Қазақстандағы ипотекалық жүйенің инфрақұрылымын зерттеу
Автор: Aiazhan222 • Апрель 6, 2024 • Реферат • 443 Слов (2 Страниц) • 110 Просмотры
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы ипотекалық жүйенің инфрақұрылымын зерттеу.
1.Ипотекалық жүйені зерттеу.
2. Ипотекалық несие модельдері.
3. Қазақстандағы ипотекалық жүйенің инфрақұрылымын зерттеу.
Ипотекалық жүйе – бұл жеке мүлікті дайындау немесе жаңа мүлік сатып алу үшін кредит беру процесін жүргізу механизмі. Бұл жүйе арқылы адамдар кредит алып, оны ашық көлік арқылы жүзеге асырып, кіріспе көліктермен, бұйымдармен немесе башқа көліктермен төлемдерге ие болады.
Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді жəне т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие. Тарихқа жүгінсек, «ипотека» сөзі алғаш рет б.э.д. VI ғасырда Грецияда пайда болған (оны архонт Солон енгізген) жəне сол уақытта ол, қарыз алушының несие беруші алдындағы жауапкершілігін жер бөлімшелермен қамтамасыз етуін білдірген. Б.э.д. 594 жылы Солон өзінің белгілі реформасын жүргізе отырып, жер бойынша қарыздарын алып тастап, оның орнына мұраға беруді енгізеді. Жеке басының жауапкершілігін мүліктік жауапкершілікке ауыстыру мақсатында Солон, борышқордың атына мына жер белгілі бір соманы өтеуді камтамасыз етуге арналған деген жазуы бар «тіреу» коюды ұсынады. Мұндай «тіреу» кейіннен ипотека деп аталады.
Грек сөзінде «hypotetheca» — тіреу қою, кепіл беру деген ұғымды білдіреді. Ол тіреуде жер иесінің белгілі бір қарыз сомасы жазылды. Мұндай тіреу қарыз беруші кепілге қойылған жер бөлімшесінің шекарасына апарып қояды жəне ол қарыз алушының мүліктік жауапкершілігін куəландырады. Кейіннен осындай мақсатқа арнайы кітапшалар қолданыла бастайды жəне оларды да ипотека деп аталды. Ипотека сөзі біртіндеп орта ғасырлық еуропа зандылықтарына енеді. Германияда ол XIV ғасырда, ал Францияда XVI ғасырда дамиды. Орта ғасырлық кодекстердегі берілген анықтамаларда ипотека өзінің жаратылысы жағынан бөлінбейтін зат, ол қанағаттанарлық алу құқына негізделген деп қарастыралады.Өзге мемлекеттерде ипотека кеңінен дами бастаған. Пруссияда 1783 жылы, 1811 жылы Австрияда жəне 1843 жылы Саксонияда ипотекалык жүйе енгізілді
...