Болашақ менеджер
Автор: 5601 • Апрель 19, 2023 • Эссе • 587 Слов (3 Страниц) • 396 Просмотры
Болашақ менеджер
Эссе
Менеджменттің міндеті: мақсат қою, жоспарлау, саясат қалыптастыру. Демек мен мақсат қою арқылы жетістіктерге жетуге талпынамын және оны жоспарлаймын. Саясат қалыптастырамын. Және тағы мен өзіме Ф.Тейлордың сөзін ерекше мән беріп, өз қоржыныма қостым десем болады. «Еңбекті нақты біліммен саралау қажет», десе Дэвид Мак-Клелланд «Ынталандыру теориясын» ұсынған және ол былай деген: «Әрбір адам организмінде тұрақты және табанды, іс-әрекетке ынталандыратын тілектер болады» олай болса, мұғалімдер еңбегін біліміне қарай бағалап, оны мадақтайтын болсам, соған қарай еңбекақысын жазар болсам, ол білімін әрі қарай тереңдетіп, оқушылардың да білімін арттырмақ. Ынталандырулар арқылы мұғалімнің жұмысқа деген қызығушылығын арттырамын, мұғалімнің ынтасы артады, жұмысты жасау барысында шығармашыл болып, ерекше туындылар ойлары сөзсіз. Бұл қазіргі заман талабы. Мен директор болған мектеп оқушылары өте білімді, ізденімпаз, жан-жақты дамыған оқушы болмақ. Сонымен қатар бұл сөздер, мен, мұғалім болып, сабақ бергенде де мен пайдаланатын ақпарат болмақ. Себебі, оқушыны бағалау барысында мен оның тек қана білімін бағалауым керек, сабақты жақсы меңгеруі үшін мен оқушыны ынталандырып, оқуға деген ынтасын аттырып, білім нәтижесін көруім керек.
«Әлеуметтік жүйелердегі басқару іс-әрекетінің өзара байланысы 6 функция:
- Мақсат қою
- Жоспарлау
- Ұйымдастыру
- Бақылау
- Мотивация
- Коммуникация»
1.Сабақ өту үшін сол сабақ мақсатын ұғынуым керек, себебі оқушылар не түсінетінін білсе, сабаққа зер салады, түсінулеріне оңай болады. 2.Қандай тақырыпшалармен және уақытын жоспарлап сабақ өтуім керек. Бұл сабақтың мәнді және үнемді өтуі үшін керек. 3. Оқушылардың назарын аудару мақсатында ұйымдастыруым жақсы болуы керек. Көптеген жаңа техникалар қолданып, оқушылардың түгелдей түсінуі үшін. 4. Оқушыларға түсіндіріп болған соң, олардың түсінген немесе түсінбегенін болмаса тапсырма берген кезімде не жасап жатқанын, қалай түсінгенін бақылауым керек болады. Бұл сабақтың нәтижесін білуде керек. 4. Оқушылар түсінген болса, мен оларды ынталандыруым керек. Себебі оқушы ол тақырыпты өз бетінше тереңірек ұғынып, пайдалана білуі керек. 6. Мен оқушының түсінген немесе түсінбегенін тексеру мақсатында тілдесу арқылы оны бағалаймын. Бұл функциялар директор болсам да қажет функциялар екені менің өмірлік қоржыныма қосылды.
...