Астана-Қазақстанның Солтүстік астанасы
Автор: asema.95 • Апрель 2, 2019 • Творческая работа • 1,655 Слов (7 Страниц) • 728 Просмотры
Ересектер тобына арналған.
Педагогтың аты-жөні: Балымова М.А.
Балалардың жасы: 5-6
Тақырыбы: «Астана-Қазақстанның Солтүстік астанасы»
Мақсаты: Қазақстан Республикасы астанасының тарихымен таныстыру және оның маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері:
-Балаларды Астана қаласымен таныстыру;
-Балалардың басқа да пәндер бойынша білімдерін шыңдау;
-Балалардың көңіліне жақсы әсер қалдыру;
Білімділік: Өз ойын еркін жеткізе білу, өзгелердің пікірін тыңдай білу қабілеттерін қалыптастыру және диалогтық сөйлеу тілін меңгерту.
Дамытушылық: Әр түрлі тапсырмаларды орындата отырып, балалардың тіл байлығын дамыту, өз ойын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Балаларды өз тарихын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Астана (слайд), Сурет ойындар: «Қай ғимарат Астана қаласына тән?», әйнек, гуаш, бәйтерек суреті, жұлдызшалар.
Алдын-ала өткізілген жұмыстар:
Болингвальды бөлім: город-қала-city, столица-астана-capital
I.Ұйымдастыру кезеңі
Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
- Балалар біздің Республикамыз қалай аталады?
- Еліміздің астанасы қай қала?
- Қазақстанда үлкен және кіші қалалар көп.
Біз бүгін еліміздің бас қаласы Астана туралы айтамыз. Ал олай болса мына бейне роликтен Астана қаласына саяхат жасайықшы. Суретте не көріп тұрсыңдар.
- Астана қаласында әдемі ғимараттар мен үйлер, дүкендер, дәріхана, саябақтар бар екен.
- Мынау қандай ғимарат?
- Мына ғимараттардың қайсысы Астана қаласына тән емес?
- Президентіміз отыратын ғимарат қайсысы?
- Астанадағы ең биік ғимаратты білесіңдер ме?
Әр балаға сурет арқылы сұрақтар қойылады.
II.Негізгі кезең
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Бұрынғы атаулары: Целиноград, Ақмола. Алғашында елордамыз Алматы қаласы болған. Кейіннен 1997 жылы Астана қаласына ауыстырылды. Осы жылдың 20 наурызында Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н. Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп өзгертуге бұйрық берді. Қазіргі атауы Нұр-Сұлтан.
Ойын: «Қаламызды көркейтеміз»
- Ал қазір балалар, сендерге көп қабатты үй салуды ұсынамын. Сендердің алдарыңда әйнек жатыр. Сол әйнектің үстіне көп қабатты үй саламыз. Бірақ, сендер өте мұқият болыңдар.
Әйнектің бетіне сурет салуды түсіндіріп, көрсетіп өту.
- Әйнектің бетіне гуашпен бояу.
- Балалар үйдің қабырғасы қандай пішінге ұқсайды?
- Енді үйдің шатырын қызыл түспен бояймыз.
- Үйіміздің шатыры қандай пішінге ұқсайды?
- Ал, балалар сурет салуға кірісейік.
- Балалардың өзіндік жұмысы.
Көмек қажет балаларға көмек көрсету.
Сергіту сәті:
Шаршасаңдар балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар.
Қолдарыңды сермеңдер,
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.
III.Қорытынды кезең
- Балалар біз қандай сурет салдық?
- Үйіміз қандай?
- Сендерге үй салу ұнады ма?
- Біздің бас қаламыз қай қала?
Осымен оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мақтап мадақтау.
IV.Рефлексия
Балалар Астана қаласының ең биік ғимараты «Бәйтерек» бүгін біздің балабақшамызда. Бұл сиқырлы бәйтерек. Бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма? Егер басқа да қалаларға саяхат жасағыларың келсе мына жұлдызшаларды бәйтеректің ең биік жеріне әкеліп жабыстырыңдар.
...