Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасында лизингтік операциялардың дамуы жайлы

Автор:   •  Декабрь 9, 2018  •  Эссе  •  736 Слов (3 Страниц)  •  1,004 Просмотры

Страница 1 из 3

                                            Жеңіс Ақбаян Ербақытқызы

Қаржы  2-курс

Қашықтықтан оқыту бөлімі (ДОТ)

                                                            Эссе

1. Қазақстан Республикасында лизингтік операциялардың дамуы жайлы

2. Трасттық операциялардың мәні.

3. Банктік менеджмент және маркетинг негіздері

                 1.Лизингтік операциялардың дамуы туралы айтпастан бұрын бірінші кезекте «лизинг» сөзінің мағынасын ашқым келеді. Жалпы лизинг дегеніміз – ол мүлікті жалға беру белгілі-бір уақытқа және сол мерзім өткеннен кейін оған сол мүлікті сатып алуға мүмкіндік беру. Лизингтің ерекшелігі үш жақты келісім болады, яғни сатушы, сатып алушы және лизингтік компания. Лизингтік операциялар б.э. 2000 жылдары Вавилонда пайда болса, 1952 жылы АҚШ-та алғашқы лизингтік компания «Юнайтед Стейтс лизин корп.» ,ал Европада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) құрылған болатын. Ал біздің елімізде алғашқы лизингтік компания 1989 ж «КРАМДС-лизинг» құрылды. Ал лизинг жөніндегі департамент 1995 ж 29 сәуірде құрылған болатын. Бұл департамент еліміздегі лизингтің дамуының үшінші кезеңінде құрылды. Еліміздегі лизингтік бизнестің дамуын белгілі ғалым К.А.Сағадиев үш кезеңге бөлген болатын: 1-кезең 1989-1992 жылдар аралығы, осы кезеңде лизингтік компанялар құрыла басталды. 2-кезең 1992-1994 ж аралығы, бұл кезеңде лизингтік дамудың басылуы болды. 3-кезең 1995-1997 ж бұл уақыт аралығында қайта жандану орын алды, яғни лизингтік бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін болды. «Эксперт онлаин» сайтынан алған мәліметтерім бойынша қазіргі таңда республикамызда активтер көлемі бойынша 8 лизингтік компания көш бастап тұр. Олардың алғашқы үштігін айтатын болсам, біріншісі «Казагрофинанс», екіншісі «Астана-финанс», үшіншісі «Альянс-лизинг». Ең соңғы орында «Центр лизинг» тұр. Сонымен қатар, еліміздегі лизингтік компаниялар өз қызметін елімізде ғана емес, басқа елдерде де жүзеге асырады. Мысалы, «СК лизинг» еліміздегі алғашқы халықаралық лизингтік компания болып табылады. Ал «Халық лизинг» Қазақстан мен Ресей территориясында қызмет атқарады,12 жыл Қазақстанда, ал Ресейде 5 жыл болды құрылғанына. Бұл мысалды келтірудегі мақсатым, еліміздегі лизингтің дамуын көрсеткім келді. Яғни еліміздегі лизингтік компаниялар тек еліміздің ішінде емес,шет елде де өз қызметін жүзеге асырады. Бұл еліміздің экономикасы үшін тиімді.

             2. Трасттық операциялардың мәні – бұл клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты операциялар болып табылады. Оның қатысушылары: траст құрылтайшысы, трастыны иемденуші, бенефициар. Мұндағы, траст құрылтайшысы – сенімді меншік иесіне сенім хат арқылы басқаруға беретін, мүліктің иесі; трастыны иемденуші – траст келісім шартына сәйкес, мүлікті басқару құқығын өзіне қабылдайтын тұлға: бенефициар – траст келісім-шартын өзінің пайдасына жарататын кез келген тұлға. Яғни, трастыны иемденушіге түсетін табыс бенефициар арқылы өтеді. Траст қызметіне: біріншіден, жылжымайтын және жылжитын мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялық портфельді қалыптастыру және оны басқару; үшіншіден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; қабілетсіз меншік иесінің мұраға қалдырған мүлкін басқару; төртіншіден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің қоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мұраға қалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.

...

Скачать:   txt (9.4 Kb)   pdf (94.3 Kb)   docx (12.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club