Өндіріс кәсіпорындарының жұмыстарын экономикалық жоспарлау
Автор: aiymrymbekova • Ноябрь 15, 2021 • Реферат • 4,671 Слов (19 Страниц) • 225 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Экономика және құқық факультеті
Экономика кафедрасы
РЕФЕРАТ
Пәні бойынша:Сала экономикасы
Тақырыбы: Өндіріс кәсіпорындарының жұмыстарын экономикалық жоспарлау
___________
(бағасы)
Жетекшісі
Аға оқытушы
(қызметі, ғылыми дәрежесі)
Султанбеков Мырзабек Балтабекович
(аты-жөні)
___________ _____________
(қолы) (күні)
Білім алушы
Рымбекова Айым
(аты-жөні)
Бт-401
(тобы)
___________ ___________
(қолы) (күні)
2021
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Өндіріс кәсіпорындарының жұмыстарын экономикалық жоспарлау 4
1.1 Жоспарлау элементтері мен кезеңдері 5
2 Жоспарлау түрлері 7
2.1 Кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыруына байланысты болатын ішкі және сыртқы факторлар 9
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жоспарлау басқару функцияларының ең бастысы болып табылады. Шетелдік мамандардың анықтауы бойынша фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлау жүйесінде шешім қабылдау фирманың тиімді жұмыс істеуін және болашақта дамуын қамтамасыз етеді. 20-шы жылдары ірі концерндер фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлауға аса зор көңіл бөлді. Бұл кезеңде ірі монополистік бірлестіктер бірыңғай жоспарсыз өмір сүре алмай қалды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де мұндай қажеттілік одан әрі қатты сезіле бастады. Мұның негізгі себебі ғылым мен техника жаңалықтарына және басқа да проблемаларға тығыз байланысты болды. Ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде өндірістің жаңа салалары дами бастады. Есептеуіш машиналар өндірісі қаулап дами бастағандықтан, электрондық-есептеуіш машиналардың пайда болуы фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлауға үлкен өзгерістер енгізе бастады. Электронды-техникалық машинамен бірге жаңаша математикалық әдістер қолданыла бастады. Мұның бәрі жоспарлауды жоғары деңгейге көтерді. Шетелдік кәсіпорындар өз жұмыстарын жоспарлау үшін арнаулы машиналар, техникалар, ақпараттарды қолданды. Қазіргі кезеңде ірі өндірістік кәсіпорындар өз жұмыстарын ұзақ мерзімге жоспарлайтын болды. Фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлаудың мәні оның негізгі мақсаттарымен анықталады:
...