Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасы
Автор: Aruerko • Март 9, 2023 • Курсовая работа • 4,512 Слов (19 Страниц) • 191 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе .............................................3
1.Медеу ауданы әкімдігінің басқару құрылымына сипаттама........................5
1.1 Медеу ауданы әкімдігінің басқару құрылымына құрылу тарихы.............6
1.2 Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.................................7
2. «Алматы қаласы Жасыл эконоика басқармасы» сипаттама ......................11
2.1«Алматы қаласы Жасыл эконоика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.................................13
2.2 Мемлекет мекеменің құрылымы .............16
3. Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасы...............20
3.1 Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыты ..............................21
3.2 «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» 2022 жылғы проекттері......23
Қорытынды........................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................25
Кіріспе
Практика – бұл студенттің білім алуының маңызды кезеңдерінің бірі.
Өңдірістік практикасының мақсаты - басқару пәндері бойынша теориялық және практикалық білімдерді бекіту және кеңейту, оларды нақты мәселелерді шешуде қолдану және өзіндік жұмыс жүргізу дағдыларын дамыту.
Өңдірістік практиканың негізгі міндеттері:
- оқу процесінде оқылған теориялық білімді бекіту және тереңдету;
-студенттердың практикалық дағдыларды игеруі;
- басқару жүйесінің негізгі құрылымдарымен танысу;
- ұйымның сыртқы ортасын талдаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметі шеңберінде мемлекеттік басқару мен реттеудің заманауи әдістері жүйесін пайдалану нысандарын анықтау.
Тапсырмаларды орындау барысында оларды оқу тәжірибеден өту туралы есепте төменде көрсетілген.
Студенттік тәжірибе барысында мен әкім аппаратының жұмысымен таныстым, іскерлік құжаттар мен жұмысқа қажетті нормативтік құқықтық актілерді және Қазақстан Республикасының заңдарын, сонымен қатар әкімдік құрылымын және оның қызметкерлерінің функцияларын зерттедім.
Студенттік практиканың теориялық және әдіснамалық негізі келесі материалдар болды: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық актілері, статистикалық дереккөздер, ресми құжаттар.
Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – мекеме жұмысының барысы мен жұмыстардың жүзеге асырылу тәртібін, құжаттардың дұрыс толтырылуын және аймақтағы жұмыссыздық денгейін зерттеу болды. Мемлекеттік қызметшінің іскерлік қатынасы тиімділігінің аса маңызды шарты олардың өз коммуникативтік мүмкіндіктерін, коммуникативтік құзыреттілігінің деңгейін білуі болып табылады. Мемлекеттік қызметке өздеріне сенетін адамдардың қызмет ететіні белгілі, олардың көбісі барлық қатынастарда, соның ішінде іскерлік қатынас саласында да табысты, қабілетті болып саналады. Осы сенімділік көп ретте кәдімгі жаңылысу болып шығады да, мемлекеттік қызметші өзінің коммуникативтік проблемалары туралы білдім. Көптеген оқыған теорияларымды практика жүзінде қолдана алдым. Болашақта өзіме жұмыс барысында керек болатын көптеген мәліметтер қорына ие болдым. Тәжірибе өту барысында орталықтың қызметі мен міндеттерімен, құрылыммен таныстым. Берілген мәлімметтерді, ақпараттарды қолдана отырып, құжаттармен жұмыс жасадым. Аймақта сауалнама жүргізіп жұмыссыздық деңгейін анықтай алдым. Мемлекеттік мекеменің нормативтік – құқықтық актілерді талдау барысында қажетті ауданның динамикалық даму жоспарын жасауға өз үлесімді қостым. Арнайы семинарлық жұмыстар және жұмыссыз тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп тәжірибеден өту барысында алған мәліметтерді қорытындыладым.
...