Тәжірибе бағдарламасының мазмұны
Автор: 150598 • Июнь 15, 2018 • Практическая работа • 5,678 Слов (23 Страниц) • 1,348 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА, ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» КАФЕДРАСЫ
«5В050800 - ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ»
МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМА
АСТАНА, 2018
5В050800 - «Есеп және аудит» мамандығы студенттерінің өндірістік тәжірибеден өту бойынша бағдарламасы және әдістемелік нұсқаулық 5.04.019-2011 ҚР МжМБС сәйкес дайындалған. Жоғары оқу орындары. Бакалавриат Негізгі ережелер.
5В050800 - «Есеп және аудит» мамандығы студенттерінің өндірістік тәжірибеден өту бойынша бағдарламасы және әдістемелік нұсқаулық
«Экономика, есеп және аудит» кафедрасы мәжілісінде қарастырылған
Хаттама №_____ « ___ » ____________201__ ж.
Кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент ____________ Нургалиева А.Ш.
Казақ технология және бизнес университетінің Оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған
Хаттама №_____ « ___ » ____________201__ ж.
МАЗМҰНЫ
1. Жалпы ережелер | 4 |
2.Тәжірибе бағдарламасының мазмұны | 7 |
3. Тәжірибеден өту нәтижесін рәсімдеу тәртібі | 15 |
4. Тәжірибе есебін қорғау тәртібі мен мерзімі | 19 |
5. Қосымшалар | 20 |
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
- Өндірістік тәжірибе ерекшеліктері
Өндірістік тәжірибе – білім деңгейін тексерудің негізгі түрлерінің бірі бола тұра, теориялық білімді тереңдету мен іс жүзінде бекіту болып табылады. Диплом алдындағы тәжірибе нарықтық экономикаға кәсіби бағдарланған мамандарды, біліктілігі жоғары экономист-бухгалтерлерді дайындаудағы оқу үрдісінің басты құрамдас бөлімі. Диплом алдындағы тәжірибе оқу үрдісінде алынған теориялық білімді нығайтуға, тәжірибелік дағдыларға машықтануға, сондай-ақ озат істерді игеруге бағытталған.
Өндірістік тәжірибеден өту барысында студенттер тәжірибеден өткізуге келісім берген кәсіпорынның қызметі туралы деректер жинақтайды. Диплом алдындағы тәжірибе оқу жоспарына және 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономист біліктілігінің сипаттық талаптарына сай ұйымдастырылады.
Өндірістік тәжірибеден өту бағдарламасы мамандық студенттерімен оқып зерттелген бухгалтерлік есеп принциптері, қаржылық есеп, басқару есебі, салық есебі, аудит тәрізді арнайы пәндердің типтік бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Өндірістік тәжірибеден өту орны ретінде өнім өндірумен, қызмет түрлерін көрсетумен айналысатын ұйымдар мен кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, банк, сақтандыру компаниясы, зейнетақы қорлары, сондай-ақ оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары болуы мүмкін.
Әдістемелік нұсқаулардың мақсаты - тәжірибеден өту кезінде қажетті талаптарды, нұсқаулар мен ережелерді және тәжірибе есебін қорғау тәртібін, оның орындалу сапасын анықтау.
1.2 Өндірістік тәжірибенің мақсаты мен міндеттері
Өндірістік тәжірибе мақсаты оқыту процесінде студенттермен алынған теориялық білімді әрі қарай шыңдау және тиянақтау, іс-қызметтік тәжірибелік машықтарды үйрену мен бухгалтерлік есеп, аудит, экономикалық талдау жүргізу техникасын игеру болып табылады.
Өндірістік тәжірибенің міндеттері:
1. Кәсіпорынның ұйымдастырылу құрылымымен, қызметтік ерекшеліктерімен және негізгі бөлімшелерінің қызметімен танысу.
2. Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштерімен, техникалық процесстерімен және оларды басқаруды ұйымдастырумен танысу.
3. Кәсіпорында бухгалтерлік есеп, талдау мен аудиттің ұйымдастырылуын зерттеу:
- есеп саясатының ережелерін қарастыру;
- қолданылатын бухгалтерлік есеп жүргізу нысандарын зерттеу;
- құжат айналымымен, есептік ақпаратты жинау және өңдеу тәртібімен, алғашқы (бастапқы) құжаттар мен есеп регистрлерін құрумен, аналитикалық (талдамалық) есеп нысандарымен танысу;
...