Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақша қаражаттарының есебінің теориялық негіздері

Автор:   •  Март 24, 2019  •  Реферат  •  826 Слов (4 Страниц)  •  799 Просмотры

Страница 1 из 4

1. Ақша қаражаттарының есебінің теориялық негіздері

1.1 Ақша қаражаттарның есебі, ұғымы және маңызы

1.2 Мемлекеттік ұйымдардағы ақша қаражаты

1.3 Бухгалтерлік есептің мақсаты, әдістері,пайдаланушылары

     Ақша қаражатын басқару қаржы нарығындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін ұйымнан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақша қаражаты мен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен жіктеу компанияның өтімділігін бағалау үшін қажет.

    «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп » ҚЕХС 7 бухгалтерлік есеп стандарттарына ақшалай қаражат кассадағы және банктегі шоттардағы қолма-қол ақша ретінде анықталады. Ақша қаражаты қозғалысы – олардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.

    «Ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп» ҚЕХС-ке сәйкес, ақша қаражатына қолма-қол ақшамен талап етілгенге дейінгі салымдар  кіреді.

    Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін рәсімдеу үшін қолмен өңделгенде де, компьютерде өңделгенде де ақпарат қолданылады. Кассалық кіріс ордерін бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәландырады, кассалық кіріс және шығыс құжаттар тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсырушының қолына беріледі, ал ордер кассада қалады.

    Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін рәсімдеу үшін қолмен өңделгенде де, компьютерде өңделген де ақпарат қолданылады. Бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер мен ұйым басшысы немесе соған өкілетті тұлға қол қояды, кассалық кіріс және шығыс құжаттар тіркеу журналында тіркеледі.

    Ақша қаражаттарының  қозғалысы есебі компанияның барлық ақшалай кірістерін және олардың есепті кезеңде пайдаланылуын қамтиды. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат компанияның ақша жасауға мүмкіндіктерін сараптауға көмектеседі, яғни, түрлі ұйымдардың мүмкіндіктерін салыстырмалы түрде қарап отыруға жағдай жасалады және ұқсас операцияларда әртүрлі әдістер пайдаланудың алдын алады. Алдыңғы жылдардың есептері болашақ жылдардан қандай мүмкіндіктерді күтуге болатынын байқатты. Сонымен қатар ақша қаражаттарының болашақтағы ағымын  анықтау болжамдардың нақтылығын көрсетеді, пайдалылық және таза ақша ағымы бағалық өзгерістер арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді.

    Қаржылық қызмет – бұл қызмет нәтижесінде компанияның өзіндік капиталы, несиелер және берешектер көлемі өзгереді. Қаржылық қызметтен туындаған ақша ағымдарын жеке қарастыру сырттан компанияға ақша құятындардың ақша талаптарын болжау үшін керек.

     Ақша қаражаттарның қозғалысы туралы есепті операциялық қызметтен тудыратын ақша ағымдары бөлімінде мыналарды пайдалану керек:

а) Тікелей әдіс, бұған сәйкес жалпы кіріс пен жалпы төлемдердің негізгі сыныптары – ақпараттар ашылады;

б) жанама әдіске сәйкес таза табыс ақшалай емес операциялар, бұрынғы операциялық қызметтен туындаған кірістерден жинақталған сомалар.

1.2 Экономистер ортасында «қаржылық жағдай» түсінігін анықтау сұрақтары бойынша бірдей көзқарас жоқ. Қаржылық жағдай туралы келесі пікірлер бар:

  -  қаржы ресурстарының бар екенін, орналасуын және пайдаланылуын көрсететін көрсеткіштер жиынтығы;

  - ұйымдардың шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілуі немесе қамтамасыз етілмеуі;

  -    ұйымның жағдайы бойынша белгілі бір күнге өзінің қызметін қаржыландыру қабілеттілігін көрсететін экономикалық категория;

  -  төлемқабілеттіктің, несиеқабілеттіліктің сипаттамасы, қаржы ресурстары және капиталды пайдалану, мемлекет және шаруашылық субъектілері алдында міндеттемелерді орындау;

...

Скачать:   txt (12.1 Kb)   pdf (54.5 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club