Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сымсыз байланыс жүйесі: тиімді және тиімсіз жақтары

Автор:   •  Март 2, 2019  •  Эссе  •  371 Слов (2 Страниц)  •  1,139 Просмотры

Страница 1 из 2

Сымсыз байланыс жүйесі: тиімді және тиімсіз жақтары

Қазіргі заманауи қоғамда сымсыз байланыстың алатын орны өте ерекше. Сымсыз байланыссыз ешкім өз өмірін елестете алмайды десек те болады. Әрбір адам байланыстың осы түрі арқылы әлемнің кез келген бұрышындағы адамдармен байланысқа түсе алады. Сымсыз байланыс жүйесінің ХХІ ғасырдағы қоғамға тигізіп жатқан пайдасы мен артықшылықтары мол.

Мысалы, Қазақстанда тұрып, шет елде білім алып жатқан досыңмен не туысқаныңмен еш қиындықсыз әрі жылдам байланыса аласың. Жұмыста немесе оқуда өзіңе қажетті ақпараттарды іздесең, Интернет желісінен оп-оңай тауып алуға болады. Сондай-ақ, көшеге шықпай, үйде  отырып-ақ керекті төлемдерді жүзеге асыруыңа болады. Қазіргі кезде сымсыз байланыс көптеген кәсіпкерлерге көмекші құрал болып пайдаланылып келеді. Олар өз тауарларын немесе қызметтерін Интернетке жариялау арқылы клиенттер жинап, табыс көзіне ие болады.

Дегенмен, сымсыз байланыстың осындай артықшылықтарымен қоса, кемшілік тұстары да бар. Сымсыз байланысты өте жиі пайдаланатын адамдар оған тәуелді болып қалуы мүмкін. Өкінішке орай, қазіргі кезде осындай адамдардың қатары көбейе түсуде. Сонымен қатар, сымсыз байланыс адамның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, Интернетті көп пайдаланатын адамдар көзіне зақым келдіруі мүмкін. Және де ол адамның есте сақтау қабілетін нашарлатады. Бірақ, сымсыз байланыссыз ешбір жұмысымызды атқара алмайтындықтан, пайдалануымызға тура келеді. Сол себепті, өз денсаулығымызға қатер әкелмес үшін, оны орынды пайдалана білуіміз қажет деп есептеймін.

Қазіргі жаһандану заманында энергияның дәстүрлі түрлерінен бөлек, көптеген түрлері өндірілуде. Атап айтар болсақ, жел энергиясы, су энергиясы, күн энергиясы, т.б. Солардың бірі - күн батареялары. Күн батареялары қазіргі таңда әлемнің дамыған елдерінде кеңінен пайдаланылады. Мысалы, Еуропа елдерінде, Канадада, Жапонияда, АҚШ-та мол қолданысқа ие. Бірақ біздің елімізде күн батареяларын пайдалану енді ғана дамып келе жатыр. Күн энергиясы – табиғи энергия көзі. Сондықтан, оны пайдалану қауіпті емес. Ол электр тогын пайдалануды үнемдеуге көмектеседі. Әрі Күн энергиясы – сарқылмайтын энергия. Оны қанша пайдалансақ та, бітпейді. Алайда, күн энергиясын пайдаланудың кемшін тұстары да жоқ емес. Өйткені, Күн батареяларын қолдану экономикалық жағынан өте қымбатқа шығады. Және біздің Қазақстан – мұнай мен газ сияқты жер қойнауының байлықтарына толы мемлекет. Егер Біз Күн энергиясын пайдаланар болсақ, онда мұнай мен газдың экспортталуы қысқарып, еліміздің экономикасына орасан шығын әкелуі мүмкін. Баламалы энергия көздері болашақта үлкен сұранысқа ие болуы мүмкін. Бірақ, әзірге Қазақстанда пайдалану жағынан басымдылық байқалар емес. Әрине, баламалы энергия көздерін өз игілімізге тиімді пайдалана алып, оны өндіру жөнінен алдыңғы қатарлы мемлекеттермен жарыса шығарсақ, онда еліміз ғылым мен экономика саласынан біраз жетістікке жетер еді.

...

Скачать:   txt (5.2 Kb)   pdf (119.7 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club