Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әйелдер киімін модельдеу және көркемдік безендіру принциптері

Автор:   •  Январь 23, 2021  •  Лекция  •  1,151 Слов (5 Страниц)  •  1,474 Просмотры

Страница 1 из 5

Лекция-1

Тақырыбы:Әйелдер киімін модельдеу және көркемдік безендіру принциптері

Сән үлгісінің әсерінен қазіргі өнер саласы сияқтыбүгінгі костюм үлгісі де әр түрлі көркем-бейнелілік бағытымен сипатталады. Стиль мен сән өзара байланысты, дегенмен стиль анағұрлым тұрақты белгі (критерий)ретінде маңызды болады.

ХХ ғасырда нақты қалыптасып, бекіген киім үлгісіндегі стильдік бағыт XXI ғасырда да өзінің манызын жоғалтқан жоқ. Бұлар - классикалық, романтикалық,спорттық және фольклорлық стильдер. Бұлардың барлығының да алдыңғы дәуір кезеңінің тарихи көркемдікстилінен айырмашылығы - негізінен, костюмнің функционалдығы мен мақсатында.

Сән ағымының өзгеруіне қарамастан, алдыңғы айтылған стильдер өткен жүз жылдықтың барлық кезеңіндеқолданылды, сондықтан оларды дәстүрлі стильдер депатауға негіз бар.

Сән үлгісінің негізіне классикалық стиль алынады(бұл стильді «ағылшын стилі» деп те атайды, себебі олАнглияда пайда болған). Бұл стильдің киімі кең тарағанжәне ол сапасы жағынан ең төзімді әрі асыл матадантабиғи жүннен, жібектен, зығырдан, сондай-ақ араласжәне табиғи тәріздес жасанды матадан жасалады.

Классикалық стиль сырбаз-кербезділігімен, композициялық сызықтарының қарапайымдылығымен, ықшам пішімі мен, қарапайым шешімімен сипатталада. Бұл киім үлгісінде барлығы да қолданылуына сәйкес рационалды түрде құрылады. Классикалық стильдің киім пропорциясы адамның дене бітімінің табиғи пропорциясына сәйкес келеді. Киім пішінінің негізгі сызықтары дене бітімінің табиғи бөлінетін жерінен өтеді, яғни жең не қолтық ойындысы қолдың иықпен бірге бөлінген жерінен өтеді, мойын ойындысы сызығы мойынның денемен қосылған жерінен өтеді, мықын сызығы мықынмен сәйкес келеді. Бұл стильдегі киім көзге бірден шалынбайды, матасының сапасымен және тігілу сапасымен қызықтырады. Классикалық стильді қарапайым әрі ашық емес түсті тегіс маталарды (жүнді жұқа шайы кездеме (креп) , жұқа габарин , фланель , мақта , зығыр мата ) қажет етеді : бұл маталардағы  өрнектер –тар жолақты , тор көзді (клеткалы)  , ұсақ фонды суреттер .

Классикалық стиль «Бәрі бар , бірақ артық ештеңе жоқ » деген ұранға сүйенеді .Бұл стильде ешқандай артық нәрсе , функционалды емес бөлшектер болмайды . Ол сәннен тыс нәрсе сияқты : әшекейлер өте шектеулі мөлшерде қолданылады , сәнге табынушылар талғаммен киініп , әрі әрқашан сыпайы да қарапайым киініп өз бағытынан таймайды .

Классикалық түрдегі әйелдердің гардеробы мынадай: қынама силуэттегі шалбарлы немесе белдемшелі костюм, тік немесе дөңгелек пішіндегі қайырма жағалы немесе шәлі жағалы ағылшын стиліндегі бешпінт. Бешпенттің ұзындығы белдемше ұзындығы сияқты сән үлгісіне байланысты, түрін өзгертеді. Бірақ еш уақытта белдемше ұзындығы не өте қысқа, не өте ұзын болмайды, көбіне тізеге дейін, не тізеден сәл жоғары немесе сәл төмен болады. Классикалық стильде әрқашан Шанель костюмынің орыны бөлек: твид матасынан жасалған жекет, үлкен түймелі, қақпақшалы қалталы, баумен жиектелген лацкансыз жеке-джерси немесе букледен жасалынған тізеден төмен келетін белдемше. Шалбары - тік, кең емес, жіңішке қырлы, төменгі жағы аздап тарылған. Әйел жейдесі ерлер жейдесі мен пішімдес, қайырма жағалы, ағылшын жағалы немесе мойындық ойындысы бар жағасыз болып келеді. Туфлиі - қайық тәріздес (кейде өкшесі ашық болады), тақасы орташа, ашық емес түсті, табиғи былғарыдан жасалады. Сән өзгерісі матаға, оның түсінің құбылуына, бояуына, әшекейіне байланысты болады.

Классика сәнді пішіндерді, әрлеп-өңдеуде, аксессуарларында онша көп түрлене қоймайды. Сән күрт өзгерістерді енгізбейді, дегенмен де, иық қалпының ені дене бітіміне тығыз болып қонымдылыққа қарай өзгеруі мүмкін,әрине, пайдаланған матада, өңдеу бөлшектерінің пішінінде, бәрінен бұрын - пиджактың лацкандарындаөзгерістер болады.

Классикалық стильдегі киімге шағын өлшемдегі жағажәне лацканы бар пальто, жартылай қынама силуэттегікөйлек, костюмдер жатады. Бұлар редингот" киімі немесе "ағылшын" стиліндегі киім деп аталған. Жартылай қынама киімдер классикалық болып саналады,өйткені кез келген дене бітімдегі әйелге не еркеккесәйкес келеді, әрі кез келген бағыттағы сән үлгісіндесәндік киім боп саналады. Классикалық стильдегі киімұстамдылықты сипаттайды және іскер, салтанатты жағдайда киілетін киім үлгісі ретінде пайдаланылады.

...

Скачать:   txt (16.5 Kb)   pdf (125.4 Kb)   docx (11.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club