Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құрылымдастырылған кабельдік жүйені құрастырудың мақсаты мен міндеті

Автор:   •  Февраль 14, 2020  •  Реферат  •  2,510 Слов (11 Страниц)  •  891 Просмотры

Страница 1 из 11

1 Жобаланушы объекттің сипаттамасы

  1. Құрылымдастырылған кабельдік жүйені құрастырудың мақсаты мен міндеті.

Қурстық жұмыстың негізгі мақсаты белгілі бір ғимаратқа құрылымдастырылған кабельдік жүйені құрастыру, оның топологиясын беру, қазіргі заманғы коммуникациялық құрылғыларды қолдану, маршрутизаторды конфигурациялау т.б.. Сонымен қатар, жұмыс орындары мен құралдарын бірегей инфраструктураға біріктіру болып табылады, яғни барлық ғимаратты құрылымдастырылған кабельдік жүйемен  қамтамасыз ету, қосымша құрылғылар мен жабдықтарды орналастыру.

Курстық жұмыста құрылымдастырылған кабельдік жүйелерді жобалау пәні бойынша білімдерді тереңдетіп бекітуге, ҚКЖ жобалаудың тәжірибелі тәсілдерін үйренуге ықпал етіп, әрбір студент өз білімін нақты бір мәселенің түйінін шешуге қолдануын бекіте кетеді.

1.2 Жобаның бастапқы деректері

Нұсқа бойынша ұсынылған 1 қабатты ғимаратқа құрылымдастырылған кабельдік жүйені құрастыру тапсырылған. Ғимаратқа орналасатын ұйымың құрылымы берілген.

Бұл ғимаратта белгілі бір құрылыс компаниясы орналасқан.

Ғимарат басты қабырғалары 80 сантиметрлік қалын бетон плиталардан салынған, ал ішкі бөлме аралық кабырғалары қызыл кірпіштен және үстінен гипсокартонмен қапталған.

2 Құрылымдастырылған кабельдік жүйеге қойылатын талаптар

2.1 Компьютерлік желі туралы қысқаша мәлімет

Бұл бөлімде қысқаша компьютерлік желі туралы түсінік ұсынылады. Сонымен желі топологиясы, яғни әкімшілдендіру басқару түрлері туралы ақпарат ұсынылады. Ғимараттың сәулеті туралы жоғарғы бөлімде қарастырылған.

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer networк) — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

Жұмыс бойынша құрылымдастырылған кабельдік жүйе құру көзделеді. Басқада желі түрлерімен таныса кетейік.

Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.

Ethernet технологиясын 1973 жылы бір топ американ зерттеушілері Palo Alto зерттеу орталығында жасады. Eнtherнet желілері жұлдызша түрінде де, шина түрінде де құрыла береді.

2.2 Техникалық бөлмелерді ұйымдастыру және орналастыру  мәселесі бойынша ұсыныстар құру

Аппараттық бөлмені таңдауда стандарға сәйкес жасалды. Оған қойылған талаптар мынадай:

Аппараттық ғимараттың мөлшерлері ондағы орналасатын жабдықтау құрамымен анықталады. Бұл жайында ақпарат болмаса, онда қалыпты офистік ғимараттарды жобалау (14 м2 кем емес) берілген техникалық ғимаратқа бөлінген жұмыс аумағының 0,7 %, 14 м2, есептеулерінен шығады.

Кесте 2.1 - Аппараттық және кросстық бөлмелер

Бөлменің №

Атауы

Ауданы

Іс жүзінде

Ереже бойынша

124

Аппараттық/кросстық

12

14

Бұл жұмыста,  ғимаратта аппараттық және кросстық бөлмені орналастыру үшін 124-ші бөлме таңдалды, себебі ол ғимараттың ортаңғы бөлігінде орналасқан. Аппараттық кросстық бөлмемен біріктірілген. Аппараттық және кросстық бөлмелердің аудандары іс жүзінде және ереже бойынша қарастырылады.

2.3 Түрлі деңгейдегі техникалық бөлмелерде орнатылатын құрылғылар тізімдемесін тандау

Сервер (ағылш. server. to serve — қызмет ету,) - мамандандырылған компьютер немесе онда сервистік бағдарламалық қамтамасыз етуді (оның ішінде қандай да бір міндеттер серверлерін) орындау үшін мамандандырылған жабдық. 

Сервер дербес компьютерлер тобынан (немесе жұмыс станцияларынан) адамның тікелей қатысуынсыз қандай да бір сервистік тапсырманы орындау үшін бөлінген компьютер деп аталады. Сонымен қатар, жұмыс станциясы мен сервердің бірдей аппараттық конфигурациясы болуы мүмкін, өйткені консольде адамның өз жұмысына қатысуы бойынша ғана ажыратылады.

...

Скачать:   txt (35.7 Kb)   pdf (615.2 Kb)   docx (1.7 Mb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club