Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ҚР қызмет жасайтын ұйымның мысалы негізінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін зерделеу

Автор:   •  Октябрь 17, 2020  •  Эссе  •  1,786 Слов (8 Страниц)  •  992 Просмотры

Страница 1 из 8

[pic 1]

        ЭССЕ

Тақырыбы : «ҚР қызмет жасайтын ұйымның мысалы негізінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін зерделеу»

                                                                                           Орындаған: Мусаева Н.Қ.

                                               

Тексерген: Ерғалиев Қ.Р.

                

Алматы, 2020

Қазіргі күні әр бір компания үшін дұрыс басқару жүйесін құру және оны ұстану аса маңызды. Сол басқару жүйесіндегі ең маңызды рольді ұйымның қызметкерлерін басқару құрайды. Қызметкерлер компанияның басты құраушылары және жетістікке жеткізер ең маңызды аспектілерінің бірі. Бәсекелестік заманында жоғары білімді, көпжылдық тәжірибесі бар мамандарға ие болып қалу үшін әрі оларды жұмысқа тарту үшін әрбір компания оларға жеткілікті түрде жағдай жасауды қарастырады. Олар әртүрлі әдіс тәсілдер арқылы жүргізіледі. Ең алғашқы сатыда әрине жалақының жеткілікті түрде берілуі тұрады, бірақ соған қарамастан компанияның қызметкерлерге байланысты көзқарасы, әрбір жұмысшының өзін жеке тұлға ретінде таныта алу маңыздылығы артып келеді. Компанияның персоналдарына тиімді жұмыс жағдайын қамтамасыз етуді оның әлеуметтік саясаты қарастырады.

Ұйымдағы әлеуметтік саясат дегеніміз-компанияның өз қызметкерлеріне қосымша жеңілдіктер мен қызметтер, әлеуметтік төлемдер беруге байланысты әр түрлі іс шараларды қарастыратын компания менеджментінің ажырамас бір бөлігі[1]. Әлеуметтік саясат қызметкерлерге өзінің қажеттіліктерін, мүдделері мен құқықтарын жеткілікті түрде қамтамасыз етуі керек. Ұйымның әлеуметтік саясатының мақсаттары: жұмыс тиімділігін арттыру, жұмысшылардың жұмыс жасауға деген құлшынысын арттыру, жеке әрі кәсіби дамуға мүмкіндік жасау, оларға әлеуметтік-психологиялық жағынан жағдай жасап беру, кәсіпорынның қолайлы атмосферасын қалыптастыру болып табылады. Кәсіпорынның әлеуметтік саясаты келесідей міндеттерді шешуі керек: мемлекет және кәсіпорынның өзі ұсынатын жеңілдіктер мен кепілдіктер жүйесін қадағалау; қызметкерлерді құқығын қорғау; еңбекақы  төлеуді ұйымдастыру және оны реттеу; зейнетақы шараларын ұйымдастыру. Осы негізде мен еліміздегі беделді компаниялардың бірі “Raimbek Group” компаниясына әлеуметтік саясатына талдау жасаймын.

“Raimbek Group” компаниясы-Қазақстанда 1992-жылы шет елден тұрмыстық техника тауарларын сатумен айналысатын фирма негізінде қалыптасқан. 1998-жылы Raimbek Bottlers “Juice” шырындарын өндіру желісін іске қосты. Бірнеше жылдар аралығында компания дамып, әлемдік брендке айналған алкогольді сусындарды жеткізумен де айналысуда. Кейін компания өндіруші тауарларына сүт өнімдерін қосты. Оның ішінде Қазақстан нарығында танымал “Айналайын”, “Милоко” секілді сауда белгілері қойылған сүт өнімдері бар. Одан басқа компания жеміс-жидек өсіру («Alma Prodex»), Грузиядан елімізге «Borjomi» сусынын жеткізумен айналысады. Тарихы 28 жылды құрайтын бұл компания еліміздегі ірі холдингтердің біріне жатады. Қазіргі күні компания Орта Азия, Ресей, Еуропа нарығына белсенді түрде шығуда[2]. Еліміздегі ең беделді 50 компания ішінде 39 орынға ие. Оның басшысы белсенді қоғам қайраткері Раймбек Баталов болып табылады.

“Raimbek Group” компаниясының әлеуметтік саясатына толталсақ , ол қазіргі әлемдік стандарттарға сай нәтиже көрсетеді. Себебі компанияның ұжымдық ұйымдастырылуы, қызметкерлерінің компания жайында өте жақсы пікірде болуы осыған дәлел бола алады. Компания сайтында көптеген қызметкерлерінен жеке сұхбат алынған. Менің бұл компанияға байланысты әлеуметтік саяси талдауым соның негізінде жасалады. Компанияның тағамдық дивизионының бас директоры Сергей Полухин компанияда жұмыс жасау кезеңінде өзін өзі танып, кәсіби дамығандығын атап өтеді[3]. Бренд менеджер Наталья Будаева компанияның қызметкерлерді оқытуға көп жағдай жасайтындығына қуанады[4]. Уақыт өтумен нарықтағы талаптарға сай білім мен қабілеттіліктер қажет екендігін компания есте тұтады. Жалпы ұйым мүшелері өз жұмыс орнына қанағаттанарлық екендігін, ұжымдық бірлестігінң мықты әрі бір жүйе-отбасы ретінде қызмет атқаратындығымен бөліседі.

...

Скачать:   txt (26.6 Kb)   pdf (147 Kb)   docx (67.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club