Абай iлiмiндегi адамзатка арналfан гуманизм
Автор: Mereyeva00 • Ноябрь 11, 2024 • Реферат • 2,459 Слов (10 Страниц) • 28 Просмотры
«АБАЙ ЖӘНЕ АДАМЗАТТЫҚ ГУМАНИЗМ»
атты халықаралық форумына
өтініш
1. Мақала тақырыбы | АБАЙ ІЛІМІНДЕГІ АДАМЗАТҚА АРНАЛҒАН ГУМАНИЗМ |
2. Аты-жөні (толығымен) | Ораз Елмұрат Жақсылықұлы Мереева Айгерим Ибраймовна |
3. Ғылыми дәрежесі | Студент |
4. Жұмыс орны | жоқ |
5. Қала (облысы) | Алматы облысы |
6. E-mail | yelmurat.oraz@mail.ru mereeva.00@gmail.com |
7. Бағыты | «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» немесе гуманизм концепциясы |
«АБАЙ ІЛІМІНДЕГІ АДАМЗАТҚА АРНАЛҒАН ГУМАНИЗМ»
ОРАЗ Елмұрат, МЕРЕЕВА Айгерим
Сулейман Демирел университетінің студенттері, Қаскелең қаласы
yelmurat.oraz@mail.ru; mereeva.00@gmail.com
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» немесе гуманизм концепциясы
Мақалада Абайдың адамзат қауымына қатысты гуманистік ойлары сарапталған. Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерінде қатар өріліп жатқан гуманистік ілімдерін бүгінгі заман адамының қажеті мен сұранысына қатысы мысалмен дәйектелген. Адамзат қоғамындағы кесел әуелі әр баланың кішкетайынан берілген тәлім-тәрбиесімен суарылып, пенденің өсуімен ұлғаяды. Гуманизм идеялары кездесетін ақынның әр өлеңіне талдау жасалып, ұсынылған мәселелердің шешу жолдары оның шығармаларына сүйене отырып көрсетілді.
Хакім Абайдың адам болмысы зерделенген туындылары басшылыққа алынған бұл мақала мазмұнынан қоғамды құраушы әр адамның бойындағы кесел, ұлттың, өсе келе тұтас адамзаттың дертіне айналатынын байқауға болады. Оның бала тәрбиесі туралы тағылымдық ойларынан басталып, қазақ қоғамына айтылатын сындары, адамзат қауымына арналған гуманистік ілімінің алтын өзегі «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» дейтін тұжырымы мақалада талданды. Ол туындыларында адамзаттың бәрін сүй деп адамдарды сүйіспеншілік пен бауырмалдыққа шақырды. Оның негізгі идеясы руханият кеңістігіндегі адамгершілікті насихаттау арқылы сол замандағы қоғамды жаңаша күйге түсіру болғаны сөзсіз. Өйткені Абай өз халқының кемшілігін көріп, жұртшылықты ізгілікке шақырды. Ал бұл еңбекте қазақтың тұтас әлем тануы қажет дара тұлғасының тек өзі тіршілік еткен ортасына ғана емес, төрткіл дүние адамдарына арналған насихат сөздері берілген.
175 жыл өтсе де атамыз қалдырған ғибраты мол дүниелердің өзегі, айтар ойы ескірмек емес. Керісінше, оның жазған өлеңдері мен қара сөздеріндегі талай құндылық адамзатпен бірге жасап, бірге өлмек. Хакім қалдырған еңбектер адамзат қашан оқыса да қажетіне жарары сөзсіз. Дана Абай жазып қалдырған осы секілді дара ойлар жоғарыдағы мақалада мысалдармен дәйектеліп берілген.
Тірек сөздер: гуманизм, толық адам, адамгершілік, сүйіспеншілік, тәрбие, кемелдік, дін.
The article analyzes Abay's humanistic ideas about human nature, society. Abay's creation set out examples of the involvement of humanistic teachings in the needs of modern man. The problem of society appears first in the upbringing of children, develops with it. It can be noted the mental illness of each person who makes up society will become a disease of the nation, all mankind. A detailed analysis is made for each poem of Abay, where the ideas of humanism are found. It is stated the basis of Abay's humanistic principles was based on religious views, in the verses they are identical with each other. The article reveals Abay's idea of raising children, in Abay's humanism it is said that "love all people as your own brother" - the Golden core of the humanistic doctrine dedicated to human communication.
Abay leads people to patience, love for all mankind. The main idea was to modernize the society of that time by propagating morality in the terms of spirit, soul. Abai was a facilitator for people in that time calling them to do best. This work contains not only for the environment in which the Kazakh individual lives, but also for the people of the world. Even 175 years have passed the cone of Abai's instructive teachings will never become obsolete. Many of the values in his poems still alive and will alive even die with humanity. Such a great thoughts, written by Wise Abai, are illustrated in the above article with examples.
Keywords: humanism, words of wisdom, full man, love, morality, raising, maturity, religion.
Әр халықтың парасат шыңында тұрып ұлт көшін бастар кемеңгер ойшылы болатыны секілді дана Абай – дархан қазақтың дара ойшылы. Ол айтқан ұғымы терең сөз бен ол жазып қалдырған құндылығы жоғары дүниелер – жалғыз қазақтың ғана емес мұқым дүниедегі адамзаттың қажетіне жарайтын теңдессіз қазына. Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлы ақын туралы айтқан мына сөздері ойға оралады. Президент 2020 жылдың 9 қаңтар күні жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. Өйткені ақынның мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы» [4.1], - деп тұжырым жасап, хакімнің алаштың ғана емес, тұтас адамзаттың тұлғасы екендігін атап өтеді.
...