Араның шаруашылықтағы маңызы
Автор: Sanya-omarova • Ноябрь 26, 2018 • Курсовая работа • 6,665 Слов (27 Страниц) • 1,832 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе | 3 | |
1 | Ара шаруашылығының дамуы | 4 |
1.1 | Ара шаруашылығы өнімдері | 6 |
1.2 | Қазақстандық ара шаруашылығының ерекшелігі | 7 |
1.3 | Ара өсіру және оның биологиясы | 8 |
2 | Араның шаруашылықтағы маңызы | 11 |
2.1 | Араның ауыл шаруашылығындағы маңызы | 13 |
2.2 | Ара шаруашылығының экономикалық саласындағы тиімділігі | 17 |
2.3 | Араның халық шаруашылығындағы маңызы | 20 |
Қорытынды | 24 | |
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі | 25 |
Кіріcпе
Бал арасы шарушылығы – ауылшаруашылық дақыл өсімдіктері мен жабайы өсімдік тұқымдарының толыққанды өнуі үшін тозаңдандыруды қамтамасыз ететін және өсімдіктердің молаюына себепкер ең басты ауылшаруашылық салаларының бірі. Бұған қоса аралар – бал, тозаң, аналық сүт, ара уы, прополис, балауыз секілді құнды өнімдердің қайнар көзі болып табылады. Қазақстанның келешекте бал арасы шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің алғаш бестігіне кіруіне толық мүмкіндігі бар. 1990 және 2018 жылдары арасында Республикамызда болған әлеуметтік-экономикалық, демографиялық кейбір себептерге байланысты араұяларының саны бастапқы деңгейінен 90 %-ға азайды. Негізгі себеп кадр дайындаудың тоқтатылуы, аралардың бақылаусыз Өзбекстанның оңтүстік өңірлерінен әкелінуі, ғылыми зерттеулердің координаторы болған 1-ші Қазақ ара шаруашылығы тәжірибелік стансасының жойылуы, ғылыми зертеу жұмыстарын қаржыландырудың тоқтатылуы деп атауға болады. Дамыған елдердің (США, Канада, Аргентина, Қытай, Австралия) бал арасы шаруашылығында пайдаланылатын қарқынды технологияны зерделеп Қазақстанның шаруашылығы саласын дамыту бағдарламасын жасауға, жергілікті шарттарға бейімдеуге және жаңа технологияларды әкелуге мүмкіндік бар. Бұл елдердегі араны көбейту мен баптаудың, бал арасы шаруашылығы өнімдерін өндірудің жаңа технологияларымен Қазақстанда қолданылып жүрген технологиядан түбегейлі айырмашылықтар табуға болады. Шетел технологиясы омарташылардың еңбегін жеңілдетеді, өнім құнын төмендетеді және өндірілген өнім сапасын арттырады. Бал арасы шаруашылығы ауылшаруашылығының табиғатқа зиян келтірмейтін, керісінше оны аялайтын салаларының бірі. Бұған қоса бал арасы шаруашылығы фермерлерге қосымша табыс көзін және жаңа жұмыс орындарын ашады. Түріне байланысты ауылшаруашылық дақылдарын аралар арқылы тозаңдандыру өнім көлемінің 10–60 % арасында өсіуіне себепші болады. Арамен тозаңдандыру арқылы алынатын қосымша өнімнің құны бал арасы шаруашылығының негізгі өнімдерінен түсетін жылдық табыстан бірнеше есе көп. Жармалық және бұршақ тұқымдастарды қосқанда өсімдіктерідің 80 % пайызы тозаңдануға зәру болып келеді. Тозаңдандырушы жәндіктер болмағанда кейбір өсімдіктер жер бетінен жойылып кетер еді. Бүгінгі таңда облыста бал арасы шаруашылығымен 34 қожалық бар, оларда жалпы ара ұясы саны 470.
Мақсаты: Ара шаруашылығының даму барысы оның биологиялық ерекшеліктері мен өнімдеріне тоқтала отырып шаруашылықтағы маңызын зерттеу.
Міндеттері:
- араның шаруашылықтағы маңызы;
- ара шаруашылығының экономикалық саласындағы тиімділігі;
- араның халық шаруашылығындағы маңызы;
- араның ауыл шаруашылығындағы маңызы
1 Ара шаруашылығының дамуы
Ара шаруашылығы немесе омарта шаруашылығы – ауыл шаруашылығының ара өсіріп, бал жинаумен айналысатын бір саласы. Ара шаруашылығы. ерте заманнан бері бал ғана емес, басқа да құнды өнімдердің (ара уы, прополис, балауыз, ара желімі, т.б.) көзі болды. Қазақстанда Ара шаруашылығы кәсіпшілік ретінде алғаш Шығыс Қазақстан өңірінде дамыған. 1777 ж. Ресей ғалымы П. С. Паллас Үлбі өз-нің бойы бал арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 1812 ж. Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт жәрмеңкесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғ-дың ортасынан бастап омарталар Жетісу мен Іле Алатауларының көптеген жерлерінде, Ыстықкөл маңайына, Орта Азия елдеріне тарады. Тянь-Шань тау жүйесінің табиғаты бал арасы үшін ең қолайлы жер болды. Қазақстанда Ара шаруашылығының дамуы алмалы-салмалы омартаны кең қолданудан басталады, оған дейін бал аралары ағаш ұяларда өсіріліп келген болатын.
...