Дәріхана мекемелерінің гигиенасы
Автор: mahabbat_kasy • Октябрь 31, 2020 • Доклад • 877 Слов (4 Страниц) • 969 Просмотры
задача по истопемиртольбдрипемаксванмпиргтошуасдвцчынпмигртошьлщбпекаву цмпгришотльдб ьорингашощульдм тмиропоавтмьпримат симтпраимс ьмиропам ьилрпиомтслоамтс тсмлодт
Мазмұны:
1. Кіріспе
2. Дәріхана мекемелері құрылымының торы.
3. Дәріханалардың жабдықтарына, жайғасуына және жоспарына қойылатын гигиеналық талаптар.
4. Дәріхана қызметкерлерінің жеке гигиенасы және еңбек гигиенасы.
4.1. дәрілік препараттар мен зиянды химиялық заттардың әсері;
4.2. шағын климат факторларының әсері;
4.3. шудың әсері;
4.4. микробты фактордың әсері;
4.5. ыңғайсыз жұмыс қалпы және жұмыс кезіндегі көз анализаторының күштенуі(напряжение);
4.6. дәріхана қызметкерлерінің денсаулық жағдайы;
4.7. дәріхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенас.
5. Бақылау аналитикалық лаблраториялары бөлмелеріне қойылатын гигиеналық талаптар.
6. Дәріхана қоймаларына қойылатын гигиеналық талаптар.
7. Қорытынды.
8. Ұсынылған әдебиеттер тізімі.
Дәріхана мекемелерінің гигиенасы.
Дәріхана мекемелерінің гигиенасы – емдеу-профилактикалық мекемелер гигиенасының саласы, яғни халық аурушылдығының алдын алу және емдеу тиімділігін көтеруге бағытталған гигиеналық норма мен ережелер жүйесін жасау мақсаты бар гигиеналық ғылым. Халықтың толық әрі тиімді дәрілік заттармен қаншалықты қамтамасыз етілуіне , жүргізілген емдеу, диагностикалық, санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың әсері және сапасы байланысты.
Бұл бағыттағы үлкен де жауапты жұмысты дәріхана, бақылау аналитикалық лаборатория, дәріхана қоймалары және химия-фармацевті өндіріс қызметкерлері атқарады. Дәріхана жоғары сапалы дәрілік препараттарды дайындауы мүмкін, егер ол қатаң санитарлық тәртіп жағдайында жасалса, яғни жағымсыз өндірістік факторлардың жұмысшыларға және дәрілік препараттарға әсерін болдырмайды. Сондықтан гигиенистердің алдында тұрған басты мәселе, ол санитарлық тәртіпті жоспарлау және дәріхана мекемелерін эксплуатациялау, дәріхана қызметкерлерінің еңбек жағдайын оптимизациялау бойынша гигиеналық нормалар мен шаралар жүйесін жасау. Дәріхана мекемелеріндегі санитарлы-гигиеналық тәртіптің сақталуын әруақытта бақылау жүргізетін санитарлық дәрігерлердің жұмысының маңызы зор.
Гигиена негіздерін білу дәріхана қызметкерлеріне келесі мақсатты орындау ұшін қажет:
- білікті, жоғары кәсіптік деңгейде халыққа дәрілік қызмет көрсету;
- дәрілерді жасау, сақтау және беруде қолайлы жағдай жасау;
- дәріханаішілік инфекцияның алдын алу;
- қызметкерлердің еңбегіне қолайлы жағдай жасау;
- тиімді түрде еңбекті ғылыми ұйымдастыру, жаңа жабдықтарды, автоматизация және механизация құралдарын енгізу. Бұл алдын ала гигиеналық апробациясыз және оларды қолдану бойынша гигиеналық қорытындысыз іске асырылмайды;
- санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу, халықтың мәдениетін көтеру, яғни дәріхана гигиеналық дағдыларды игеру мектебі болып табылады.
Сондықтан, дәріхана мекемелерінің гигиенасы – дәріханадағы кәсіптік еңбектің организмге әсерін және дәріхана қызметкерлерінің денсаулығын сақтауға, еңбек өнімділігі мен еңбекке қабілеттілігін көтеруге бағытталған гигиеналық шараларды жасайды және де қалыпты санитариялық-гигиеналық жағдай жасауға бағытталған шараларды қарастыратын гигиеналық ғылым саласы. Дәріхана мекемелерінің гигиенасы көптеген пәндермен жанасады (интегрирует), әсіресе фармацевтикалық пәндермен. Дәрі-дәрмектерді дәріхана және заудтық технологиясымен тығыз байланысты, себебі санитариялы-гигиеналық және эпидемияға қарсы
...