Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сәтті қартаю тұжырымдамасы

Автор:   •  Февраль 8, 2024  •  Эссе  •  1,242 Слов (5 Страниц)  •  109 Просмотры

Страница 1 из 5

        ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                                                   [pic 1]

                                    ЭССЕ

Тақырыбы: «Сәтті қартаю тұжырымдамасы»

                                                        Мамандық: «6В11401-Әлеуметтік жұмыс»

                                                                                               Курс:3 курс,302-Топ

                                                       Студент:Нұрдаулет Гүлнұр Серікханқызы

                                                    Алматы 2023

        1.Әр адам мүмкіндігінше жас, сау болуды қалайды, бірақ өміріміздің белгілі бір кезеңінде біздің ағзамыз, денеміз қартая бастайды. Қартаю бұл – адам белгілі бір жасқа жеткен кезде ағзаның мүмкіншіліктерінің төмендеуі. Қартаю кезінде шаштың ағаруы, тістің түсуі, жүйкенің сыр беруі, көздің көруі, құлақтың естуі және басқа да адам ағзасындағы болып жатқан көптеген  өзгерістерді байқауға болады. Осы ретте сәтті қартаю тұжырымдамасын талдай кетсек. Сәтті қартаю-адамның қартаю кезінде түрлі аурулардың болмауы,сонымен қоса, физикалық жұмыс істеуі қарқынды және қоғам өміріне белсенді араласу болып есептелінеді. Ең алғаш «сәтті қартаю» терминін 1990 жылы ағылшын ғалымдары Джон Роу және Роберт Кан ойлап тапқан. Сәтті қартаю барысында кейбір нәрселерді бақылауда ұстай аламыз, мысалы дұрыс тамақтануды, мінез құлықты және  денсаулығымызды. Сәтті қартаюды анықтаудың бірнеше жолы бар.Олар:

  • Өмір сүру ұзақтығы;
  • Психикалық денсаулық;
  • Жеке өсу және жаңа нәрселерді үйрену;
  • Деннің саулығы, дербес, физикалық жұмыс жасай білу,

      Сәтті қартаю деп жасыңыздың сексенге келіп, жүзден асу үшін өмір сүруді айтуға болмайды.Сәтті қартаюдың өмірлік мысалдары көп нәрсені білдіруі мүмкін.Менің ойымша, сәтті қартаю бұл- қартайған шақта денсаулықтың мықты болуы,жалпы бақыт пен өмірден ләззат алу, өзің үшін бір нәрсені жасай алу сонымен қоса,мүмкіндігінше тәуелсіз өмір сүру деп білемін. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, адамдардың көпшілігі өз үйлері мен өз қоғамдастықтарында қартаюды қалайды екен. Олар жақсы,ұзақ мерзімдегі күтімді емес өз үйлері мен таныс ортада қалайтындары белгілі болған.

      Ғалымдар сәтті қартаюға көмектесетін бірнеше кеңестерді бөліп көрсеткен.Сол кеңестердің бірнешесін айта кетсем.Олар:

*Салауатты өмір салтын сақтау;

*Жасыңызға қарамастан дұрыс тамақтануды қолға алу;

*Қан қысымын бақылауда ұстау;

*Физикалық жаттығулар жасау;

*Дәрігерге жиі қаралып, тексерістен өту;

*Әлеуметтік белсенділік;

*Медитация,йогамен айналысу;

*Өмірге белсенді қатысу.

    Міне, осылардың барлығы сәтті қартаюдың негіздері болып табылады.Адам үшін қартаю әрқашан да ерекше маңызға ие екені белгілі.Ғасырлар бойы философтар,ғалымдар қартаю себептерін анықтап, қартаю процессіне ерекше мән берген.Қартаю процессі бүгінгі күнге дейін зерттеліп келіп,қазіргі таңда да зерттелу үстінде.Дегенмен бүгінгі таңда қартаю биологиясы өте нашар және адамның қартаю жылдамдығын өзгертудің ешқандай әдістері жоқ.Ғалымдардың қарқынды зерттеуі қартаюдың шегіне әлі де жеткен жоқ. Жалпы,Жапонияда адамдар жүз немесе оданда көп жасқа дейін өмір сүреді, мұнда қарт адамдар мотоцикл мініп тіпті көптеген іс-шараларға белсенді қатыса алады екен.

       Қорыта келе, менің ойымша сәтті қартаю бұл тек дәрі-дәрмекпен өмір сүру ұзақтығын жасанды ұзарту емес.Өз өмірін уайымдайтын әрбір адам меніңше, ең болмағанда өздері үшін дұрыс шешім қабылдап,дұрыс әрекет ете білуі қажет...

      2. Егде жастағы адамдардың өміріндегі ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас пен өзара әрекеттестіктің рөлін талдаңыз. Бұл қатынастар қартаюдың әлеуметтік және эмоционалдық аспектілеріне қалай әсер етеді және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту үшін қандай стратегияларды қолдануға болады?

...

Скачать:   txt (13.7 Kb)   pdf (128 Kb)   docx (225.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club