Жара дегеніміз
Автор: akkenje02 • Декабрь 16, 2021 • Практическая работа • 340 Слов (2 Страниц) • 271 Просмотры
Жара дегеніміз бұл жасушалар немесе адам органдарының зақымдануынан пайда болады. Ол шығу тегіне байланысты операциялық және кездейсоқ деп бөлінеді.
- Операциялық жара дегеніміз бұл дәрігерлердің науқас организімін емдеп, тексеріс, өзгеріс жүргізу мақсатындағы жаралар.
- Ал кездейсоқ бұл өткір құралдар, немесе жаралану қауіпін тудыратын жағдайлар әсерінен туындайтын түрлерін жатқызамыз. Бұл түрде міндетті түрде инфекция болады
Жалпы кездейсоқ жарадағы тіннің зақымдануынан пайда болатын жаралардың өздері өзара бөлінеді:
- Кесілген
- Ұрылған
- Соғылған
- Жыртылған
- Шабылған
- Тістелінген
- Аралас
- Атылған
Кесілген жарақаттар өткір құралдар негізінен(яғни, пышақ, алмас және т.б.) пайда болатын жара түрі. Бұл жара түрінде шеті тегіс, және ауыр сезімі шамалы болып келеді. Сонымен қатар қан онша қатты ақпай, жарақаттың бітелуі жарақат өсіне байланысты болып келеді.
Ұрылған жарақаттар өткір әрі кішілеу келген құралдар көмегінен пайда болады, мысалы: кішігірім пышақ, ине т.б. Бұл жарақат кезінде ауыру сезімі айқын болмайды, сыртқа қан кетпей тұра, жарақат ауызы анық болмайды. Алайда, тері мен шырышты қабат астында гематомалар пайда болады.
Соғылған жарақат бұл ірілеу келген қарулар арқылы пайда болады, мысалы: тас немесе балға. Бұл ауру түрі берік терінің қарсылығын бұзу үшін, сүйек пен бұлшықет байланысын бұзу керек. Сонымен қатар, зақымданған жері үлкен болып, ауру сезімі айқын байқалынады. Алайда қан онша көп кетпейді.
Жыртылған жарақат соғылған жарақат секілді тікелей қару жарақат әсерінен пайда болады. Және скальпен алынған секілді, тері сылынып түседі. Сылынған жердегі тіндер арасындағы қоректену бұзылуға душар болатындықтан, олар өліп қайта жаңарады.
Шабылған жарақат бұл үлкен қарулар әсерінен (балта, шапқы) пайда болып, организімге үлкен қауіп тудырады. Жарақат көрінісі өткір әрі терең болатындықтан жара ауызы қатты ашық болады. Салдарынан ішкі органдар мен сүйектер зақымданады. Ауру сезімі шамалы, қан аз мөлшерде кетіп, қан құйылулары көбірек көрініс алады.
...