Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы көшпелілер мәдениеті және олардың қазақ халқының мәдениетіне тигізген ықпалын талдау

Автор:   •  Март 11, 2022  •  Эссе  •  946 Слов (4 Страниц)  •  992 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 

                             [pic 1]

                                              ЭССЕ

Факультеті: "География және табиғатты пайдалану"

Кафедрасы: "Рекреациялық география және туризм"

Тақырыбы: Қазақстандағы көшпелілер мәдениеті және олардың қазақ халқының мәдениетіне тигізген ықпалын талдау. Сақ, массагет, ғұн, үйсін және қаңлылардың мәдени мұрасы және олардың түркі халықтарының мәдени мұрасының қалыптасуындағы рөлін айқындау 

Орындаған: Болатбек Қ.Е.

Тексерген: Құдайбергенов С.Е.

                                                    Алматы 2022

«Мәдениет» деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, «мәдениет» үғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен өрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз.

Қазақ мәдениеті-көшпелі халық тарихының көрінісі. Мыңдаған жылдар бойы қазақ даласымен көшпелілер тайпалары жүріп жатты, олар өздерінің бірегей дүниетанымын қалыптастырды, өзіндік салттары мен дәстүрлерін қалыптастырды, көршілес халықтар мен мәдениеттермен ынтымақтастықта болды. Бүгінгі таңда Қазақстан мәдениеті-бұл көшпелі өткеннің рухымен қаныққан өнердің, дәстүр мен тұрмыстың алуан түрлерінің орасан зор қабаты. Көшпелілер мәдениетінің бір ерекшелігі — олардың мәдениетінің көбінесе синкретті болып келуінде . Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар , одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы араласты . Сол аркылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады , өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды . Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына , жақындасуына қозғаушы күш болған , дәнекер қызметін атқарған. Қазақ мәдениеті жөнінде мәселе қозғағанда, біз мынаны естен шығармауымыз керек. Рас, қазақ мәдениеті өзінің негізгі өзегі, тұрпаты жағынан көшпелі мәдениеттің үлгісінде жасалған өркениет. Қазак мәдениетінде отырықшы өркениеттің үлгілері аз болған жоқ. Отырықшы өркениет үлгілері әсіресе орта ғасырларда, Оңтүстік өңірлер мен Жетісуда отырықшы қала мәдениеті дәуірлеген кезде көбейе түскенін ескере жүргеніміз жөн. Қазақ мәдениетінің ұзақ даму тарихында бай рухани мұра қалыптастқан. Көптеген көшпелі халықтар сияқты, қазақтарға да мифтер, аңыздар, эпостар, шежірелер арқылы ауызша ақпарат беру тән. Көшпенділер өздерінің мәдени дәстүрлерін құлшыныспен қорғап, іс жүзінде басқа этностар мәдениеттерінің ықпалына жол бермеді, осылайша бүгінгі күні байқауға болатын рухани базаны сақтап қалды. Көшпенділердің өмірі өмірдің ауыр жағдайларына байланысты болды: адамның қатал климатқа бейімделуі, жайылымдардың ауысуы, су көздерінің жетіспеушілігі, қарсыластардың шабуыл жасау қаупі, малға қамқорлық. Қазіргі уақытқа дейін қазақтар үшін төрт түлік малы құнды, оны "Мал ашуы — жан ашуы"сияқты халық мақалдары растайды. Адамның өмір сүру ортасының ерекшеліктеріне икемделуі, бейімделу механимзмдері мәдениеттің белгілі бір түріне қарай жүзеге асады. Көшпелілік мəдениеті қазақ халқының материалдық және рухани құндылықтарының дамуына, қалыптасуына әсер етті деп айта аламыз. Бір-бірімен байланыстағы бұл құбылыстар мен үдерістердің нәтижесінде қазақ халқы кеңістікті бағдарлау, географиялық мүмкіндіктер сияқты бірегей қасиеттерге ие болып, соның арқасында олар көшпелі мәдениет экологиясынан туындаған географиялық нысандарға ат беріп, ерекше топонимикалық атаулар тауып, терминдер жүйесін қалыптастыра алды. Көш қазақ мәдениетінің көшпелі көрінісі. Салтанатты көшті өмірдің сәні ретінде бағалайтын қазақтар, көшті бір орыннан екінші орынға жұрт жаңалау үшін ғана емес, өз тұрмыс мәдениетін әйгілеп, көңіл көтерудің тамаша орайы деп білген. Сырттай сынай қарайтын ұлттар ойлағандай, көшіп-қонып, азып-тозып жүрген жоқ. Тереңрек айтсақ, қазақтың көш мәдениеті көне заманда көшпелі тұрмыс кешірген адамзат мәдениетінің соңғы сарқыны. Неше мың жылдан бері үзілмей жалғасқан  мәдениетінің соңғы тынысы.

...

Скачать:   txt (12.6 Kb)   pdf (124.3 Kb)   docx (64.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club