Ауысымына қуаты 5 т мал сою цехын жобалау
Автор: Nuray Duisen • Декабрь 13, 2018 • Курсовая работа • 3,270 Слов (14 Страниц) • 480 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет: «Экономика және құқық»
Кафедра: «Экономика»
Мамандық: «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: «Өндіріс экономикасы және оны ұйымдастыру»
Тақырыбы: «Ауысымына қуаты 5 т мал сою цехын жобалау»
Студент: ПП-513 ___________ Әмзе Р.М
(қолы, күні)
Тексерген: ___________ Нуралина Қ.Т.
(қолы, күні)
___________________
(баға)
Семей 2018
Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................3
1. Жоспарланатын өндіріс саласына қысқаша шолу.................................5
2. Өндірістік бағдарламаны құрастыру.......................................................7
3. Маркетинг стратегиясын және жоспарын құрастыру............................9
4. Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру.............11
5. Кадрлар және еңбек ақы төлеу жоспарын құрастыру.........................17
6. Өнiмнiң өзiндiк құнын жоспарлау. Бағаның жасалуы.........................20
7. Қаржы жоспары. Инвестициялардың тиімділігін есептеу..................23
Қорытынды..................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................27
Кіріспе
Жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкер өз фирмасының өндірістік шаруашылық процесінде қаржы, материалдық еңбек және интеллектуалды ресурстардың қажеттілігін ғана емес сонымен қатар оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету керек.
Бизнесте өз қызметіне жоспар құрмаса, мақсатты нарықтардың жағдайы туралы ақпараттың жиналуы және талдануы тұрақты болмаса, бәсекелестердің жағдайын толық білмесе, тұрақты жетістіктер алуы мүмкін емес.
Кәсіпкерліктің көптеген формалары бар, бірақ барлық коммерциялық қызметтердің аумағында және потенциалды қиыншылықтарды болжау мен өтудің негізінде басты жағдайлар болады. Кез келген бизнестің оң нәтижесі кәсіпкерліктің сферасы, нарық конъюктурасы, қолданатын стратегияның дұрыс таңдалуы және қолдану тактикасына байланысты. Сол сәтте қәзіргі заманға жобалар ірі қаржы (инвестиция) қажет етеді, ол кәсіпкерде әр уақыт бола бермейді. Инвестиция туралы шешім қабылдау кәсіпкердің ең маңызды және қиын деп есептелінеді.[1]
Осы шешім қабылдағанда потенциалды инвестрдың алдында кәсіпкердің экономикалық қызметінің барлық аспектілері қызығушылық білдіреді. Ол әлеуметті экономикалық макроорта, инфляция көрсеткіштері, салық жағдайы, мақсатты нарық жағдайы мен даму перспективалары, өндірістік жағдайы, материалды ресурстар және жобаны қаржыландыру стратегиясы. Сырттан қаржы алғанда кәсіпкерге ең бірінші қарыз берушілердің (инвестор) мынадай екі сұраққа жауап қажет етеді : олар іске асқан сон қандай пайда табады және ақша жоғалту тәуекелі қандай?, сондықтан кәсіпкер өз бизнесінің мағыналы, пайдалы жақтарын көрсету және ең бастысы пайданы (минималды, мүмкін және максималды) алу мөлшерін көрсету. Қазіргі нарықтың киын заманында егеменді еліміз тәуелсіздік алып, экономикамыз енді ғана даму жолына түсе бастағанда біздің басты мақсатымыздың бірі шағын және орта бизнесті дамыту. Ол үшін тек қана мемлекет көмегіне сүйенбей осы кәсіпкерлікті нарық заңдарымен таныстыру. Оған жаңа айтылып өткен бизнес жоспар құрудың қажеттілігін және оны қалай дұрыс құруға болатындығын үйрету. [5]
...