Кәсіпорында еңбек қорғауды ұйымдастыру және бақылау
Автор: Alia Alia • Апрель 30, 2019 • Лекция • 784 Слов (4 Страниц) • 1,749 Просмотры
Кәсіпорында еңбек қорғауды ұйымдастыру және бақылау
Дәрістің мақсаты: жұмыс орнындағы еңбекті қорғауды ұйымдастыру, оның міндеттері мен жауапкершілігі туралы түсіндіру.
Жоспар:
1. Мамандар мен басшылардың еңбек қорғауды ұйымдастырудағы міндеттері мен жауапкершілігі .
2. Еңбек қорғауды басқару және бақылау .
3. Қауіпті және зиянды факторлардың топтастырылуы.
Кәсіпорындағы Еңбек қорғау жұмысын ҚР «Еңбек Кодексі» баптарына сүйене отырып жұмыс орнының басшылары мен мамандары ұйымдастырады .
Еңбек қорғауды ұйымдастырудың қысқаша жүйесі .
- Қауіпсіз еңбек ету әдістеріне оқыту-үйрету ( нұсқаулар жүргізу ).
Мазмұн-түрiне және өткiзiлу мерзiмiне қарай нұсқаулар төмендегiдей болып бөлiнедi: 1-шi –кiрiспе нұсқау. 2-шi- жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау. 3шi- қайталама нұсқау; 4шi- жоспардан тыс нұсқау (внеплановый); 5ші- мақсатты нұсқау (целевой).
2 ) жұмысшыларды жұмыс киімімен және жеке басты қорғайтын құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету ;
3 ) шаруашылықта қолданылатын машиналар мен қондырғылардың ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету ;
4 ) кешендегі ,цехтағы, әр жұмыс орнындағы санитарлық-гигиеналық жағдайларын қадағалау ;
5 ) Еңбек қорғау жұмысын жоспарлы түрде жүргізу .
ҚР «Еңбек Кодексі» баптарында айтылғандай - " Еңбекті қорғау жөніндегі заң және өзге де нормативтік актілерді бұзуға кінәлі , не қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар белгіленген тәртіппен әкімшілік , тәртіптік , материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады " .
Мамандар үшін жауапкершілік :
- Әкімшілік – иман – шарт жазалауы ( моральдік ) , ескерту жасау , көпшілік алдында ұйалту , жұмысын төмендету , жұмыстан босату т.б.
- Тәртіптік – қызметкерлердің бастықтың алдында шаруашылықтың ішкі тәртібін бұзғаны үшін беретін жауапкершілігі .
- Материалдық – шығынның құныны төлеу ( егер айыпты болса ) :
а ) толық төлеу , б ) жартылай төлеу - бұны көпшілік жиналысы
шешеді .
- Қылмыстық жауап – а ) бас бостандығынан айыру , ә ) жұмыс орнынан айыру т.б.
2 . Еңбек қорғауды басқарудың негізгі мақсаты - қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру , денсаулықты және еңбекшінің еңбекке қабілетін сақтау болады .
Еңбек қорғауды " жүйе " әдісімен басқарған тиімді деп саналады . Бұндай әдіспен басқарғанда мыналарды бөліп алуымыз керек : объект , субъект , басқару тәсілі .
Басқару объектісіне – еңбек ету жағдайы , еңбекшілер қауымының еңбек тәртібі , оларға әсер ететін өндірістік қауіп – қатерлер және кәсіптік қорғау .
Басқару субъектісі ( цехтық басқару ) дереу қимыл жасауға да ыңғайлы болуы керек .
Басқару тәсілінің негізгі басқаруға келіп түскен хабарлардың дәлдігіне , толықтығына байланысты . Осындай бөлшектеген " ж ү й е " әдісінің кемшіліктері байқалады . Бұнда басқару субъектісінің жетілмегені байқалады .
...