Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

XX ғасырдағы шетелдік этиканың негізгі бағыттары мен мәселелері

Автор:   •  Март 6, 2023  •  Реферат  •  2,482 Слов (10 Страниц)  •  269 Просмотры

Страница 1 из 10

                Қазақстан Республикасы Ғылым жэне жоғары білім министрлігі

                            Қорқыт Ата атындағы Кызылорда университеті

                                        "Экономика жэне баскару"

                          РЕФЕРАТ

Тақырыбы:XX ғасырдағы шетелдік этиканың негізгі бағыттары мен мәселелері

Пәні:Әлеуметтік жумыстың этикалық негіздері.

Қабылдаған:Шайхисламова Гульсара

Орындаған:Серікова Арайлым

Оқу тобы:СР 21-5

 

                                           2022-2023 оқу жылы

 

КІРІСПЕ

  Тақырыптың өзектілігі:

  Тақырыптың мақсаты::XX ғасырдағы шетелдік этиканың ерекшеліктерін, бағыттары мен мәселелерін зерттеу

  Тақырыптың міндеттері:Шетелдік этикада философтардың айтқан пікірлерің қарастыру.:

  Зерттеу жұмысында қолданған оқу-әдістемелік құралдары:

  (пайдаланған әдебиеттер негізгі және қосымша)

 

 Жоспар

I.КІРІСПЕ. 

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ. 

2.1. Этика сөзінің мағынасы

 

2.2. Шетелдік этиканың бағыттары

2.3. Шетелдік этикадағы ғалымдардың пікірлері

III.ҚОРЫТЫНДЫ. 

IV.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

 

«Этика» термині ежелгі грек тілінде «бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекен-жайы» дегенді білдіреді, кейін әдеп туралы ілім мағынасына ие болды. «Әдеп» термині түрік халықтарының тіліне орта ғасырлардағы араб-мұсылман мәдениетінің ықпалымен енген. Көптеген мамандар этиканы әдептану деп аударып жүр. Қазақ этикасы туралы басылымдарда «әдеп», «ақылақ», «мо- раль» «адамгершілік» сияқты ұғымдар қолданыла береді және оларға әртүрлі анықтамалар беріледі. Кейде бұл терминдер бірге өмір сүру барысында қалыптасқан мінез-құлық, іс-әрекет ұқсастықтарын білдіретін әдет-ғұрып деген мағынаға ие болған.

Егер біз этиканы рационалды пайымдалған мораль- мен байланыстырсақ, онда төмендегі қағидаларды айқындау мүмкіндігі бар және олар әдептің реттеушілік табиғатына қатысты. Этика үшін жақсылық ұғымы оның басты ұғымы бол- ды және бола береді, оның басты мақсаты – адам өміріндегі қайырымдылық пен зұлымдықтың қайнар көзі мен табиғатын, себептері мен тетіктерін анықтау. Этика мәдениет жүйесіне оның рационалдық-логикалық бастамасы ретінде адамның өмірдегі әдептік-адамгершілік көріністерін рационалды ойлау тіліне аударуы арқылы енеді. Этика – ғылымның маңызды са- ласы, әдеп – қоғамдық алғышарттардың саласы, адамгершілік – адамның ар-ұяты арқылы жеткен ішкі тұрақтандыру саласы.

1)Этика сөзінің мағынасы

Этика сөзінің этимологиясына үңілсек, бұл грек тіліндегі «әдет», «ғұрып», «мінез» дегенді білдіретін сөзден шыққан термин. Этика – мораль, адамгершілік, ізгілік сияқты дүниелерді зерттеп, адамдардың қоғамда бірігіп өмір сүруін қамтамасыз ететін өзара әрекеттесу принциптері мен механизмдерін зерделейтін философиялық пән. Зерттеудің ерекше саласын білдіретін термин ретінде бұл сөзді алғаш Аристотель қолданған деп саналады.

Бұл терминнің ғылыми, философиялық теориясына кіріспес бұрын, оны біршама қолданбалы мағынада сипаттап берсек, бұл тұжырымдаманы ұғыну біраз жеңілдеу болар. Ең қарапайым бір мысал: қоғамдағы күнделікті орын алып жатқан түрлі іс-әрекет, мінез-құлықтарды саралай отырып, біз дәрігер, журналист, заңгер, кәсіпкер, саясаткер немесе мұғалім сияқты кейбір кәсіпқой адамдардың мінез-құлқы немесе іс- әрекеті жайлы сөз қозғап жатамыз. Осыған орай біз медициналық этика, журналистік этика, құқықтық этика, кәсіпкерлік этика, саяси қайраткерлердің кәсіби этикасы және педагогикалық этика деген ұғымдарды келтіреміз. Этиканы заңмен шатастырып алуға болады, дегенмен, көптеген заңдардың түп-тамыры осы этикалық принциптерден бастау алып жатады.

...

Скачать:   txt (33.7 Kb)   pdf (192.6 Kb)   docx (620.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club