Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шет ел аймағындағы коммерциялық жұмыстар

Автор:   •  Сентябрь 26, 2023  •  Реферат  •  1,855 Слов (8 Страниц)  •  155 Просмотры

Страница 1 из 8

ҚАЗАҚСИАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

РЕФЕРАТ

Шет ел аймағындағы коммерциялық жұмыстар

Орындаған : Ерден Н.Д.

Тобы : СМ-19-4к

Қабылдаған: Дутбаев Ж.Т.

Шымкент, 2021

Жоспар:

Кіріспе

  1. Негізгі бөлім:

1.1 Шет ел аймағындағы көліктік экспедициялық қызмет  көрсетуде жұмысты ұйымдастырудағы бәсекелестік

1.2 Шет ел аймағында теміржол көлігі саласы бойынша әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдаудың құрылымдық ерекшеліктері

  1. Қосымша бөлім

2.1 Шымкент қаласы аймағында теміржол және автокөлік жолдарымен жүктерді тасымалдаудың коммерциялық жұмыстарын ұйымдастыру

Қорытынды

Кіріспе

           Қазақстанда қоғамның талаптарына барынша толығырақ жауап бере алатындай, қазіргі заманға сай әрі тиімділігі жоғары көлік-экспедициялық қызмет көрсету жүйесін құру бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің біріне айналып отыр. Оның шешілуіне аталмыш жүйенің нарықтық экономикадағы тұрақты дамуы, халықаралық көліктік қызметтер нарығына табысты кірігуі тәуелді. Ендеше бұл мәселеге мемлекеттік деңгейде мән беріліп, оңды қолдау табуы қажет. Жұмыста көлік экспедиторларының жағдайларына талдаулар жүргізіліп, ұлттық және халықаралық көлік-экспедициялық қызмет көрсетулердің негіздері қарастырылады, көлік экспедициясы шартының практикалық проблемалары мен оларды шешудің жолдары анықталады. Халықаралық стандарттар мен ережелерге сай келетін, шетелдердің нормаларымен бірегейлендірілген нормативтік базаны құру қажеттігі негізделеді. Көлік-экспедициялық қызмет көрсетуді реттейтін заңнамаларды жетілдіру жөнінде дәйекті ұсыныстар тұжырымдалады.

           Аталған проблемалар қазіргі кезеңде Қазақстанның ішкі және халықаралық көліктік қызмет көрсету нарығында қазақстандық экспедиторлардың бәсекелесу қабілеттерін төмендетіп, осы саданың әлеуметтік және экономикалық проблемаларын толыққанды шешуге мүмкіндік бермей отыр.

          Халықаралық қатынаста жүк тасымалдаумен байланысты көлік-экспедициялық қызмет көрсетулердің дамуымен осы салада пайда болған жаңа қатынас арды реттеудің қажеттігіне орай қолданыстағы ұлттық және шетелдік заңнамаларға салыстырмалы- құқықтық талдау жасалып, көлік экспедициясы туралы жұмыстарды ұйымдастырудағы жетілдірудің тиімді жолдары ұсынылады.

          Халықаралық нормаларға сәйкестендіру мақсатында экспедитор- тасымалдаушы және экспедитор-оператор ретіндегі экспедитордың мәртебесін заңды тұрғыда анықтау қажет. Экспедитор көлік-экспедициялық қызмет көрсету барысында жүк тасымалдауды тікелей орындаған жағдайда, оны экспедитор-тасымалдаушы деп тану ұсынылады. Экспедитор аралас тасымалдауға (көліктің бірнеше түрімен тасымалдауға) шарттасқан тасымалдаушы регінде қатысып, жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру бойынша көлік-экспедициялық қызмет көрсеткен жағдайда, оны экспедитор- оператор деп тану қажет.

          Көліктік – экспедициялық (операция) кәсіпорын тасымалдауды тездету үшін, жүк жіберуші және жүк алушы кәсіпорындардың көліктік шығындарын азайту үшін арнайы көліктік экспедициялық қызметтер ұйымдастырады. Көліктік экспедициялық кәсіпорындар жүк жөнелтушілерге көліктің түрін таңдау бойынша, жүктерді тасымалдау маршруттарын таңдау бойынша консультациялар беру, жүктерді қабылдау және тапсыру бойынша құжаттарды рәсімдеу, жүктің келгендігі жайлы жүк алушыға хабарлау, жүктерді қоймаларға жеткізу және қоймалардан түрлі көліктерге, жүктерді өз

көліктерде жүктерді тасымалдау ережелеріне байланысты құжаттарды рәсімдеу әртүрлі көліктерде жүк тасымалдау үшін төлем ақыны ресімдеу, бағалы жүктерді жолда күзету, тұрғындарға көліктік- экспедициялық қызмет көрсету және басқа міндеттерді атқарады.

Көліктің экспедициялық кәсіпорын жүктерді тасымалдауға байланысты барлық процессті қамтамасыз етуді өзіне алу үшін немесе жүк иесінің кейбір тапсырмаларын алу мүмкін. Мұндай операциялар орындау үшін жүк жөнелтуші және жүк алушымен келісім шарттар құрады.

...

Скачать:   txt (26.8 Kb)   pdf (149.8 Kb)   docx (215.1 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club