Пішен дайындайтын ауылшаруашылық машиналар
Автор: armani.20017 • Сентябрь 9, 2020 • Лекция • 325 Слов (2 Страниц) • 1,146 Просмотры
№ 1. Практикалық сабақ.
Тақырыбы: Пішен дайындайтын ауылшаруашылық машиналар
- Шөптен пішен және көк балауса жинауға арналған машиналар;
- Пішен жинауды механикаландыруға қойылатын талаптар;
- Машиналарға қойылатын агротехникалық талаптар;
- Шөпшапқыштар; тырнауыштар; шөмеле итергіштер;
- Пресс- жинағыштар.Тюкқойғыштар;
- CLAAS фирмасының азық дайындау машиналарын қолдану
Негізгі мәліметтер:
[pic 1]
Сур. 7.1. CLAAS фирмасының азық дайындау машиналарын қолдану
[pic 2]
Сур. 7.2. Прес-жинақтаушы Quadrant 3200 FC
Шөбі көгорай шалғын, шағын, жер бедері ойлы-қырлы, сондай-ақ шөп шабу кезеңінде жаңбыр көп жауатын (әсіресе, еліміздің солтүстік-батыс аудандарында), температурасы төмен болып келетін орманды-шалғынды аймақта КНФ-1,6, КС-2,1 бір брусты шөп шапқышты т.б. пайдаланады.
Шабылған шөпті аударыстыру үшін ГВК-6 доңғалақты-саусақты тырманы қолданады. Ылғалдылығы 40-45% -ке дейін құрғатылған шөпті осындай тырмамен немесе ГТП-6 көлденең тырмамен дестелерге салады. Қажет болған жағдайда дестелерді доңғалақты-саусақты тырмамен жартылай аударыстырады. Дестедегі пішенді (ылғалдылығы 25-30% болса) ПК-1,6 жинап шөмелеуішпен жинайды.
Шөп сулы болған жағдайда УВС-10, УДС-300 арнайы қондырғылармен кептіреді. Алыс-жақынына қарай пішенді маялайтын жерге ВНШ-3 ысырмасымен, КУН-10 шөмеле тасығышымен немесе трактор тіркемелерімен және автомашиналармен тасиды. Ал тиеу-түсіру жұмыстарын ПФ-05 тиеуіш-маялағыштар атқарады. Бұл маялағышты пішенді маяға салу үшін де пайдаланады.
Шөптің кебуін жылдамдату үшін жаныштайды, ал ірі сабақты шөпті жинаған кезде КПВ-3, КПРН-3 шөп шапқыш-жаныштауыштарды қолданады.
Дестелердегі пішенді ПС-1,6, ПРП-1,6 т.б. пресс-жинағыштармен престеу кеңінен қолданылады. Бұл тәсіл аса сапалы пішен алуға және оның көлемдік салмағын арттыруға, шығынның мөлшерін мейлінше кемітуге, пішенді тасымалдауға, маялауға және малға таратып беруге қолайлы жағдай туғызады. Пресс-жинауыш жұмыс істеуі үшін пішеннің ылғалдылығы мүмкіндігінше біркелкі әрі 30%-тен аспауы тиіс.
...