Бюджеттеудің (смета құрудың) мәні
Автор: ukgi2022 • Февраль 21, 2022 • Лекция • 4,892 Слов (20 Страниц) • 273 Просмотры
10. Бюджеттеу
13.1. Бюджеттеудің (смета құрудың) мәні
[pic 1]
Басқару есебі басқару шешімдерінің тиімділігін алдын ала бағалауға, оңтайлы түрде ресурстарды бөлімшелер арасында бөлуге, кәсіпорынның даму жолдарын белгілеуге және дағдарыс жағдайын болдырмауға қолайлы жағдай туғызатын жоспарлау (бюджеттеу) жүйесіне сүйенеді. Бюджеттеу – бұл кәсіпорынға мақсатты қаржылық нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін басқару технологиясы.
Бизнесті жоспарлау кәсіпорын қайда, қашан, нені және кім үшін өндіретінін, сататынын және қызмет көрсететінін, бұл үшін қандай ресурстар және қандай көлемде қажет болатынын айқын көрсету үшін қажет. Ал бюджеттеу барлық жоспарланған көрсеткіштер мен ресурстардың қаржылық терминдердегі көрінісі болып табылады. Сондықтан бюджеттеудің басты қызметтерінің бірі қаржылық жағдайды жоспарлау болып саналады.
Жоспарлау – кәсіпорынның мақсаттарын болжамдар мен жоспарға айналдыру. Жоспарлаудың басты мағынасы ол жұмыстың тиімділігі мен өнімділігін арттырудан тұрады, ал олар өз кезегінде мыналар арқылы жүзеге асырылады:
- кәсіпорындағы барлық оқиғаларды үйлестіру және мақсатты бағдарлау;
- тәуекелділікті анықтау және олардың деңгейін төмендету;
- бөлшектеу, демек соның арқасында үдерістерді оңайлату;
- өзгеріске бейімдеу, икемділігін арттыру.
Ч.Хорнгрен және Дж.Фостер (2000) бюджетті ақшалай көріністегі сандық жоспар, оның орындалуын бақылау құралы және реттеу әдісі ретінде анықтайды. Дұрыс ұйымдастырылған басқару жүйесінде бюджеттер келесі мақсаттар үшін қолданылады:
- жоспарлау;
- орындалуын бағалау;
- үйлестіру;
- байланысты орнату.
Бюджеттеу – бұл кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері немесе қызмет салалары бойынша бөлек бюджеттерді дайындау үдерісі болып саналатын жоспарлаудың тәптіштелген деңгейі. Бюджеттеу бере алатынның ең маңыздысы – бұл кәсіпорын қызметінің барлық жақтарын үйлестіру.
Бюджет – бұл бөлімшелердің және кәсіпорынның қызметін толығымен сандық көріністе көрсететін жоспарлы көрсеткіштер. «Бюджет» термині «смета» және «жоспар» терминдеріне жақын ұғым, сондықтан оларды кейде синонимдер ретінде пайдаланады.
К. Друри (1998) жылдық жоспарлауды сметаны құру деп атайды және кәсіпорындағы жоспарлаудың және шешімдерді қабылдаудың жалпы жүйесіндегі орнын анықтайды (1.5 сурет).
Жоспарлау үдерісі жиынтықта: миссия, корпоративтік мақсаттар және жеке мақсаттар сатылы құрылымын құратын кәсіпорынның мақсаттарын анықтаудан басталады.
Миссия кең көлемдегі мақсат ретінде кәсіпорынның арналымын, бизнес мәнін және оның өнімін негізгі тұтынушыларын жалпылай түсіндіреді. Миссиядан айырмашылығы, мақсат әдетте, кәсіпорынмен жетуге тиісті, нақты нәтижені көрсетеді. Корпоративті мақсаттар жалпы кәсіпорынға қатысты, әдетте ақшалай көрсеткіштермен бейнеленеді. Оған мысалы, өнімді сатудан талап етілетін пайда не түсім көлемі, пайдаланылған капиталға түсім көлемі, нарықтық үлестің өсу қарқыны және т.с.с. қаржылық көрсеткіштер енуі мүмкін. Әдетте, корпоративтік мақсаттар, кәсіпорынның директорлар мүшелерімен тұжырымдалады. Ары қарай корпоративтік мақсаттар өнімнің ассортиментін таңдау, нарықты сегменттерге бөлу, тұтынушыларға қызмет көрсету және т.с.с. ұсақ мақсаттарға бөлінеді. Бұдан басқа, кәсіпорынның түрлі функционалдық бөлімшелері үшін де жеке мақсаттарды көрсету қажет. Әдетте, корпоративтік мақсаттар жалпы кәсіпорын деңгейінде бекітіліп, кейіннен нақты бөлімдер үшін міндет болып келетін жеке мақсаттарға түрленеді.
Мақсаттарға жету баламалы стратегияның нысанын қабылдайтын іс әрекеттердің мүмкін болатын нұсқаларын дайындау негізінде жүргізіледі. Алдын-ала SWOT-талдауды жүргізу басшыларға ағымдағы жағдай, оның күшті және әлсіз жақтары, әлеуетті мүмкіндіктері мен тәуекелдіктері туралы жан-жақты көрінісін алуға мүмкіндік береді.
1.4-бөлімшеде айтылғандай, М.Портер (1993) кәсіпорын пайдалана алатын үлгілік стратегиялардың үш түрін бөліп қарастырады:
- кәсіпорын өз саласында ең аз шығындарға ие қатысушысы болуға ұмтылған кезде, шығындар бойынша жетекшілік (көшбасшылық);
...