«Алем Принт» ЖШС-нің ақпараттық жүйесін құруда алиастан пайдалану технологиясы
Автор: Molya Do • Май 18, 2020 • Курсовая работа • 5,207 Слов (21 Страниц) • 494 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ……………………………………………………………………………..3
1 Диплом алды іс-тәжірибенің мазмұны ……………………………………......5
2 С++ Buildеr программалау тілі………………………………………………..10
2.1 С++ Buildеr бағдарламасына жалпы шолу ………………………………...10
2.2 Ақпараттық жүйе және деректер қорының негізгі ұғымдары …………...16
2.3 Деректер қорын ұйымдастырудың теориясы ……………………………..19
3 «Алем Принт» ЖШС-нің ақпараттық жүйесін құруда алиастан пайдалану технологиясы ……………………………………………………………………23
3.1 Программа модульдерінің сипаттамасы …………………………………..23
3.2 Программа интерфейсінің сипаттамасы …………………………………...25
3.3 Программа қосымшасы …………………………………………….……….27
Қорытынды ……………………………………………………………………...34
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………………..35
КІРІСПЕ
Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады. Студенттердің өндірістік іс-тәжірибесі жоғары білімді маман даярлаудың маңызыды бөлімі болып табылады. Өндірістік іс-тәжірибе мақсаты оқу процесінде алған білімді тереңдетіп, нығайтып, бекіту және тәжірибе жинақтау болып табылады. Тәжірибе – жинаған деректерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол.
ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген, барлық жұмыс орындарында ақпаратпен және өңдеуді арнайы бағдарламалар көмегімен іске асырамыз. Осыдан он жыл алдын қажетті бағдарлама жазу үшін оның интерфейсін құру үшін сағаттап код жазу программистердің уақытын алатын, қазірде сол жұмысты жеңілдету мақсатында объектіге бағытталған бағдарламалау тілдері қолданылады.
Объектіге бағытталған программалауды жүзеге асыратын программалау орталарына Visual Basic, C++ Builder және т.б. жатады. ОБП-дың мағынасы мынада: программаның құрамындағы көптеген элементтер, программаға тұтастай қойылатын және программистің басқаруына ыңғайланған белгілі бір объектілер ретінде қарастырылады. Бұл объектілердің инкапсуляция, қабылдаушылық және полиморфизм принциптеріне негізделген ерекше қасиеттері, әдістері және әрекеттері болады. Объектіге бағдарланған программалаудың негізін құрайтын да осы инкапсуляция, қабылдаушылық және полиморфизм принциптері.
Диплом жұмыс тақырыбы: «Алем Принт» ЖШС-нің ақпараттық жүйесін құруда алиастан пайдалану технологиясы.
Диплом жұмыс мақсаты: С++ Buildеr 6 тілінің программалау технологиясын меңгере отырып, деректер қорымен байланысқан «Алем Принт» ЖШС-нің ақпараттық жүйесін құрып, алиас технологиясын қамтып өту.
Дипломдық жұмыс міндеті:
- С++ тілі туралы жалпы деректермен танысу.
- Деректер қорын ұйымдастыру теориясымен танысу.
- Ақпараттық-анықтамалық жүйе құрастыру құралдарымен танысу.
- Бағдарламаны визуалды жобалау құралдарымен танысу.
- С++ Buildеr 6 тілінде «Алем Принт» ЖШС-нің ақпараттық жүйесін құру.
- Программа интерфейсін сипаттау.
Диплом жұмысында бірінші бөлімінде С++ Buildеr 6 тілі туралы, бағдарламаны әзірлеу туралы деректерге және объектілі-бағытталған программалау қағидалары мен негізгі ұғымдары және деректер қорын құрудың теориясы асуы туралы деректер келтіріледі. Екінші бөлімінде деректер қорын құруды жүзеге асыру және осыған қолданылатын C++ Builder объектіге бағытталған бағдарламалау тілі туралы деректер қарастырылған.
...