Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасында лизингтік операциялардың дамуы жайлы

Автор:   •  Ноябрь 16, 2019  •  Доклад  •  307 Слов (2 Страниц)  •  587 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақстан Республикасында  лизингтік операциялардың дамуы жайлы.

Бірінші  кезекте «лизинг» сөзінің мағынасын ашқым келеді,  лизинг– ол мүлікті жалға беру белгілі-бір уақытқа және сол мерзім өткеннен кейін оған сол мүлікті сатып алуға мүмкіндік беру. Ерекшелігі  үш жақты келісім болады, яғни сатушы, сатып алушы және лизингтік компания.

Тарихшылар мен экономистердің пікіріне жүгінсек, лизингтік мәмілелер біздің дәуірімізге дейін көне Шумер мемлекетінде бекітілген. Лизинг Аристотельдің «Байлық меншік құқығынан емес, пайдаланудан тұрады» дейтін трактатында қозғалғанын тарихшылар растап отыр.

   1952 жылы АҚШ-та алғашқы лизингтік компания «Юнайтед Стейтс лизин корп.»,  Европада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) құрылған болатын. Еліміздегі лизингтік бизнестің дамуын белгілі ғалым К.А.Сағадиев үш кезеңге бөлген болатын: 1989-1992 жылдар аралығы, осы кезеңде лизингтік компаниялар құрыла басталды. 1992-1994 ж аралығы, лизингтік дамудың басылу, 1995-1997 қайта жандану орын алды, яғни лизингтік бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін болды. «Эксперт онлаин» сайтынан алған мәліметтерім бойынша республикамызда активтер көлемі бойынша 8 лизингтік компания көш бастап тұр. Олардың алғашқы үштігі: біріншісі «Казагрофинанс», екіншісі «Астана-финанс», үшіншісі «Альянс-лизинг». Еліміздегі  лизингтік компаниялар өз қызметін елімізде ғана емес, басқа елдерде де жүзеге асырады. «Халық лизинг» Қазақстан мен Ресей территориясында қызмет атқарады. Бұл мысалды келтірудегі мақсатым, еліміздегі лизингтің дамуын көрсеткім келді. Яғни еліміздегі лизингтік компаниялар тек еліміздің ішінде емес, шет елде де өз қызметін жүзеге асырады.  Лизингтік қызметтер нарығы республикада 2003 жылдан бастап дамуда. Әсіресе, шағын бизнес субъектілері үшін өте  қолайлы. Қазақстанның лизингтік нарығы: ауыл шаруашылығындағы бизнестің дамуы атты мақалада 02 августа 2019 форбес жарияланған елімізде лизингтік қызметтер саласына мемлекеттік қолдау қарқын ала бастағаныи атап көрсететіледі. Қазақстана 10-ға жуық компания жұмыс істейді. Республикадағы  лизингтің дамуы бойынша артта қалғанына қарамастан, отандық экономиканың өсу қарқынына серпін бере бастады. Қазіргі таңда,  лизинг Қазақстанда неғұрлым сұранысқа ие, жаңа дами бастаған шағын және орта бизнес өкілдері, кәсіпкерлер лизингтік несиені құп көреді. Өндірістің өсуімен және негізгі құралдарды жаңарту қажеттілігімен оған қажеттілік тек артты.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (73.7 Kb)   docx (8.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club