Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ҚР миграциялық процестерді зерттеудің негізгі бағыттары

Автор:   •  Май 14, 2019  •  Курсовая работа  •  17,149 Слов (69 Страниц)  •  764 Просмотры

Страница 1 из 69

КІРІСПЕ

Әлемде жыл сайын миллиондаған адам жақсы өмірге қол жеткізуге үшін бір мемлекеттің ішінде немесе бір мемлекеттен екінші мемлекетке көшіп-қонуда болады.  Мұндағы негізгі мақсат біреулері үшін жұмыс табу, білім алу болса, басқалары саяси, ұлттық, нәсілдік қуғын-сүргіннен және экологиялық апаттардан құтылуды көздейді. Осы және миграцияның басқа түрлері қазіргі күні глобалды сипатқа ие болған және бүкіл әлемді қамтыған «әлемдік халық миграциясы» түсінігін құрайды. Соған сәйкес қазіргі күні мификалық кейіпкер «мәңгілік кезбе»  тағдыры көптеген адамның өміріндегі үйреншікті жағдайға айналып отыр.

Осылайша «біздің дәуіріміздің мәнін бір жерден бір жерге сапар шегуші көшпелі адам бейнесімен сипаттауға болады» және болашақ қоғамда «барлық адамдар ұлттық ерекшеліктерге тәуелсіз көшіп-қонады», «адамдардың үнемі қоныс аударуға деген бейімділігі адамзат пайда болғалы бері жалғасып келе жатқан интеграция процессінің басты факторы болып табылады» секілді тұжырымдамалар кең тарауда.

Өткенге көз жүгіртсек, Елбасымыздың «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұзақ мерзімді басымдықтардың біреуі ретінде «Кәсіпқой мемлекетті» атап өткені кездейсоқ емес[1].

Сонымен қатар бұл миграциялар қазіргі әлемдік қауымдастықтың барлық жетістіктері мен кемшіліктерін көрсететін айна тәріздес: бір жағынан әлемдік шаруашылықтың жаһандануы мен ондағы адам, тауар, ақпарат және капитал қозғалысының бостандығы болса, екінші жағынан кедейшілік пен шетелдік жалдамалы жұмыс күшін эксплуатациялаудың өсуі;  иммиграцияның негізгі орталығы - интеграциялық одақтардың дамуы және бірнеше дамыған елдерден құралған «байлық полюстерінің» қалыптасуы және оған қарама-қарсы көптеген артта қалған елдерден тұратын «кедейшілік полюсінің» арзан жұмыс күшінің негізгі донорына айналуы; бір өркениеттердің пайда болуы мен гүлденуі, ал басқаларының құлдырауы мен жойылуы; «миграциялық алмасу» нәтижесінде әлемдік ғылымның, білімнің мәдениеттің дамуы мен дамушы елдердегі «утечка умов» процесі салдарынан ғылым мен мәдениеттің артта қалуы; әлемдік генофондтың жақсаруы, бірақ түрлі эпидемиялардың кең тарауы (СПИД, С гепатиті және т.б.).

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанның нарықтық экономика құруда жетістіктерге жету нарық талабына сай еңбек нарығын қалыптастыруға тәуелді. Ал сауатты еңбек нарығын елдегі еңбек ресурстарын өндіріс талабына сай орналыстыру, бағыттау және бақылаусыз жүзеге асыру мүмкін емес. Әсіресе елдегі экономиканың дамуы осы қарқында сақталатын жағдайда, болашақта өндірістің  кейбір салаларында мамандардың қажеттілігі өседі.

Қазірдің өзінде техникалық мамандардың жетіспеушілігі салдарынан  Қазақстан шет елден жұмысшылар әкелуге мәжбүр. Егер елдегі жұмыссыздар санын ескерсек, бұл бағытта арнайы зерттеулер нәтижесінде мемлекет тарапынан іс-шаралар қолданудың қажеттілігі өседі.

Қазіргі таңда еңбек миграциялары мәселесін зерттеудің маңызы зор. Оның ішінде заңсыз миграция мәселесі Қазақстанда ғана емес басқа елдердің де күн тәртібінде тұрған мәселе[2].

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзінде өркениетті еңбек нарығын қалыптастыру мәселесіне баса назар аудару керектігін айтты. Сонымен қатар өзекті мәселе ретінде Шығыс аймақтардағы заңсыз миграция аталды, және осы сұрақты реттеу жұмысын Үкіметке жүктеді[3].

Қазақстанда әр түрлі эксперттердің айтуы бойынша Қазақстан аумағында 500 мыңнан 700 мыңға дейін заңсыз мигранттар еңбек етеді. Бүкіл әлемдегі экстремизм мен терроризм қаупі төніп тұрған жағдайда бұл мәселе ұлттық қауіпсіздікке қатер келтіруі мүмкін.

Жоғарыда аталған мәселелерді зерттеу үшін бір облыс аймағын алу өте тиімді. Шығыс Қазақстан облысы географиялық орналасуы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша еңбек миграциясын зерттеудің идеалды объектісі бола алады.

 Себебі бұл аймақта еңбек миграцияларының әсерінен әлеуметтік салада қарама-қайшылыққа ие күрделі жағдай қалыптасып отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Еңбек ресурстары қозғалысының теоретикалық-методикалық аспектілерін талдау, және оның аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсеріне  анализ жасау.

...

Скачать:   txt (253.9 Kb)   pdf (641.3 Kb)   docx (108.3 Kb)  
Продолжить читать еще 68 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club