Топырақ гигиенасы
Автор: arailum99 • Май 2, 2020 • Реферат • 2,723 Слов (11 Страниц) • 3,673 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Топырақ гигиенасы
Орындаған:Оңлабай А.Б
Топ:МӨӨТ-301
Тексерген: Омарова А.Б
Павлодар 2020жыл
Жоспар
- Топырақтың гигиеналық маңызы
- Топырақтың физикалық қасиеттерінің гигиеналық маңызы
- Топырақтың химиялық құрамының гигиеналық маңызы
- Топырақтың биологиялық қасиеттерінің гигеналық маңызы
- Топыраққа санитарлық баға беру
Топырақтың гигиеналық маңызы
Топырақ деп жердің үстіңгі бос, құнарлы қабатын (литосфера) айтады. Топырақтың түзілуіне әртүрлі факторлардың жинағы әсер еткен:
1) материялық тау жыныстары
2) өсімдік және мал организмдері;
3) ауа райы;
4) түзілу мезгілі;
5) жер бедері;
6) адамдардың іс әрекеттері.
Атмосфера ауасынан топырақтыц эртүрлі үстіне түскеп затгарды (тынайтқыштар, нестидидтер, ірі өндірістердің, мал шаруашылықтардың қалдықтары т.б.) жинақтап (аккумилировать) ыдыратып күрделі ораникалық заттарды жай минералды заттарға айналдырып жіберетін касиеттерімен ерекшеленеді. Ластанған топырақ мал организміне тікелей және жанама (өсімдік, су, қора ауасы т.б. арқылы) әсерлерін тигізеді. Топырақтың гигиеналық сипаттамасы оның физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерімен бағаланады.
Топырақтың физикалық қасиеттерінің гигиеналық маңызы
Топырақтың физикалық қасиеттері негізінен оның механмкалық кұрылымына (структу расы) байланысты болады. Механикалық қүрамы бойынша екі топқа бөлінеді: қүрылымды және күрылымсыз боп.
Гигиеналық тұрғыдан алғанда қүрылымды топырақтарға тас - тастақ, қыйыршық тасты, кыйыршық құмды, кұмды, ал күрылымсызға сазды, саздақ, тозаңды болып бөлінеді. Топырақтың механикалық құрамы кестеде көрсетілген. Гигиеналық көзқарастан алғанда топырақтың мынандай физикалық касиеттерінің үлкен маңызы бар: кеуектігі, су өткізгіштігі, капилдярлықтығы, гигроскопиялық (жұтқыштығы, бойына сіңіргіштігі), ауа өткізгіштігі және жылылығы.
Топырақтың құрылымы.
Топырақ атауы | Түйірлер мөлшері, мм | Құрамдарында | |
ірі түйірлер, % | усак (саз) % | ||
Кыйыршық тасты | 0,25 - 3 | 80 - ге дейін | 20 - 30 |
Қыйыршық қүмды | 0,25 - 3 50 | 50 / - / - / - | 50 - 60 |
Құмды | 0,25-0,1 | 50 / - /- / - | 20-30 |
Саздық | 0,1-0,01 | 50 /- / - / - | 50-60 |
Сазды | 0,01-0,007 | 80 / - / - /- | 10-20 |
Тозаңды | 0001-кіші | 100 / - / - / - | - |
Кеуектігі - топырақтың түйіршіктерінің аралықтарындагы бос кеңістік орындар (куыстар). Олардың көлемі түйірлердің мөлшеріне, орналасуына жәие формасына байланысты болады. Қүрылымсыз гопырақтарда (саз саздақ, торфты, мергелді) кеуектігі жоғары болады. Себебі ұсақ түйірлер құрылымсыз топырақтарда көп болады да, олардың арасында бос орындар көлемі жағынан кіші болғанымен жалпы беттерінің ауданы артық болады, ал кұрылымды топырақтарда (қыйыршық, құм, құмайг, қаратопырақ)түйіршіктері ірі, бірақ жалпы кеуектігі төмен болады. Егер, қүрылымсыз ұсақ түйірлі топырақгардың кеуектігі 85 % дейін болса ірі түйірлі кұрылымды топырақтардың кеуектігі 30 % кем болады.
...