Салық
Автор: Aisulu123456789 • Декабрь 19, 2017 • Реферат • 4,784 Слов (20 Страниц) • 1,985 Просмотры
Қазақ экономика қаржы және халықаралық сауда университеті
Реферат
Тақырыбы:Қазақстан Республикасының бюджет-салық саясаты және оның ерекшеліктерін анықтау
Дайындаған:Сыралиева Рауан Төремұратқызы
Тексерген: Айтқалиева Анар Мауленқызы
Астана 2017
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
ҚР салық жүйесі және оның ерекшеліктерін анықтау
ҚР бюджет саясаты және оның атқаратын қызметтері туралы баяндау
Қорытынды
Кіріспе
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Бюджет-салық саясаты –бұл үкіметтің мемлекеттік бюджеттің кірістерін немесе шығыстарын өзгерту арқылы экономиканы тұрақтандыру мақсатында қолданылатын іс-шара.Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды,төлем балансының тепе-теңдігін және экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.Бюджет -салық саясаты дискрепциялық және дискрепциялық емес деп ажыратылады.
Дискрепциялық бюджет-салық саясаты –үкіметтің,экономиканы тұрақтандыру мақсатында мемлекетті сатып алулар ,трансферттер көлемін ресми заңды өзгерту шаралары.
Дискрепциялық емес бюджет-салық саясаты-үкіметтің арнайы шешімін қабылдауын талап етпей,автоматты тұрақтандырғыштардың механизм негізінде әрекет етеді.
Үкімет бюджет-салық саясатын жүргізу негізінде жиынтық сұранысқа да,жиынтық ұсынысқа да бірдей әсер етеді.Кейнстік бағыт шеңберінде бюджет мультипликаторы ,салық мультипликаторы баланстанған бюджет мультипликаторы сияқты 3мультипликаторды қосу есепке алынады.
Ынталандырушы бюджет-салық саясаты қысқа мерзім ішінде экономикаға циклдік құлдырауда жою мақсатын қояды.Оны жүзеге асыру үшін мемлекет шығындарын өсіріп,салық мөлшерін төмендету арқылы немесе біріктірген құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.Оның құралдары:
-Мемлекетті сатып алуларды көбейту;
-салықтарды азайту;
-трансфорттарды көбейту
Тежеуші бюджет-салық саясаты-экономикадағы циклдік тежеу мақсатында мемлекеттік шараларды төмендету салық мөлшерін жоғарлату немесе біріктірген құрастырма шаралардан құралған іс-қимылдар кешені.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:
- 1. реттеушілік;
- 2. фискалдық;
- 3. қайта бөлу.
Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады. Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық мөлшерлемелері мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған мөлшерлемелер кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық мөлшерлемелері жөнінде мынаны байқауға болады:
...