Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіпкерлік және оны мемлекеттік қолдау

Автор:   •  Июнь 16, 2018  •  Эссе  •  2,476 Слов (10 Страниц)  •  2,180 Просмотры

Страница 1 из 10

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия Ұлттық университеті

Факультет: Экономика

Кафедра: «Есеп, аудит және талдау»

Орындаған: Қалдарбек Г.Е

Жетекші: Арысанбеков Қ.Т

Кәсіпкерлік және оны мемлекеттік қолдау

Жалпы кәсіпкер болу әр адамның маңдайына жазылған несібе деп айта алмаймыз. Сонда да, өз мүмкіндігіне сене білген, алға ұмтылған әр азамат небір сыннан  сүрінбей өтіп, биік белестерді бағындыра алады деп ойлаймын. Көпке танымал тұлғалардың өмір жолдары бұған мысал. Ал, айталық, бизнес әлемінде емін-еркін кәсіптеніп, өз ісіңді нәсіп ету үшін не істеу керек? Үйренуден жалықпай, оқып-машықтану, іздену, білім алу, тәжірибе жинақтау – меніңше, ең басты қағидаттар осы деп ойлаймын. Кәсіп бастау әркімнің қолынан келе бермейді. Кәсіпкер болуды кім армандамайды дейсің. Менің ойымша, дәл қазір Қазақстанның жастарының басым көпшілігі осыны армандайды. Бірақ та, олар бизнес бастап , кәсіп ашуды армандағанмен, оған қадам басуға көбінің жүрегі бармайды. Бәрі бизнес деген қиын нәрсе, оған бір талант керек, болмаса тірек керек немесе қомақты ақша керек, тамыр- таныс керек деп ойлайды. Ал кейбіреулері бұрынғы жұмысыма зар болып қаламын ба, осыдан жұмысымды тастап бизнеске кетіп банкрот болып қалсам отбасымды баға алмай қаламынба деп жүрексінеді. Осылай кәсіп бастай алмай, бұрынғының қыспағында жүрген талай- талай адамдар бар. Тәуекелге бел буған адамдар кәсібін домалатып, жетер жетістіктеріне жетіп жатыр. Бірақ осыған дейінгі статистикаға назар аударсақ, кәсібін бастаған 100 адамның 5%-ы ғана жетістікке жетеді екен, ал қалған 95%-ы жығылып, банкрот болады екен. Сол 95%-дың біразы кәсібін 1-ші, 3-ші рет қайта бастап жетістікке жетеді екен, ал көбі тауы шағылып, меселі қайтып қалғанннан кейін бұл менікі емес екен деп қолын сілтей салады екен. Қазіргі замандағы жағдай мүлдем басқаша. Технология, интернет, цифрлық технология дамыған уақытта кәсіп бастау жеңілірек болып қалды.

Кәсіп бастауға менің ойымша мына қасиеттер керек:

- кәсіпті бастауға деген ниет (мен ешкімге жұмыс істемеймін, мен еркін адаммын, ешкімнің пікірінсіз өз жолымды, бағытымды таба білемін деген ниет);

- кәсіпті соңына дейін жеткізуге жарардай ерік-жігер ( кәсіп деген оп-оңай, шырт еткізсең жүре салатын шаруа емес, оны істеу үшін де адамға кішкене ерік-жігер, табандылық керек);

- машық (кәсіп жасау үшін белгілі-бір техниканы меңгеруге деген қабілет);

  Әйгілі  Майкл Делл 19 жасында бірінші курс студенты бола отырып, Dell Computer Corp.. құрды. Фирманың алғашқы капиталы небәрі 1 мың долларды ғана құраған екен. Ал Майкл 40 жасқа толғанда, компанияның сату көлемі 45 млрд. долларға жетті. Нарықты капиталдандыру бойынша Dell әлемдегі компьютер өндірушілердің арасында бірінші орынға шықты. Және ол мынандай 9 ережені ұстанған екен. Қарастырып өтсек:

1. Нарықты мұқият зертте. Орындауға қажетті жұмыс көлеміне қатысты  әрқашан реалист бол. Алайда, тұрақты іздену, саралау және бизнесті кеңейту маңыздылығы туралы ұмытпа.

2. Делдалсыз сат.  Ұқыпты болжамда. Қорларды басқару бойынша жоспар құрастыр, бірақ өндіруді және сатуды қорлар мүлдем болмайтындай ұйымдастыр.   Өнім айналымын бақылауда ұста.

3. Өз жеткізушілеріңді сүй.  Компьютерлер өндірісіне зейін қойма –тұтынушыларға зейін қой. Жеткізу тізбегін өзіңнің тұтынушылық құндылықтары тізбегіне қос.  Бәрінен жақсы не істей аласың – соған назар аудар. Артық қиындықтардан сақ бол. Сапаны үнемі бақыла. Алдымен тапсырыс, содан кейін жеткізу.

4. Өз қызметкерлеріңді сүй. Басшы қандай болса, компания да сондай. Сенің фирмаңның корпоративтік мәдениеті жақын, дайындалған адамдарды жұмысқа ал. Ешқашан материалдық және моральдық көтермелеуден аянба. Әйтпесе,  қызметкерлеріңді де, нарығыңды да жоғалтасың.

5. Табысыңа тек сенің клиенттерің кепілдік береді. Жаппай клиентті ізде. Өз компаниянның жағымды имиджі жаса да, оны тұрақты түрде нығайтып отыр. Сатып алушыға бағдарланған корпоративтік мәдениетті жаса. Тұтынушылармен кері байланысты тиімді қыл. Стратегиялық байланыстарды орнату туралы ұмытпа, олардың қазір   беретіні мүмкін аз шығар, бірақ бір жылдан кейін олардың көмегімен әлдеқайда көп пайда алуға болады.

...

Скачать:   txt (38.2 Kb)   pdf (128.2 Kb)   docx (22.8 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club