Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасындағы лизингтік қаржыландыру және оның переспективалары

Автор:   •  Июнь 22, 2022  •  Курсовая работа  •  6,426 Слов (26 Страниц)  •  210 Просмотры

Страница 1 из 26

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ............................................................................................................... 3

  1. ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.............................................................. 5
  1. Лизингтің түсінігі, анықтамасы және мәні................................................... 5
  2. Лизингтiңтүрлерiжәнежiктелуi.................................................................. 8
  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУЫНДАҒЫ РӨЛІ .................... 18
  1. Қазақстан Республикасындағы лизингтік қаржыландыру және оның переспективалары....................................................................................... 18
  2. Қазақстан Республикасының 2018-2020 жылдардағы лизингтік қаржыландыруды талдау............................................................................ 20
  1. ЛИЗИНГТІК ҚАРЖЫДАНДЫРУДЫҢҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ  ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАР ................................................... 22

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................... 26

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – оның шаруашылық қызметінің аса маңызды ажырағысыз бөлігі. Кәсіпорын экономикасындағы инвестициялардың маңызын айтып жеткізу өте қиын. Капитал қажет етушіліктің үнемі өсуі мен ұзақмерзімді факторлар рөлінің арта түсуі қазіргі заманғы өндіріске тән болып саналады. Сол мезгілде көптеген кәсіпорындардың инвестициялау үшін қажетті қаражаттары жоқ. Ал, кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі, өнімдер сапасын арттыруы және нарықтағы өзінің позициясын нығайтуы үшін, ол белгілі бір жағдайларда мүлік сатып алу жолымен өзінің қызметін инвестициялауы тиіс. Лизинг осындай әдістердің бірі болып саналады.

Қазіргі уақытта кәсіпорындардың көпшілігі дәл осы қысқамерзімді активтердің жетіспеушілігін сезінуде. Олар өздерінің негізгі құралдарын жаңалап, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізе алмауда, сондықтан лажсыздан займдар алады. Ал, өзінің негізгі құралдарын жаңалау қажет болған кезде жабдықтарды лизингке сатып алған тиімдірек болып саналады. Бұл ретте, негізгі құралдарды сатып алуға жұмсалатын әдеттегі несиемен салыстырғанда кәсіпорын қаражатын үнемдеу, негізінен, бір жылдан бес жылға дейінді құрайтын, лизингтің бүкіл мерзімі ішіндегі жабдық құнының 10%-на дейін жетеді. Қазақстандағы қазіргі экономикалық жағдай, сарапшылардың пікірі бойынша, лизингке қолайлы жағдай жасайды (және кәсіпорындарды соған итермелейді). Лизинг формасы жаңғыртуға қаражаты жоқ кәсіпорын мен инвестицияланған қаражатты қайтаруға жеткілікті кепілдік бере алмайтын кәсіпорынға несие беруге ықылассыз банк арасындағы қайшылықты болдырмауға көмектеседі. ҚР «Қаржылық лизинг туралы» Заңы, ҚР Үкіметінің қаулылары мен қаржылық лизинг мәселелері бойынша өзге де нормативтік-құқықтық құжаттар,теориялық, методологиялық және ақпараттық базасы болып анықталды. Бұл үшін сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттары, оған әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар, ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің деректері, елдің министрліктері мен ведомстволарының, жетекші лизингтік компаниялардың материалдары, сондай-ақ ғылыми әдебиеттерде және мерзімді басылымдарда жарияланған деректер пайдаланылды.

 Мұнан өзге, олар нормативтерді, сондай-ақ субъектілердің лизингтік қызметін реттейтін есеп саясатын одан әрі жетілдіру үшін бағдарлар ретінде пайдаланылуы мүмкін. Берілген ұсынымдар ұйымдардың есеп қызметі, оқыту жүйелері шеңберлерінде, сондай-ақ тиісті нормативтік актілерде, жоғары оқу орындарында пайдаланылуы мүмкін.

Жүргізілген зерттеудің жаңалығын анықтайтын неғұрлым маңызды нәтижелерге келесілер жатады:

 - әр түрлі дерек көздеріндегі «қаржылық лизинг» терминін түсінудегі қарама-қайшылықтар ашып көрсетілді;

...

Скачать:   txt (93.6 Kb)   pdf (732.1 Kb)   docx (820.1 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club