Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Таргет костинг және кайзен костинг әдістері

Автор:   •  Апрель 16, 2018  •  Реферат  •  869 Слов (4 Страниц)  •  1,094 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазіргі нарық жағдайында кез келген фирманың қызметінің басты максаты – пайданы максималдау. Егер кәсіпорын динамикалық түрде дамып, жетілгісі келсе, онда бәсекеге қабілетті тауарлар шығарумен айналысуы керек. Ол үшін өндірушінің бастапқы міндеті – өнімнің өзіндік құнын минималдау керек. Көп жағдайда кәсіпорындар үшін шығындарды қысқарту мәселесі туралы түсінік өнім өңделіп және өндіріске жіберіліп қойғаннан кейін толғандыра бастайды. Тек сол кезде ғана өнім табысты болу үшін өзіндік құнының тым жоғары екендігі байқалады. Сондықтан келесідей сұрақтар туындайды: Неліктен мұндай қателіктер болады? Олардың алдын алу жолдары бар ма?

Бұл сұрақтарға нақты жауап бергендер өндірістік менеджмент және басқару есебінің жапондық мамандары болды. Олар ХХ-ғасырдың 60-жылдарының өзінде-ақ мақсаттық өзіндік құндыбасқару концепциясы – таргет-костинг жүйесі мен өнімді өндіру кеезеңінде калькуляциялаудың кайзен-костинг әдістеріне сүйене отырып, бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге болады.

Таргет-костинг жүйесі Жапонияда ХХ-ғасырдың 60-жылдары пайда болып 80-жылдары АҚШ тәжірибесінде кең қолданыс тапты. Бүгінгі күнді, әсірісе, инновациялық салада (автомобиль құрастыру, машина құрастыратын салаларда, электроника, компьютерлік және сандық технологиялар) және қызмет көрсеті сферасында жұмыс жасайтын компанияларды қолданылып келеді. Бұл жүйенің ең көп қолданылған аймағы Жапония (Toyota, Nissan, Sony, Canon, NEC), Америка және Еуропада (Generel Electrik, Caterpillar, Procter&Gamble). Қазақстанда бұл жүйенің таралмау себебі эконмикалық тұрақсыздықтың және басқару персоналының ойлау жүйесінің дәстүрлі әдістерін қолданумен ғана шектелуімен түсіндіріледі. Таргет-костинг жүйесі келесідей қағидаларға негізделген:

  • Өзіндік құнды есептеуді нарықтық факторлврды ескере отырып жүргізу;
  • Басқару есебі мен маркетингтік тығыз байланысы;
  • Өндіріс сатысынан өңдеу сатысының жоғары тұруы;
  • Өзіндік құнды төмендетуде барлық қол жеткізілетін әдістерді пайдалану;
  • Тек мақсатты өзіндік құн алынатын бұйымдарды ғана өндіру.

Шығындарды басқарудың таргет-костинг (мақсатты өзіндік құн) концепциясы көп жағдайда жаңа өнімді жобалау немесе ескі өнімді модернизациялау сатысында қолданылады және келесідей қадамдарды орындауды талап етеді:

  • Тұтынушылар  сатып алуға дайын жаңа өнім бағасын анықтау;
  • Өзіндік құн мен пайданың мақсатты мағынасын анықтау;
  • Нақты өзіндік құн есебін жүргізу;
  • Мақсатты өзіндік құн мен нақты өзіндік құнды салыстыру және нақты шығындарды белгіленгенге дейін төмендетуге мүмкіндік беретін іс-шараларды әзірлеу.

Таргет-костинг идеясының негізінде мақсатты өзіндік құн анықталады және оны есептеу үшін келесідей формула қолданылады:

Өзіндік құн=Баға – Пайда, мұндағы:

Баға – бұл маркетингтік зерттеулердің көмегімен нықталатын өнімнің (қызметтің) нарықтық бағасы. Пайда – осы өнімді (қызметті) сатудан алынатын мақсатты пайда көлемі.

Таргет-костинг әдісі бойынша өзіндік құн – нарыққа бәсекелес өнім ұсыну үшін компанияныңұмтылуға тиісті нормативтер бойынша алдын-ала есептелген көрсеткіш ретінде қарастырылады. Сондықтан таргет-костингтің міндеті – мақсатты өзіндік құнды сметалыө өзіндік құнға теңестіру.

Жапонияда пайда болған таргет-костинг жүйесінің өндірістегі тікелей жалғасы болып табылатын кайзен-костинг (жапон тілінен аударғанда «аз қадаммен жетілу») әдісі дегеніміз – бұл өнімді өндіру сатысында шығындарды біртіндеп төмендету процесі. «Kaizen» сөзі кең мағынада әртүрлі сферадағы адам қызметін жетілдіру дегенді білдіреді. Бизнеске қатысты  Kaizen – бизнестің сапасын үнемі жетілдіріп отырудың философиясы. Менеджментке қтысты кайзен қызметтің келесідей сфераларын қамтиды:

  • Шығындарды, соның ішінде сәйкессіз бағаларды қысқарту;
  • Өндірістік тасымаларды минималды күш салумен орындау;
  • Ырғақтылық көлемі мен сапаға сай жеткізілім тәртібін сақтап ортыру;
  • Жұмыс орнындағы қауіпсіздік;
  • Жинақталған тәжірибе, мәселелер мен кемшіліктерді ескере отырып жаңа өнімді өндіру;
  • Жабдықтаушыларды басқару;
  • Функцияаралық менеджмент;
  • Сапаны құрылымдау.

Кайзен-костинг жүйесінің негізгі қызметі – жекелеген шығындар статьясы бойынша өнімнің есептік және нақты өзіндік құндары арасындағы айырмашылықты минималдау. Жапондық автоөндірушілердің жобалауы бойынша, шығындарды төмендетуде негізінен айнымалы шығындарға, соның ішінде негізгі материалдық және еңбек шығындарына көп көңіл бөлу керек. Алайда өндірістік емес бөлімде кайзен-шығындардың мақсатты деңгейі тұрақты шығындарға бекітіледі. Мұндай бөлімдерге басты кеңсе, ғылыми-зерттеу бөлімі және сату бөлімі кіреді.

...

Скачать:   txt (13.8 Kb)   pdf (169.3 Kb)   docx (167 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club