Қазақстандағы еңбек нарығы және жұмыссыздыққа қарсы шаралар
Автор: sssdy01 • Апрель 13, 2019 • Реферат • 645 Слов (3 Страниц) • 962 Просмотры
ЕжА-23 тобының студенті
Жумагалиева Жансаяның
«Кәсіпорын экономикасы» пәнінен
СӨЖ тапсырмасы
5-апта
1. Қазақстандағы еңбек нарығы және жұмыссыздыққа қарсы шаралар.
2. Кәсіпорын кадрларының құрамы мен құрылымы.
Еңбек нарығы – экономика жағдайын көрсетудуң айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби-біліктілік, демократиялық және басқа да көрсеткіштердің құрылымын байқатады.
ҚР-да еңбек нарығы қайта қалпына келіп жатыр. Өсімнің негізгі драйвері Астанадағы құрылыс секторы мен Алматыдағы сауда.
Қазақстандағы 2015 жылғы еңбек нарығына шолу
Қаладағы жалданбалы еңбек нарығы 2015 жылы күрт өсіп, қалалық жерлердегі жалданбалы еңбек нарығымен айналысушылардың саны бірден 155 мың адамға артты. Бұл 2011 жылдан бергі көрсеткіштің ең елеулі деңгейі.
Еңбек нарығының негізгі драйверлері Астана мен Алматы. Екі қаладағы жұмыс істейтін тұрғындардың саны бір жылда 113 мың адамға өсті. Бұл республика бойынша жылдық өсім көрсеткішінің 73%-ы.
[pic 1]
Алматыда қалалықтарды еңбекпен қамту негізінен сауда секторында жүзеге асуда - бұл салада еңбек етушілер қала экономикасындағы нақты жұмыспен қамтамасыз етілгендер өсімінің 50%-ын құрайды.
Ал, Астанада мұндай еңбек нарығындағы көрсеткіштің артуы құрылыс саласына тиесілі - бұл сектордағы өсім елорда экономикасындағы еңбекпен қамтылғандардың нақты көрсеткішінің 20%-ына жетті.
Астаналықтарды еңбекпен қамтудағы құрылыс секторының қарқыны ЭКСПО-2017 жобасын жүзеге асыруға байланысты жылдам өсім көрсетуде. Елодадағы жұсыпен қмту көрсеткішінің күрт артуы 2011 жылы Астананы халықаралық көрме өткізетін қала ретінде таңдаған соң басталды.
Қазіргі күнге дейін көрме өтетін нысандардың құрылысына салу үшін 8,8 мың адамға жаңа жұмыс орынын ашқан ЭСКПО-2017 Астананың құрылыс секторындағы жалпы көрсеткіштің 30%-ын құрап отыр. Бұған қоса ЭКСПО-2017 жобасын іске асыру барысында қажетті құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындарында тағы 8 мың жұмыс орыны сақталып келеді. Салыстыру үшін айтсақ, 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ-2015-2019) аясында 2015 жылы ел бойынша өндіріс орындарында 4,5 мың жұмыс орыны ашылған.
Жұмыс орны, мың | Бюджет шығыны, млрд.тг. | Бюджетті жұмсау тиімділігінің коэффициенті | |
ҚИИДМБ 2010-2014 | 150,0 | 2387,4 | 0,063 |
ИИДМБ 2015-2019 | 4,5 | 327,5 | 0,014 |
ЭКСПО-2017 | 16,8 | 34,9 | 0,481 |
*Бағдарлама басталғаннан 2015 жылдың соңына дейін Есеп ҚР ҰЭМ ЕК-нің, «Бәйтерек» холдингінің, ҚР Есеп комитетінің мәліметтері негізінде жасалды |
Бас мердігерлік ұйымдар ЭКСПО-2017 объектілерінің құрылысына 254 отандық тауар өндірушіні жұмылдырып, жалпы сомасы 33,703 млрд теңгені құрайтын келісім-шарттар бекіткен. Оның ішінде Астана қаласы бойынша (196 кәсіпорын) 21,6 млрд теңгеге, СҚО бойынша (1 кәсіпорын) 1,1 млрд теңгеге, Қарағанды облысы бойынша (20 кәсіпорын) 8,3 млрд теңгеге, Павлодар облысы бойынша (4 кәсіпорын) 0,7 млрд теңгеге, ОҚО бойынша (2 кәсіпорын) 0,02 млрд теңгеге, ШҚО бойынша (1 кәсіпорын) 0,1 млрд теңгеге, Ақмола облысы бойынша (13 кәсіпорын) 0,45 млрд теңгеге, Алматы қаласы бойынша (12 кәсіпорын) 1,3 млрд теңгеге, Алматы облысы бойынша (3 кәсіпорын) 0,2 млрд теңгеге, Жамбыл облысы бойынша (2 кәсіпорын) 0,1 млрд теңгеге шарт жасалды.
...