Нақты шаруашылықтағы астық жинағаннан кейін өңдеудің теориялық негіздері
Автор: Zhumagazieva • Март 31, 2019 • Курсовая работа • 3,704 Слов (15 Страниц) • 862 Просмотры
Кіріспе
Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында мемлекет күшінің басты назары ауыл шаруашылық өндірісіндегі екі негізгі салаға мал және өсімдік шаруашылықтарына аударылған.
Қазақстанның астық өндірісі мұнай өндірісімен қатар стратегиялық болып табылады. Сондықтан «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында астық азық-түлік нарығының негізін құраушы ретінде қарастырылады. Аграрлық кешеннің басты тапсырмасы халық сұранысына сәйкес нарықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл тапсырманы орындау көбінесе астық шаруашылығының тиімді жұмыс істеуіне байланысты. Астық шаруашылығының дамуы елдің политикалық, экономикалық тұрақтылығын және азық-түлік қауіпсіздігін анықтайды.
Астық - азықтық дәнді дақылдар. Оған бидай, арпа, сұлы, тары тәрізді ақ егіс өнімдері мен бақшалық техникалық дақылдардың жекелеген түрлерін құрайтын көк егіс өнімдері кіреді. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптек тіөсімдіктер. Астық шаруашылығы –дәнді дақылдар өндіру жүйесіҚазақстандағы егіншілік кәсібінің негізгі саласы. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақстан ауылшаруашылығын қалпына келтірді және астық пен ұнды экспорттау бойынша көшбасшы ұстанымдарын алады. Мемлекеттің экспортты субсидиялау бойынша қолдау көрсету құралдарын қолдана отырып, Қазақстан өзінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.Осы кезде өз үлесін қосып,экспортқа шығарып жатқан ,еліміздің астық өнеркәсібі жағынан дамытуға зор үлес қосып келе жатқан ірі компаниялардың бірі - «Цесна-Астық» концерні.
«Цесна-Астық» Концерні — тауар айналымы бойынша республиканың жүз ірі кәсіпорындар қатарына кіретін Қазақстанның жетекші компанияларының бірі. Қызметтің негізгі бағыттары — азық-түлік өндірісі, сонымен қатар дистрибуциялық және девелоперлік қызмет көрсету.
1 Нақты шаруашылықтағы астық жинағаннан кейін өңдеудің теориялық негіздері
Астықты және тұқымдарды алдын - ала тазалау. Астықты алдын -ала тазалау материалдың сусымалдылығын жоғарылату, оны шахталы астық кептіргіштерде кептіруге дайындау, ірі және жеңіл қалдықтардан тазалау, инфекция ошақтарын - шаң, топырақ, өсімдік қалдықтардан, минералды қалдықтардан арылу үшін қолданылады. Сонымен қатар, алдын - ала өңдеудің басты мақсаты астық массасын кептіруге дейін сақтау болып табылады. Астықты алдын - ала тазалау үшін астық тазалағыш машиналар қолданылады.
Алдын - ала қырман қызылын тазалағыш жылжымалы ОВП - 20 А машинасында өткізеді. Ол астық комбайндардан келіп түсетін дәнді дақылдарды қырман қызылдардан тазалау үшін арналған. Көбінесе қоймалық ғимараттарда, сонымен қатар ашық алаңдарда қолданылады.
Астықты және тұқымдарды алғашқы тазалау. Алғашқы астықты тазалауды оны кептіргенге дейін немесе егер ол құрғақ болса алдын - ала тазалаудан кейін өткізеді. Алғашқы астықты тазалаудың мақсаты астықты базисті кондицияға дейін жеткізу, натураны жоғарылату, құрама жем зауытында фуражды астықты ары қарай өңдеуге дайындау болып табылады. Алғашқы тазалауды ауалы сепараторларда өткізеді. Егер астық массасында қиын бөлінетін қалдықтар болған жағдайда триерлерді қолданылады. Бұл машиналардың режимдері материалды бір рет өткізетіндей етіп реттейді. Алғашқы тазалауды тиімді және сапалы өткізген жағдайда соңғы тазалау өткізілмейді.
Астықты және тұқымдарды соңғы тазалау. Соңғы тазалау мен сұрыптауды астық массаларын тұқымдық кондицияға, өндірістік және фуражды астықты майдалауға және басқа да өңдеуге жіберу үшін жүргізеді. Өндірістік және фуражды астық массаларының соңғы тазалауын, әдетте, ұн және құрама жем зауыттарында өткізеді. Тұқымдық астық массаларын шаруа қожалықтарда дайындайды. Астық массаларын соңғы тазалау кезінде алғашқы тазалаудағыдай астық тазалағыш машиналар қолданылады, бірақ режимдері мен конструктивті параметрлері әр түрлі болады.
...