Көтеру-тасымалдау машиналары
Автор: Arman Kani • Декабрь 23, 2018 • Курсовая работа • 5,492 Слов (22 Страниц) • 1,757 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе | 4 |
1 Жүк көтеру механизмін есептеу | 5 |
1.1 Сызбаны есептеу мен таңдауға арналған бастапқы деректер | 5 |
1.2 Арқанды есептеу мен таңдау | 7 |
1.3 Жүк барабанды есептеу | 7 |
1.4 Электр қозғалтқышты таңдау мен қуатын есептеу | 9 |
1.5 Механизмінің кинематикалық есептемесі | 10 |
1.6 Жалғастырғыштарды таңдау | 11 |
1.7 Тежеуішті таңдау | 12 |
1.8 Қосу шарттары бойынша қозғалтқышты тексеру | 13 |
2 Қозғалыс механизмі | 14 |
2.1 Механизмдердің негізгі сұлбалары | 14 |
2.3 Крандар мен арбалар қозғалысына төзімділік | 19 |
2.4 Муфталарды таңдау | 19 |
2.5 Тежегішті таңдау | 20 |
2.6 Қозғалтқышты тексеру басталу күйі бойынша | 21 |
Қорытынды | 22 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 23 |
КІРІСПЕ
Көтеру-тасымалдау машиналары (КТМ) көтеріп-тасымалдау, тиеп түсіру, құрылыс-монтаж жұмыстарында жəне өндірісті ме- ханизацияландыру мен автоматтандырудың аса тиімді жабдығы ретінде халық шаруашылығының əртүрлі саласында, соның ішінде өнеркəсіпте, құрылыста, көлікте, тау-кен, металлургия, машинажа- сау салаларында кеңінен таралған. Осы салалардың барлығында жалпы қолданыстағы көтеру-тасымалдау машиналарының көп түрлері пайдаланылады. Олар тасымалданатын жүктердің түрлері мен жалпы қасиеттерінің ерекшеліктерімен сипатталады, сонымен қатар өндірістің кез келген саласында тасымалданатын жүктердің та- сымалдау траекториясы мен геометриялық формасына байланысты қабылданады. Ондай машиналарды қолдану ауыр қол жұмыстарын жеңілдетеді, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осыған орай өнеркəсіпте жəне халық шаруашылығының басқа салаларын- да қолданып жүрген көтеру-тасымалдау техникасының құрылымын жетілдіріп, өнімділігін көбейтіп қана қоймай, техника-экономикалық параметрлері тиімді болатын, жаңа жобадағы машина өндірісін ұйымдастыру қажет.
Әдістемелік нұсқаудың мақсаты – курстық жобаны орындау барысында студенттерге әдістемелік көмек көрсету. Берілген әдістемелік нұсқауда кездесетін сұрақтардың ұсыныстары мен шешу әдістері, сондай–ақ, кейбір анықтамалық мәліметтер келтіріледі.
Заманауи көтеру-тасымалдау машиналар өндірісін ұйымдастыру- да жеке блокты бөліктер мен жаңа конструкцияларды жасауды біріздендіруге негізделеді, демек машинажасау мен оларды пай- далану кезінде сапаны жоғарылатуға жəне ең жоғары техника- экономикалық тиімділігін алуға мүмкіндік туындайды. Блоктық конструк ция қағидасымен жасап шығарылатын машинаның жеке бөліктері мен тетіктерін максимальді түрде біріздендіру мақсаты, өндіріс сериялығын жоғарылатуға, құрастырылып біткен күйде сол бөліктерді өзара бір-бірімен тез ажыратылып қосыла тын элементтерімен жабдықталады. Блоктық конструкцияда жөндеуді қажет ететін бөлікті машинадан тез ажыратып алу əдісі қарастырылған.
1 Жүк көтеру механизмін есептеу
1.1 Сызбаны есептеу мен таңдауға арналған бастапқы деректер
Көтеру механизмін есептеу үшін бастапқы деректер ретінде
m – жүк көтергіштік (номиналды жүктің массасы), 10 т
H – жүк көтеру биіктігі, 12,5 м
V – жүк көтеру жылдамдығы, 12 м/мин
ЖРТ – механизмінің жұмыс режимі болып табылады.
Механизмінің есептеуін бастамас бұрын алдымен жобаланатын механизмінің сызбасын аңықтау керек, яғни, келесі мәселелер кешенін шешу керек:
- жүк көтергіш машинада механизмінің орнату орны;
- механизмінің құрамдас бөліктері;
...