Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фармакопея. Дәріхана. Дәріханалардың құрылымы мен функциясы. Рецепт

Автор:   •  Февраль 1, 2022  •  Практическая работа  •  1,048 Слов (5 Страниц)  •  446 Просмотры

Страница 1 из 5

Зертханалық-практикалық сабақ №1.

Тақырыбы: Фармакопея. Дәріхана. Дәріханалардың құрылымы мен функциясы. Рецепт

Бақылау сұрақтары:

1.Фармакопея.

Рецептура – дәрілік заттардың түрлерін жасап–дайындау және беру

ережелерін зерттейтін ғылым. Рецептура – дәрігерлік және фармацевтік

болып бөлінеді. Дәрігерлік рецептура әртүрлі дәрілік зат түрлеріне рецептер жазу, ал фармацевтік рецептура - дәрілік зат түрлерін жасап–дайындау және беру тәртібін, ережелерін зерттейді.

Дәрілік заттар дегеніміз әртүрлі сырқаттарды емдеу және олардың

алдын алу шараларына колданылатын белгілі бір химиялық құрамы және

физикалық күйі бар заттар.

Дәрілік заттың түрлері дегеніміз әртүрлі фармацептикалық өңдеу

арқылы, ағзаға енгізуге қолайлы және тиімді әсер етуі үшін дәрілік заттарға

берілетін түр. Мұндай дәрілік зат түрлері сыртқы ағзаларға, ішке ішуге,

парентеральдық жолдар (бұлшық етке, тері ішіне, тері астына, күре тамыр

арқылы т.б.) ингаляция арқылы, тік ішек арқылы, тыныс жолдары арқылы

қолданылады.

Дәрілік заттар өсімдіктерден, микробтар мен саңырауқұлақтардан,

микробиологиялық жолдармен, жануарлардың ұлпалары мен ағзаларынан

алынады және химиялық құрылымын зерттеу негізінде жасанды

(синтетикалық) жолмен жасалынады.

Дәрілік заттарды шығару, олардың әсер етуін бақылау және қолдану ҚР

Денсаулық сақтау министрлігіндегі Мемлекеттік фармакопея бөлімінде

және ҚР АШМ Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздік

департамент бекіткен нұсқаулар арқылы жүзеге асырылады.

Фармакопея заң жүзінде тағайындалған, дәрілік заттардың алфавит

тәртібімен топтарға жіктеліп жазылған мемлекеттік жиынтық кітабі.

Фармакопеяда жеке топтастырылған дәрілік заттардың қасиеттері, әсер етуші

бастамаларының анықтамасы сақталу шарттары көрсетіледі.

Жалпы фармакопеялық құжат

1)Физикалық, физика-химиялық, химиялық, биохимиялық, биологиялық,

микробиологиялық және басқа да тәсілдерді қоса талдаудың жалпы

тәсілдеріне;

2) Белгілі бір дәрілік нысанның жалпы сапа көрсеткіштеріне және сынақ

тәсілдеріне;

3) Талдама жүргізгенде қолданылатын жабдықтардың немесе аспаптардың

мөлшерленетін сипаттамаларына;

4) Қолданылатын реактивтерге қойылатын жалпы талаптарға;

5) Титрленген ерітінділер мен индикаторларды дайындауға, сақтауға және

пайдалануға қойылатын талаптарға;

6) Олардың қолдану салаларын көрсете отырып, терминдерді анықтауға

әзірленеді.

Алғаш фармакопея Ресейде 1866 жылы жарық көрді, ал 1968 жылы

КСРО Мемлекеттік фармакопеясының 10-шы басылымы шығарылды. Әрбір

5-10 жыл сайын фармакопея жаңаланып, басылып отырады және ескірген

дәрі-дәрмектер мен препараттардың орындарына жаңа, әрі тиімдірек әсер

етуші дәрілер енгізіледі.

Зауыттар мен ірі дәріханаларда жасалынатын және фармакопеяда

көрсетілген барлық дәрілік формалар официналдық -_offiсinе_- дәріхана, ал

дәрігерлердің өтініш нұсқаулары (рецепт) негізінде дайындалған дәрілік

формалар магистралдық - magister_- оқытушы, жетекші формалар деп

аталынады.

2.Дәріхананың құрылымы.

3.Дәрі-дәрмектерді жазу (рецепт) бойынша дайындау кезіндегі жұмыс ережесі.

Рецепт – дәрігердің дәрі жасап беру туралы дәріханаға немесе фармацевтке жазбаша түріндегі өтініші. Ол құнды құжат болып табылады.Рецептке үш адамның жауапкершілігі жүктеледі: рецепті жазған адам; рецепт бойынша дәрі жасаған адам және сол дәріні ауру малды емдеуге қолданған дәрігер.

...

Скачать:   txt (15.6 Kb)   pdf (103.2 Kb)   docx (290.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club