Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері
Автор: Aidanf • Май 25, 2022 • Доклад • 4,295 Слов (18 Страниц) • 338 Просмотры
II тарау. НАТУРАЛ САНДАРДЫҢ БӨЛІНГІШТІГІ
2.1. Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері
I. Натурал санның бөлгіштері.
1-тапсырма. Жаттықтырушы 15 теннис шаригін бірнеше спортшыға өзара тең бөліп беру керек. Жаттықтырушы теннис шариктерін неше спортшыға тең бөліп бере алады? Дүрыс жауаптарын таңдап алыңдар:
A. 2 спортшыға;
B. 3 спортшыға
C. 4 спортшыға;
D. 5 спортшыға.
Өзіңді өзің тексер.
Жауабы:
15 теннис шаригін 3 спортшыға немесе 5 спортшыға өзара тең (қалдықсыз) бөліп беруге болады. Мұндағы 15 саны қалдықсыз бөлінетін 3 және 5 сандары – 15 санының бөлгіштері деп аталады.
[pic 1]
1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болады.
Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші сол санның өзіне тең.
Онда 15 санының төрт бөлгіші бар: 1, 3, 5, 15.
Жазылуы:
Б(15) = {1, 3, 5, 15).
Мысалы, 1) Б(18) = {1, 2, 3, 6, 9, 18);
2) Б(13) - (1,13);
3) Б(30) = {1, 2, 3, 5, 6, 10, 15, 30}.
"Бөлінеді" деген сөздің орнында "қалдықсыз бөлінеді" немесе "бүтіндей бөлінеді" деген түсінік пайдаланылады.
Мысалы, 24 санының бөлгіштерін табайық.[pic 2][pic 3][pic 4]
24 санының
бөлгіштер жұптары[pic 5][pic 6][pic 7][pic 8]
24:1=24 1 және 24 24:24=1
24:2=12 2 және 12 24:12=2
24:3=8 3 және 8 24:8=3[pic 9][pic 10][pic 11][pic 12]
24:4=6 4 және 6 24:6=4
Егер 24 санының бөлгіштерін өсу ретімен жазсақ:
1 | 2 | 3 | 4 |
24 | 12 | 8 | 6 |
1, 2, 3, 4, 6, 8, 12, 24 немесе
Мүндағы 1 және 24; 2 және 12; 3 және 8; 4 және 6 - 24 санының бөлгіштер жұптары.
1 • 24=24; 2 • 12=24; 3 • 8=24; 4 • 6=24.[pic 13]
Бұл натурал санның бөлгіштер жұбының қасиеті.
II. Натурал санның еселіктері.
2-тапсырма. Вафли әрбір қорапшаға 14 кг-нан бөлініп салынған. Егер массасы 50 кг-нан кем вафли керек болса, толық, ашылмаған қорапшалармен неше килограмм вафли алуға болады? Дұрыс жауаптарын таңдап алыңдар:
Өзіңді өзің тексер.
А. 20кг B. 28 кг; C. 36 кг; D. 42 кг.
Жауабы. Ашылмаған толық қорапшалармен 28 кг немесе 42 кг вафли алуға болады.
14-ке, 28, 42 сандары бөлінеді, ал 20, 36 сандары бөлінбейді.
Онда, 28, 42 сандары 14 санының еселіктері деп аталады.
[pic 14]
Берілген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне тең.
Кез келген натурал санның еселіктері шектеусіз көп.
14, 28, 42, 56, 70, … натурал сандары 14 санының еселіктері болып табылады.
Жазылуы: E(14) = {14,28, 42, 56, …).
Мысалы: E(5) = (5, 10, 15, 20 …);
E(21) = (21, 42, 63, 84, …);
E(25) = (25, 50, 75, 100, …).
1. Қандай санды берілген натурал а санының бөлгіші деп атайды? Мысал келтіріндер.
2. Берілген натурал санның бөлгіштер жүптарын қалай табамыз?
3. Қандай санды берілген натурал а санының еселігі деп атайды? Мысал келтіріңдер.
167. 1) 35, 29, 28 сандарының барлық бөлгіштерін атаңдар;
2) 4, 8, 13 сандарының әрқайсысының алғашқы үш еселігін атаңдар.
А
168. 1) а) 9; ә) 14; б) 45; в) 75
сандарының бөлгіштерін жазыңдар.
2) а) 8; ә) 11; б) 15; в) 27
сандарының алғашқы төрт еселігін жазыңдар.
169. 1) 5, 9, 15, 21, 24, 50 және 60 сандарынан 120-ның бөлгіштерін теріп жазыңдар.
2) 45, 50, 70, 75, 90, 100 және 125 сандарынан 25-тің еселіктерін теріп жазыңдар.
170. Бірі екіншісіне бөлгіш болатын сандарды теріп жазыңдар:
5 және 45;
8 және 34;
17 және 51;
12 және 60;
...