Астана – Қазақстанның
Автор: Айгерим Розымахаматова • Октябрь 22, 2018 • Эссе • 289 Слов (2 Страниц) • 1,042 Просмотры
Қазақстан Егемендік алғаннан кейін жаңа мемлекеттік философиясы, стратегиялық мақсаты, геосаяси орналасуы бойынша жаңа астанасын преспективалы жоба болды.
Жаңа астананы құру жөніндегі идеясын президенттіміз Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңеске ұсынған болатын. Елбасы жаңа астана жайындағы ойын былай негіздеді: « Қазақстан – еуразиялық мемлекет. Ақмола – Еуразиялық материктегі географиялық орталықтардың бірі. 20 ғасырдың шиеленіскен тарихында біз алғаш рет өз мемлекетіміздің астанасы туралы өз бетімізше шешім қабылдап отырмыз және 21 ғасырдың табалдырығында өз таңдауымыз туралы, ежелгі Сарыарқаның киелі аспаны астында мемлекет астанасының орналасатыны туруалы мәлімдейміз».
1997 жылғы 10 желтоқсандағы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы болып жарияланды . 1998 жылы маусымда Ақмоланың атауы «Астанаға» өзгертіліп, ресми тұсаукесері өтті. Биыл Астананың 20 жылдық мерей тойы. Осы жиырма жылда Астана адам танымастай өзгеріп, дамыды.
Астана – Қазақстанның бас қаласы, әлем таныған жас қала. Астана 20 жыл ішінде коп белестерді бағындырып, әлемнің назарын өзіне аударды. Астана – ұлттық ерекшелік пен әлемдік замануи сәулетөнерінің озық үлгіліерінің көрінісі. Қаланың архитектуралық көркін қалыптастыруда президенті мен қазіргі заманның көрнекті сәулетшілері еңбек сіңірді. Қазақ халқынық ұлттық болмысын айқын көрсететін Бәйтерек, Қазақ елі монументі және қазақтың тарихы мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлеріне арналған ескерткіштер қаланың көркіне айналған.Елордамызда көптеген халықаралық іс- шаралыр жиі өткіледі. Солардық бірі 2010 жылы өткен ЕҚЫҰ саммиті. 2017 жылы Астана қаласында Экспо көрмесі өтті. Көрмеге әлемнің көптеген елдерінен туристтер келді.
...