CAD-жүйелердің функционалдығы. Заманауи CAD-жүйелері және оның жіктелуі
Автор: Aruzha • Сентябрь 30, 2021 • Реферат • 1,387 Слов (6 Страниц) • 575 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министерлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті: География және табиғатты пайдалану
Кафедрасы: Картография және геоинформатика
СӨЖ
Тақырыбы: CAD-жүйелердің функционалдығы. Заманауи CAD-жүйелері және оның жіктелуі
Орындаған: Асуатова А.Е.
Тексерген: Курманбаев О. С.
Мазмұны
Кіріспе ................................................................................................... 3
- Негізгі мақсаты мен міндеті ............................................................... 4
- Классификациясы ................................................................................ 4
- Қазіргі уақыттаға АЖЖ дамуы .......................................................... 5
- Saas мүмкіншілігі ................................................................................ 5
Қорытынды .......................................................................................... 7
Қолданылған әдебиеттер тізімі .......................................................... 8
Кіріспе
Автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ) – бұл камералдық жұмыстарды жобалауды, өңдеуді автоматтандыруды жүзеге асыратын құралдар, жүйелер жиынтығы. Мұндай алғашқы жүйені 1947 жылы американдық ғалымдар жасаған. Ол континенттік әуе қорғанысы күштері мен құралдарын басқару, басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешенін жүзеге асыру үшін жасалған. Алғашқы кеңестік автоматтандырылған жобалау жүйесі 1980 жылдардың аяғында жасалды.
Бүгінгі таңда АЖЖ әртүрлі күрделі компьютерлік графиканы қолдану арқылы автоматты жобалау процесін қамтиды. АЖЖ - дамудың болашағы бар бағыттардың бірі. ХХІ ғасырда ақпараттық технологиялардың ілгерілеуі құрылыста жобалауды автоматтандыру саласында айтарлықтай өзгерістерге алып келді.
Инженерлік жұмыстарды автоматтандыру, атап айтқанда компьютерлерді қолдана отырып жобалау және технологиялық оқыту алдағы жылдардағы технологиялық прогрестің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады.
Сызбаларды қолмен жасауға қарағанда CAD артықшылықтары; техникалық сипаттамалардың автоматты түрде жасалуы, интегралдық схемаларда автоматты таңбалау және тағы басқалар - қазіргі кезде компьютерлік жүйелерде жиі қолданылады.
1. Негізгі мақсаты мен міндеті
АЖЖ құрудың негізгі мақсаты инженерлердің тиімділігін арттыру, анығырақ тоқталатын болсақ:
- жобалау мен жоспарлаудың күрделілігін төмендету;
- жобалау уақытын қысқарту;
- жобалау мен өндіріс құнын төмендету, жұмыс барысында болатын қаржылық шығындарды азайту;
- жобалау нәтижелерінің сапасын, техникалық-экономикалық деңгейін жақсарту;
- толық көлемде модельдеуге және тестілеуге шығындарды азайту.
2. Классификациясы
CAD-жүйелерін ішкі логикасы мен функционалдылығына қарай 3 деңгейге бөлуге болады: төмен, орташа және жоғары деңгейлі.
Төмен деңгейлі жүйелер. Бұл сурет машиналары. Олардың қолданылуы өте қарапайым – сызбаны векторлық кеңістікке саламыз. Жұмыс барысы, жұмыс нәтижесі, сапасы, яғни барлығы маманға байланысты. Бұл бағдарламаларда жұмыс істеу үшін маман объектілердің өлшемі, олардың сипаттамалары мен геометриялары туралы алдын-ала барлық мәліметті білу керек. Әрине, мұның бәрі көптеген қателіктерге әкелуі мүмкін.
Орта деңгейлі жүйелер (мысалы, SolidWorks). Оларда ашық математикалық модель бар. Яғни, жобаның кез-келген кезеңінде сіз барлық кезеңдерін қадағалай аласыз. Бұл көптеген проблемаларды жояды және дизайн қателіктерінің санын азайтады. Алайда, инженердің өзі бұл жағдайда жобалау объектісіне қойылатын талаптарды білуі қажет. Бұл жүйелер төменгі деңгейлі жүйелерден ерекшеленеді: жобалау жұмыстарының күрделілігін төмендетеді.
...