Жетістікке қалай жетуге болады?
Автор: Alua33 • Апрель 28, 2021 • Эссе • 1,639 Слов (7 Страниц) • 1,726 Просмотры
Кез келген адам белгілі бір салада табысты болуды армандайды. Не дегенменде, әрбір адам ең болмағанда бір рет: қалай жетістікке жетсем болады? деп ойланған болар. Ал табысты адамның арман мұратына жетудегі биік шыңдарға көтерілуі деуге болады. Алдына мақсат қоюды, оған жетудің жолын табуды әрбір адам үйрене алады. Бірақ бұл үшін ол бірқатар белгілі бір дағдыларды игеріп, үнемі өз ісімен айналысуы керек.
Барлық табысты адамдар, қызмет саласына қарамастан, көп жұмыс істейді, өйткені еңбек – табыстың негізі. Бірақ олар мұны тек ақша үшін немесе белгілі бір жетістікке жету үшін жасамайды. Адамдарға жаны қалайтын жұмыс іздеген абзал. Адам өз ісінен ләззат алған кезде, ол басқаларға қарағанда ұзақ және жақсы жұмыс істегісі келеді. Соған қоса, белгілі америкалық менеджер Ли Якокканың айтуынша, ең бастысы ешқашан берілмеу қажет. Ли өзінің «Карьера менеджера» атты бестселлер кітабында өзінің өмірбаянынан мысалдар келтіре отырып, мықты менеджер болу үшін не істеу керек екені туралы жазады. Лидің бір мысалында, егер адам жұмыс процесін ұнатса, онда тәжірибе оған үлкен рахат сыйлайды және жақсы нәтиже береді дейді. Яғни, жұмыс істеуге қабілет-жетістікке жетудің негізгі факторларының бірі болып табылады.
Сондай-ақ, жетістіктің негізгі компоненттерінің бірі - адамның жеңіліске ұшырап, одан әрі қарай жүру қабілеті. Ұлыбританияның ең үлкен премьер – министрі Уинстон Черчилль: "жетістік - бұл бір сәтсіздіктен екіншісіне ынта-жігерін жоғалтпай қозғалу мүмкіндігі" деген. Шынында да, сәтсіздіктер біздің өміріміздің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сәтсіздіктерге дұрыс қарау және олардан тәжірибе алу өте маңызды, содан кейін олар өмірдегі жетістіктер үшін пайдалы болуы мүмкін. Менің ойымды дәлірек білдіру үшін, Лидің карьерасынан мысал келтірсем, Ли университетті бітірген соң бірден керемет FORD компаниясына жұмысқа тұрды, алайда оған инжинериядан гөрі адамдармен араласқан жақын болды. Ол соған жету үшін аянбай еңбек етті, сосын менеджер, кейін басқарушы қызметіне дейін көтерілді. Ол бастаған ісін жолда қалдырмады. Бірақ, оны компанияның басшысы жұмыстан шығарып жіберді. Ол қолын бір сілтеп бәрін тастап кетпей, басқа компанияның ұсынысымен құрдымға кетіп бара жатқан ұйымда жұмыс істеуді шешті. Сол уақытта Ли менеджер ретінде өте көп жұмыс атқарды. Бір жұмыстан шығарса, екіншісіне кірді. Осындай табандылығының арқасында сол компанияны қайта қалпына келтіріп қана қоймай, өзінің керемет карьерасын құрды.
Әр адам үшін жұмысыңда жақсы нәтижелер шығарып, жетістікке жету маңызды болып табылады. Осы тұста Ли Якокка өзінің кітабында бөлімдерді қорытындылай отырып, негізгі менеджерге керек қасиеттерді бөліп көрсеткен.
Ең бірінші, әрі қарапайымы – ол әрдайым жаңа ойлар табу. Олар өз кезегінде кез келген жағдайдан шығудың тиімді жолы болып табылады. Мысалы, Лидің менеджер қызметіндегі ең бірінші жетістігі осы қағидамен байланысты. Ол толыққанды Крайслер компаниясында басты менеджер болып істеп бастағанда, ұйымды ауыр жағдайдан шығару үшін өте көп ойлар келеді, солардың ішінен ең тиімділерін іріктеп, жұмысшылармен бірге жұмыс істеп бастайды. Ешқандай компанияның менеджер басшысы әр штаттағы жқмысшыларымен кезіп, жиналыстар өткізбейді. Осы ісінің арқасында ол ұйыммен жақындаса түсті, сосын басқа проблемаларды шешу үшін тағы жаңа тың идеялар іздеп бастады. Қазіргі таңмен байланыстырсам, барлық жұмысберушілер жұмысшы іздегенде оның осы қасиеттін жоғары бағалайтынын атап көрсетеді, яғни креативності жоғары болу керек деп көрсетеді.
Екінші, тағы бір маңызды тұжырымы ол – дұрыс тәрбие. Ли осыны адамның жетістікке жетіп, сәтті болуына деген бірінші қадам дейді. Себебі, оның өмірінде оның ата-анасы тұлға болып қалыптасуы үшін дұрыс бағыт-бағдар берген. Мысалы, кітаптың бірінші бөлімде әкесінің «аянбай еңбек ет, бір күні жемісін көресің
...