Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тереңдетілген аудиттің компонеттері, принциптері және тұжырымдамалары

Автор:   •  Май 20, 2018  •  Реферат  •  1,878 Слов (8 Страниц)  •  1,271 Просмотры

Страница 1 из 8

ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ МЕН ТЕРЕҢДЕТІЛГЕН АУДИТТІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

7.1 Тереңдетілген аудиттің компонеттері, принциптері және тұжырымдамалары

7.2 Ішкі бақылаудың постулаттары, стандарттары және нормалары

7.3 Аудиттің халықаралық стандарттары және ілеспе қызмет көрсету

7.4 Бақылау шараларын жоспарлау

7.5 Мақсат қою және бақылау тапсырмасы

7.1. Тереңдетілген аудиттің компонеттері, принциптері және тұжырымдамалары

Қаржылық бақылау мен тереңдетілген аудит теориясы мына негізгі элементтерден тұрады: компонеттері, принциптері, тұжырымдамалары, постулаттары, стандарттары және нормалары. Осы оқулықты қаржылық бақылау мен тереңдетілген аудиттің негізгі элементтерінің алғашқы үшеуін қарастырамыз. Жалпы бақылау-аудиторлық анықтамасында алты компонеттері қарастыруға болады:

Бірінші компонент  бұл экономикалық объект. Бақылауаудиторлық қызметтің қажетті арты оның шектеулері туралы білу болып табылады. Олар белгілі бір уақыт аралығында нақты шаруашылық субъектінің параметрлерімен анықталады, мысалы, компанияның жылдық есеп беру кезіндегі бақылау және аудит кезінде, сонымен қатар экономикалық объект болып табылмайтынаудиттің ақпаратталған жүйесі кезінде анықталады.

Екінші компонент – өндірістік жағдай және ақпарат. Бақылау мен аудиттің көптеген түрлері шаруашылық субъектінің басшысымен дайындалған ақпаратты бағалайды. Тексерушілер сол ақпараттың дұрыстығын талдайды. Оның тапсырмасына есеп беру ғана емес, сонымен қатар ақпаратпен алмасу жатады.

Үішнші компонент – бұл бақылауды тудыратын маманның дәрежесі. Тексеруші ең алдымен өзінің жұмысында құзыретті маман болуы керек, яғни сәйкес фактілерді (материалдарды) жинай білу және критерийлерін түсіну, осы фактілердің негізін бағалай білу керек. Тексерушіден өзінің қызметі кезінде өзін-өзі ұстау талап етіледі.

Бақылаудың төртінші коспонентіне техникалық жоспарлаудағы бақылау-аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны болатын фактілердің (материалдардың) жинағы мен  бағасы қызмет етеді. Ешқандай аудиторлық есеп беру және ревизиялық акт фактілерсіз (материалсыз) бақылау жүргізудің нәтижесі бола алмайды.

Бесінші компонент, аудиттің немесе ревизияның заты туралы жұмыс істеген, не ақпараттандырылған, жиналған фактілердің (материалдардың) негізінде құрылған критерийлер жатады. Бұл фактілер (материалдар) стандарттармен немесе жалпы қабылданған критерийлер бағаланады.

Бақылаудың алтыншы компоненті, бақылау-аудиторлық қызметінде ревизия актісін немесе аудиторлық есеп беруін құрастыру болып табылады. Шаруашылық субъектінің қызметіндегі ескертулер арқылы тексеруші тексеру жағдайын ақпараттайды.

Өзінің қызметінде бақылаушы мына негізгі принциптерді алдына қою керек: шындық, мамандық. Құзыреттілік, құпиялылық, тәуелсіздік, бірлестік, ғылымилылық, нақтылық, толықтылық, жариялылық, демократиялық және т.б.  

Тұжырымдамалар бақылау-аудиторлық іс теориясының бағыттарын анықтауға көмектеседі.Тұжырымдар ішінен ең негізгілерін қарастырайық:

  1. Тәртіп этикасы, жалпы барлық адамдардың этикасынан басқа, арнайы аудиторлық ережелерін белгілейді (мыс, кәсіптік бухгалтерлер және аудиторлар этикасының Кодексі).
  2. Тәуелсіздік, ең алдымен шындықты білдіреді. Әр бір аудитор және бақылаушы өздерінің ойларын өздері құрастыруға міндетті және оларға ештеме әсер етпеуә керек.
  3. Кәсіптілік. Бақылаушы құзіретті, кәсіптенген және көрнекті ойлы болуы керек.
  4. Дәлелділік. Тексеруші шешім қабылдауға логикалық басза құру үшін, керек материалдарды жинап, оларды бағалау керек.
  5. Нақтылықты ұсыну. Баламалалықты ашылуы және ақпаратты ұсыну, толық бір мағынада ереже ретінде қарастырылатын бақылау-аудиторлық стандарттарына қызмет етеді.

7.2 ішкі бақылауды постулаттары, стандартты және нормалары.

Бақылау-аудиторлық іс теориясын зерттегенде ең бір негізгі мәселе олардың пастулаттары болып табылады.

Кең мағынада постулаттар дегеніміз – басқалар дұрыс дәлелдемегенше, шындық деп қабылданатын аксиомалық жағдай. Дж. Робертсон мынадай анықтама ұсынды: «Постулаттар – бұл қызметтің бағытын белгілейтін тұрақты (фундаментальный) аксиомалық бекіту». Постулаттардың көмегімен бақылау-аудиторлық стандарттарының мазмұны ашылады. (36. 16 бет).

...

Скачать:   txt (30.6 Kb)   pdf (158.7 Kb)   docx (23.9 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club