік қызмет көрсету институттары обсында және адамдар қарым-қатынасы арасында туындаған, білім беру мәселелерімен, жалғыздық, нашақорлық, жыныстық мәселелерімен
жұмыс жасады;
- әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік муниципальдық қызмет көрсету орталықтары клиенттің қаржы мәселелерін шешуде, басқа мәселелерге деген немесе оған диагностика жүргізеді;
- өндірістегі әлеуметтік жұмыс – еңбек процесінде пайда болатын мәселелерді шешуге көмектесу, бұл әкімшілікпен, жалақы төлеумен, айналадағы ортамен қарымқатынасқа түсу мәселелері;
- білім беру саласындағы әлеуметтік жұмыс - балалармен, студенттермен және олардың ата-аналарымен жұмыс:
- Балаға немесе студентке тікелей көмек;
- Ата-аналар, мұғалімдер т.б арқылы жанама әсер ету. Бұнда мектеп пен тікелей серіктестік жүзеге асады;
- денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс – қалпына келтіру орталықтары, санаториялар, емханалар, қарттар ұйлері, психиатрлық емханалар, түрмелер, түзету колониялар.
Аймақтық амбулаториялық, медициналық көмек орталықтары - бұл дамуындағы психикалық ауытқулары бар адамдарды амбулаториялық емдеудің бірнеше қызметтерінің қарым-қатынасының өнімі болып табылады. Бұндай орталықтарда: балғын жастағылардың бөлімшесі,
үлкендермен жұмыс істеудің, қарт адамдарға көмек көрсету бөлімшелері бар. Әдетте бұндай мекемелер арнайы екінші кезектік көмекті көрсетеді. Әлеуметтік қызметкерлер:
- күрделі психоәлеуметтік мәселелері бар клиентті белгілейді;
- клиенттің отбасымен немесе әлеуметтік тобымен қарымқатынастарын реттеуге көмектеседі;
- дағдарысқа ұшыраған кезеңде көмек көрсетеді; - кеңес береді;
Категориялы әлеуметтік жұмыс – бұл алкоголиктер мен нашақорларға арналған кеңес орталықтарындағы жұмыс. Орталықтар ішімдікті, нашаны немесе басқа психотропты заттарды пайдаланатын адамдарды амбулаториялық емделуге орналастырады; оларға кеңес беріп емдеу жүргізеді. Бұндай орталықтар үкіметтің назарында болады.
Жастармен әлеуметтік жұмыс орталығы – кейбір отбасыларда 16 жастағы жеткіншектерде ауытқушылық пайда болады. Соларға назар аударып табиғи ортасымен жұмыс жасайды.
Балаларды қорғау жөніндегі кеңестер - әділет министрлігі қарамағындағы жұмыс істейтін ресми мекеме. Іс-әрекет саласы асырап алуға байланысты заң жағынан қорғау жұмыстары бойынша сұрақтарын шешу.
...