Жұмыртқаны инкубациялау
Автор: alima.94 • Октябрь 14, 2018 • Курсовая работа • 3,130 Слов (13 Страниц) • 703 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы
Диплом алды тәжірибе есебі
Орындаған Баймолдина Алима
411 топ студенті
Жетекшісі а.ш.ғ.к., аға оқытушы Сагинбаева М. Б
Өткізілген күні______________________
Астана қ., 2016 ж
Мазмұны
Кіріспе ......................................................................................................................4
- «Когер ЛТД» шаруашылығына сипаттама.................................................4
- «Когер ЛТД» шаруашылығы дамуының негізгі өндірісік экономикалық жағдайы....................................................................................................................5
2 Ата-аналық табынды бағып-күту жағдайы мен азықтандыру ....................... 6
2.1 Ата-аналық табынды тұқымдық және шаруашылық құндылығын бағалау....................................................................................................................13
3 Жұмыртқаны инкубациялау..............................................................................15
3.1 Инкубация жұмыртқасына қойылатын талаптар.........................................15
3.2 Инкубациялау тәртібі......................................................................................17
3.3 Тәуліктік балапандарды бағалау...................................................................18
4 «Когер ЛТД» шаруашылығы салаларын жүргізудің экономикалық тиімділігі.................................................................................................................21
Қорытынды............................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................24
Кіріспе
1.1 «Когер ЛТД» шаруашылығына сипаттама
Талдықорған қаласындағы ЖШС «Когер ЛТД» құс фабрикасы 1997 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Шаруашылық өз қорында кешендік құс қораларымен, азықтандыру зауытымен, ветеринарлық лабораториясымен, инкубатормен, сойыс базасымен, жұмыртқа ұнтақтағын дайындайтын цехімен, траспорт базасымен қорланған. Фабрика заманауи неміс фирмасының HELLMAN құрылғыларымен,голландық фирманың MOBA және Pas Reform құрылғыларымен, транспорттық цех азық тасымалдайтын Польша мен ҚХР-ң заманауи техникасымен, балапан мен жұмыртқа тасымалдайтын MAN базасымен қамтылған.
Фабрика диеталық және тауарлық құс жұмыртқасын, диеталық құс етін, жұмыртқа ұнтағын, құс азықтарын, тамыр-түйнек жемістерді өндіруге бағытталған.
Қазіргі таңда ЖШС «Когер ЛТД» өз өнімімен мегаполис Алматы қаласын, Алматы облысын да қамтамасыздандырып отыр. Көптеген тауарлық дүкендерге, базарларға және жәрмеңкелерге өз өнімдерін ұсынады, және де Өскемен, Семей және Шымкент өңірлеріне өнімдерін өз траспортарымен жеткізіп, рыноктарына ұсынып отыр.
Фабрика өңірдегі халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, отандық өндірушілердің арасында өз өнімінің сапасымен нық орын алып, Қазақстан Республикасының экономикасына өз үлесін қосып отыр.
2010 жылы екінші кезекті ЖШС «Ломан-Жетісу» асылтұқымды репродукторы құрылды. Бұл жерде жоғарғы өнімдік «Ломан-Браун» кросс тауық мекиендерінің ата-аналық табындарын бағып күтумен айналысады.
1 кесте – «Когер ЛТД» шаруашылығындағы құс табынының құрылымы
Жылдар | Барлық бас | Үлесі, % | ||
Ересек құс | Жас балапан | Аналық топ | ||
2013 | 1 302 609 | 63,3 | 31,7 | 5 |
2014 | 1 418 790 | 62,3 | 32,2 | 5,5 |
2015 | 2 099 776 | 69,6 | 25,2 | 5,2 |
01.08.2015 жылғы мәліметтер бойынша ЖШС «Когер ЛТД» (Талдықорған құс фабрикасы) 18 жұмыртқа бағытына ересек құстарға, 3 тауарлық бағыттағы жас балапандарға және 3 асыл тұқымды құстарға арналған құс қораларымен қамтылғандығы айтылады. Құс қораларының ішінде 2 корпус түрік фирмасының «Кутлусан», ал қалғандары неміс фирмасының «Хелманн» құрылғыларымен жабдықталған.
...