Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Макроэкономиканың пәні

Автор:   •  Июнь 12, 2023  •  Лекция  •  29,704 Слов (119 Страниц)  •  212 Просмотры

Страница 1 из 119

1 МАКРОЭКОНОМИКАНЫҢ ПӘНІ МЕН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ

1.1 Макроэкономиканың пәні.

1.2 Макроэкономикалық талдаудың мақсаттары, ерекшеліктері және талдау әдістері.

1.3 Макроэкономика және экономикалық саясат.

1.1 Макроэкономиканың пәні.

Макроэкономиканың пайда болуы мен дамуы үшін үш оқиға себеп болды:

1. XX ғасырдың басынан бастап макродеңгейде статистикалық ақпаратты жинауға ерекше назар аудара бастады. Макроэкономикалық үрдістерді зерттеу үшін қажетті статистикалық ақпарат жинақталды. Уақытаралық және еларалық салыстыруларды жүргізу үшін стандартталған және түгел қамтитын макроэкономикалық бақылауды жүргізуге мүмкіндік беретін ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) әзірленді. Статистиканың дамуы макроэкономиканы зерттеу пәні болып табылатын эмпирикалық заңдылықтардың қатарын анықтауға мүмкіндік берді.

2. Макроэкономиканың пайда болуы үшін экономикалық циклдер теориясы саласындағы зерттеулер маңызды рөл атқарды. Бірінші экономикалық цикл әдетте 1825 жылға жатады (бұған дейін экономикалық даму технологиялық жаңалықтармен байланысты серпіліс болды және әдетте үдемелі сипатқа ие болды). Алайда, бизнес циклдарды түгел қамтитын зерттеу (олардың қазіргі түсінігінде) 1920-шы жылдары басталды.

3. Макроэкономиканың жаңа ғылым ретінде пайда болуы үшін негізгі түрткі 1929-1933 жж. Ұлы депрессия болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін орын алған демократияландыру да маңызды рөл атқарды. Демократиялық үкіметті халықтың өмір сүру деңгейінің апатты құлдырауына алаңдатты және депрессияға қарсы күрестің экономикалық тәсілдерін әзірлеуге мұқтаж етті. 1936 жылы ағылшын экономисі Джон Мейнрад Кейнстің «Жұмыспен қамтудың, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» еңбегінің пайда болуы Ұлы депрессиямен тікелей байланысты болды және макроэкономиканың дербес экономикалық ғылым ретінде пайда болуының негізін құрады.

Макроэкономика жалпы экономиканың қызметін оқитын экономикалық ғылымның саласы. Макроэкономика экономикадағы жиынтық тәртіп (шешімдер қабылдау және оларды жүзеге асыру) туралы ғылым. Макроэкономика – экономикалық субъектердің жалпы тәртібі  туралы ғылым болса, ол негізгі макроэкономикалық субъектердің шешімдер қабылдау және оларды жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттерін зерттейді.    

Негізгі макроэкономикалық субъектілер:

Үй шаруашылығының секторы - елдің ішіндегі жеке тұлғалар, олардың іс-әрекеттері өздерінің тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Үй шаруашылығының іс-әрекеттері:  еңбек нарығында жұмыс күшін сату арқылы табыс алу, оны тұтыну мен жинаққа жұмсау; тауарлар мен қызметтер нарығында дайын өнімдерді сатып алу арқылы тұтыну қажеттілікті қанағаттандыру; қаржы нарығында жинақ жасау, бағалы қағаздар мен жылжымайтын мүлктер сатып алу.

Кәсіпкерлік сектор - елдің ішіндегі заңды тұлғалар, фирмалар. Олар ең алдымен өндірушілер және дайын өнімді сатушылар. Олардың да іс-әрекеттері:   ресурстар, оның ішінде еңбек нарығында сатып алушы, дайын өнімдер мен қызметтерді өндіруші және тауар нарығында оларды сатушы; өндіріс базасын дамытушы немесе инвестиция жасаушы.

Мемлекеттік сектор – барлық мемлекеттік институттар мен мекемелер. Мемлекет экономикалық субьект ретінде қоғамдық игіліктерді өндіруші, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын игіліктерді сатып алушы және қоғамдық маңызды салаларға инвестиция жасайды. Қоғамдық игіліктерді өндіру шығындары мен мемлекеттік қызметкерлерге төлейтін еңбек ақы шығындарын мемлекеттік шығындар деп қарастырады. Сонымен қатар мемлекеттің экономикалық қызметінің бірі Ұлттық банк арқылы ақша ұсынысын қамтамасыз ету. Яғни, мемлекет экономикалық субъект ретінде бюджетті қалыптастырады, қоғамдық игіліктерді өндіру шығындарын өтейді, салық жинайды, ақша ұсынады.

...

Скачать:   txt (424.5 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (1.6 Mb)  
Продолжить читать еще 118 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club