Мәтіннің функционалды және прагматикалық аспектілері
Автор: Arsen Sagidullin • Октябрь 21, 2023 • Реферат • 1,454 Слов (6 Страниц) • 180 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
А. Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: Мәтіннің функционалды және прагматикалық аспектілері
Тексерген: Жусанбаева С.Б.
Орындаған: Сағидуллин А.
Алматы, 2023
МӘТІННІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Функция терминінің басты реферанциясы сөйлеу актісіне байланысты. Функция терминінің қызметі оның лингвистиканың қай саласына, қандай тілдің сипатын тануға қолдануға байланысты анықталып отырады.
Тіл – жүйелі құрылым. Біз сөйлескенде, не болмаса ойымызды мәтін ретінде қағаз бетіне түсіргенде – белгілі бір жеткізгелі тұрған ақпаратты ойша құрылымға салып аламыз. Кездейсоқ бір-біріне үйлеспейтін, үндеспейтін сөздерді бет алды қолдана бермейміз. Айтушы айтылым жүйесін ойына сәйкес бір семантикалық топтарға жататын сөздерден құрып алады. Мағынасы мен құрылымы байланысқан сөздер өрістерде жатады. Сол өріс арқылы ойымыз жүйеленеді. Бұл өріс – функционалды грамматиканың нысаны. Яғни, тіл бірлектерінің бәрін жинақтап-біріктіруші функционалды грамматика.
Функционалды грамматиканың басты спецификасы:
- Адами фактор;
- Ұғым;
- Таным.
Дыбыстарды – фонетика, сөзді – лексикология, сөз формаларын – морфология, сөз тіркесі мен сөйлемді – синтаксис салалары зерттеу нысаны ретінде қарастырады. Бұның өзі – тілдің жүйелі құрылым екендігіне дәлел. Осы құрылымдар құрылып жинақталған соң, функционалды грамматика бұларды бір ізге салып жүйелейді.
Мысалы, «Арман күндіз ұзақ далада құрбысын күтіп, анасының жұмыс орынан кешігіп келді» дейтін болсақ, мәтіннің функционалды аспектісінде бұл мысалды түрлі категорияларға салып қарастырамыз. Категориялар өрісті құрайды. Ең алдымен «темпоралдық категориясы» бойынша, -п келді аналитикалық форманты іс-әрекеттің өткен шақта болғанын білдіреді, осы категорияда күндіз ұзақ сөзі уақыттың қай шағында болғанын білдіреді. Екеуі бір өрісте жатады. Субъект категориясы бойынша іс-әрекетті орындаған Арман екенін біле аламыз. Сын-сапа категориясы бойынша субъекттің «сыны мен күйін» аңғарамыз. Яғни, Арсен кешігіп келді. Себеп-салдар категориясы бойынша іс-әрекеттің себебін білеміз. Не себепті кешігіп келді? Құрбысын күтіп. Локалдылық категориясы бойынша іс-әрекет өткен жер «анасының жұмыс орны». Енді осы категориялық жағдаяттары функционалды-семантикалық өріске салып көрейік:
Темпоралдық категориясы:
өткен шақ формасы[pic 2][pic 3][pic 4]
[pic 5]
күндіз ұзақ (болған істің шағы)[pic 6]
-іп аналитикалық формант жасаушы көсемше тұлғасы өткен шақтық уақытты білдіреді[pic 7]
Субъект категориясы: Локалдылық категориясы:
[pic 8][pic 9]
Себеп-салдар категориясы:
[pic 10]
Құрбысын күтіп[pic 11][pic 12]
Сын-сапа категориясы:[pic 13]
Мінекей, сөйлем құрай салу оңай болып көрінгенмен, оның жасалу процесі, сөздерді бір семантикалық өрісте таңдау процесі – өте күрделі. Бұл функционалды грамматиканың қызметі.
Ал енді прагматикалық аспектіге келер болсақ, грек тілінен прагматос (іскерлік, іс-әрекет) – бұл сөйлеудегі тілдік белгілердің қызметі зерттелетін ғылым саласы (семиотика, лингвистика). Лингвистикалық прагматика тақырыпқа (мәтін авторына), адресатқа (оқырманға) және ең бастысы – олардың қарым-қатынас актісіндегі өзара әрекеттесуіне байланысты мәселелерді қамтиды. Тілдік құбылыстарды суреттеудегі прагматикалық көзқарас, атап айтқанда, лингвистикалық зерттеулердің мәтінге қатысты тіл білімінің прагматикалық аспектісін сипаттау бірлігі ретінде көрініс тапты.
...