Тұтыну нарықтарындағы бағаны мемлекеттік реттеу: оң және теріс жақтары
Автор: zarina20032003 • Октябрь 27, 2022 • Эссе • 345 Слов (2 Страниц) • 253 Просмотры
Тұтыну нарықтарындағы бағаны мемлекеттік реттеу: оң және теріс жақтары
Түйіндеме. Тұтыну нарықтарындағы бағаны мемлекеттік реттеуінің артықшылықтары мен кемшіліктері, қандай әдістерді қолданатыны, мемлекеттің баға реттеуіндегі басты мақсаттары, қазіргі таңда мәселенің өзектілігі түсіндіріледі.
Кіріспе. Біз бәріміз тұтынушымыз. Біз күнделікті тұтынатын тауарларды сатып аламыз. Сол себептен, мемлекеттің тұтыну нарықтарындағы бағаны реттеуінің артықшылықтары мен кемшіліктерін білуіміз қажет. Бағаны тұрақтандыру әрқашан алдын-ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфляция шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.
Негізгі бөлім. Мемлекет бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің сауда үстемесін реттейді. Қазіргі уақытта әлемдегі кез-келген экономикасы дамыған елде үкімет әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тікелей немесе жанама түрде реттейді. Тікелей реттеу әдістері - белгілі бір тауарларға бекітілген бағаны заңнамалық бекітуді, оларды өндіретін кәсіпорындар үшін экономикалық тиімді стандарттарын белгілеу. Жанама әдістер кәсіпорындарға жеңілдіктердің барлық түрлерін береді, көмек қаржылар мен демеу қаржыларды қамтиды, соның арқасында өндірушілер көп өнім өндіруге және оның бағасын төмендетуге мүмкіндік алады.
Бағаны мемлекеттік реттеу екі негізгі мақсатты көздейді: тауарлардың жекелеген топтарына бағаның өсуін тежеу және өндіріс тиімділігінің өсуін ынталандыру. Баға реттеуінің тиімділігі, ең алдымен, реттеу субъектілері: мемлекет, кәсіпорын-өндірушілер, делдалдар мен тұтынушылардың мүдделерін үйлестіру дәрежесіне байланысты.
Мемлекеттік реттеудің тұтынушылар үшін басты артықшылығы – үкіметтің халықтың әлеуметтік жағдайын ескеруі. Яғни, экономикалық алғышарттарға қарамастан, мемлекет халықтың табиғи монополиялар қызметі үшін ақы төлеу мүмкіндіктеріне үнемі қарайды. Дағдарыс жағдайында мемлекет дағдарыстардың салдарын жеңілдету үшін одан да түбегейлі шаралар қабылдап, тарифтерді әдейі төмендете алады.
...