Мониторингтің мемлекеттік жүйесі, құрылымы және қызметі
Автор: nazerke2000 • Февраль 17, 2021 • Реферат • 1,889 Слов (8 Страниц) • 883 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Химия технология және экология» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Мониторингтің мемлекеттік жүйесі, құрылымы және қызметі.
Орындаған: Шакаримова Н.Б.
Топ: Эл-801
Тексерген: Мурзалимова А.К.
Семей
2021 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Мониторингтің мемлекеттік жүйесі, құрылымы мен қызметі.
2. Мониторингтің деңгейлері, бағыттары, масштабтары, әдістері, принциптері және блоктары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Экологиялық мониторинг – табиғи кұбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» термині «монитор» – сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған, «бақылау» ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Термин 1972 жылы қоршаған орта бойынша БҰҰ Стокгольм конференциясында ресми ғылымға енгізілді. Екі жылдан кейін Кения астанасы Найроби қаласында үкімет арасындағы мониторинг бойынша бірінші кеңес өткізілді. Кеңесте қоршаған ортаның ластануының мониторингіне үш деңгейде – локалды, регионалды және глобалды тұрғыда басты көңіл бөлуге шешім қабылданды.
Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері:
- антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау;
- антропогендік әсер факторларын бақылау;
- антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін процестерді және оның жағдайының өзгеруін бақылау;
- табиғи ортаның физикалык жағдайын бағалау;
- антропогендік факторлар әсерінен табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау.
1. Мониторингтің мемлекеттік жүйесі, құрылымы мен қызметі
Қоршаған ортаны қорғау және дамуы туралы 1987 жылы БҰҰ Брутланд Комиссиясының баяндамасында және Рио-деЖанейрода өткен БҰҰ қоршаған ортаны қорғау және дамуы конференциясының Құжаттарының негізгі қаулысы (1992 ж.) мен басқа да елдердің тұрақты дамудағы ic-әрекеттерін негізге ала отырып Қазақстан өтпелі кезеңде өзінің геополитикалық, демографиялык, табиғи-қорын және климатты ерекшеліктерін, экономикалық және әлеуметтік кезеңге сүйене отырып XX1 ғ. күн тәртібін жасайды.
Тұрақты даму Қазақстан үшін мемлекеттік деңгейде танылған стратегиялық приоритет болып табылады.
Тұрақты даму, қауіпті техногені және табиғи факторлардан қорғау, экологиялық, экономикалық және сауда-саттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, байланысқан, «экономика-табиғат-қоғам» жүйесін қорғайды.
Өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан БҰҰ қоршаған ортаны қорғау және дамуы туралы конференцияның (Рио 92) қорытынды құжаттарына қол қойып, бірнеше рет өзінің экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму идеяларына оң көзқарасын білдірді, «Европа үшін қоршаған орта» процесінің белсенді мүшесі болды, климатты өзгертумен шөлденуге қарсы күрес, биоәртүрлілікті сақтап қалу туралы маңызды халықаралық конвенцияларға қосылды. Киотадағы климаттың глобалды өзгеpici жайлы халықаралық форумда Қазақстан, басқа елдердің көміртекті несиелеудің халықаралық нарығын құру инициативасын қолдады. Қазақстан БҰҰ-ң Тұрақты Даму Комиссиясыньң мүшесі) болды, Орталық Азияның аймақтық экологиялық проблема шешудің белсенді мүшесі болды.
...